ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Мемлекеттік қызмет – құрметті міндет»

Семинар- жиналысы

2009 жылдың 18 қарашасында әкім аппаратының мәжіліс залында әкім аппараты мен дербес бөлімдердің бастықтары мен қызметкерлерінің қатысуымен семинар-жиналысы өтті. Семинар-жиналысы қала әкімінің міндетін атқарушы Н.Дүйсембаевтың төрағалығымен өтті. Н.Дүйсембаев ағымдағы жылдың 20 қазанында Қарағанды облысы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі мен облыс әкім аппаратының бірлесіп өткізген семинар-жиналысында мемлекеттік қызмет саясаты: іске асыру механизмі мен артықшылығы туралы қарастырылған мәселені айтып өтті. Семинар-жиналысының күн тәртібінде 3 мәселе қарастырылды.
1. Заңды және жеке тұлғалардың өтініш-шағымдарын бірыңғай есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бағдарламасымен қамтамасыз ету туралы кеңсе-құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы А.Медетбекова өз баяндамасында азаматтардың өтініш-шағымдарын базаға енгізу барысында анықталған кемшіліктерді айта келе сол  кемшіліктерді болдырмау негізінде слайд арқылы толық түсініктеме беріп, әрбір бөлім басшысына нұсқаулықтар таратты.
2. Мемлекеттік қызмет саясаты: іске асыру механизмі мен артықшылығы туралы, кадр жұмысы бойынша конкурстық және аттестациялық комиссиялардың жұмысы ұйымдастыру жұмысы және кадр қызметі бөлімінің бастығы А.Рахимбаеваның баяндамасы тыңдалып, кадр жұмысы мен аттестациялық және конкурстық комиссия жұмысына толық тоқталып өтті. Комиссия жұмыстарында кездесетін кемшіліктерді айтып, слайд арқылы қажетті көрнекі материалдарды көрсетті. Әрбір бөлім басшысына қажетті материалдарды таратты.
3. Қазақстан  Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына түсініктеме беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімдердің бағдарламасының жасалуында жіберілген кемшіліктерді түсіндіре келе мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы Е.Дәрібеков «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды бөлімдерде анықталған кемшіліктерді мысал ретінде талқылап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімдердің бағдарламасының жасалуында  жіберілген кемшіліктерді рет-ретімен атап өтті.
Қала әкімінің м.а. Наркен Дүйсембаев семинар-жиналысының соңында жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты әкім аппараты мен бөлім басшыларына кемшіліктерді жою, өз жұмыстарында қателіктер жібермеуді тапсырды.

 

Приозерск қаласының әкім аппараты


Ашық есік күні

Өткен аптада Приозерск қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қарағанды облысы  бойынша басқарма бастығының орынбасары Қ.Тоқышев пен кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Г.Ахметованың қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті.   
Күннің бірінші жартысында мемлекеттік қызметкерлерді қабылдап, кадр  жұмыстары бойынша методикалық көмектер көрсетіп, ескертулер мен түзетулер жасады.
Күннің екінші жартысында басқарма өкілдері мен қаланың мемлекеттік қызметкерлері арасында  кеңейтілген кездесу өткізілді. Кездесуде Қ.Тоқышев мемлекет органдарының кадр бөлімінің құжаттарының дұрыс орындалуын және мемлекеттік қызметке тағайындау, ауысу ретімен тағайындау, бос мемлекеттік қызмет орындарын сұрауда құжаттардың дұрыс рәсімделуіне аса көңіл бөлуді талап етті. Аттестация өткізу тәртібі, аттестацияның өткізілуін хабарлау, қызметтік мінездемемен таныстыру, аттестация комиссиясының шешімін мемлекеттік орган басшылығымен бекіту уақыты түсіндірілді.
Кездесу барысында Қ.Тоқышев мемлекеттік органдардың қайта құрылуына байланысты мемлекеттік қызметкерлердің қойған сұрақтарына толық қанағаттанарлықтай жауап берді.
Осы кездесу жергілікті мемлекеттік қызметшілер үшін де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма өкілдеріне  де пайдалы екені сөзсіз. Сондықтан да Приозерск қаласының  мемлекеттік қызметшілері осындай кездесулерді жылда ұйымдастыру туралы тілек білдірді.

 «Приозерск қаласының мәдениет және
 тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы А.Ахатаева
«Арна» газетінің  №9 /082/, 2009 жылдың 30 қыркүйек


Қазақстандық мазмұн - отандық тауарөндірушілерді қолдау

Қазақстандық мазмұн ол отандық тауарөндірушілерді қолдау және дағдарысқа қарсы шара. Қазақстан әлемдік қаржылық тұрақсыздық жағдайында дағдарысқа қарсы шұғыл шара жасауда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Дағдарыстан -Дамуға» атты жолдауында дағдарысқа қарсы басты бағытардың бірі ретінде отандық тауар өндірушілерді қолдау саясатын белгілеп берді.
Ел Үкіметінің жасаған жол картасына сәйкес отандық тауар және қызмет өндірушілерді қолдау, қазақстандық мазмұнды жоғарлату жолымен іске асырылуда. Ол үшін басты  мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, сонымен қатар отандық тауар өндірушілердің ірі ұлттық компаниялар тапсырыстарын және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда, жергілікті қатысу үлесін ұлғайту  жоспарланған. Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасына сәйкес отандық тауар өндірушілерді қолдау принциптері жасалып, қазіргі уақытта ұлттық компаниялармен белсенді қолданылуда және отандық жеткізіп берушілерге  келесі шаралар қарастырылған:
1. Отандық тауар өндірушілерге жеңілдіктер, сонымен қатар конкурстар өткізуге өзара ерекше мүмкіндік беру.
2. Шет елдік жеткізіп берушілермен жеткізіліп берілген жабдықтарға жинау, жөндеу және қызмет көрсетулер Қазақстан территориясында ұйымдастырылған жағдайда жеңілдіктер  беру.
3. Кіші және орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі  тауар өндірушілердің мүгедектер ұйымдарының сатып алуына  тікелей қатысуын қолдау.
4. Сатып алу тәртібінде делдалдардың қатысуын азайтуда қосымша тосқауылдар  қарастырылған – шартты бағаны көтеруді қолдану. 
5. «Қазақстандық мазмұн» деген ендірілген ұғым отандық тауар өндірушілермен жасасқан шарттардың барлық соммасының есебі ғана  емес,    оған импортқа шығарылатын тауарлар және материалдарда түсуі мүмкін, яғни қазақстандық резиденттердің еңбегін төлеу шығындарының және  отандық тауар өндірушілердің құндық бағасының бір бөлігі секілді. Сонымен қатар әлеуетті жеткізіп берушілердің балама тендірлік арыздарын салыстырғанда шартты жеңілдіктер беру. Қазақстандық  мазмұнның нақты үлесін есептеу үшін бірыңғай есептеу әдісі жасалған. «Қазақстандық мазмұн» деген ұғымды ендіру ұлттық компанияларды сатып алудағы жергілікті еңбек ресурстарының еңбегін төлеуге және отандық тауар өндірушілердің  тауар үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
6. Заңнамада отандық тауар өндірушілердің мәртебесін айқындайтын жұмыс істеп тұрған механизмнің  болмауынан, конкурстардың айқындығын  және жариялылығын көтеру мақсатында отандық  тауар өндірушілер және  олармен өндірілген таурларға сәйкес мәртебесін дәлелдеуде тізілім жасау қарастырылуда.
7. Отандық  тауар өндірушілерден ұзақ мерзімді шартпен тәжерибиелі - өнеркәсіптік үлгіні сатып алған жағдайда, тікелей сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Көрсетілген қағидаттарды  қолдаудан басқа ұлттық компаниялардағы  сатып алуда қазақстандық мазмұнды  бақылау және маниторинг жасауда анық жоспарлау жүйесі енгізілетін болады. Әр компанияның жылдық сатып алу  көлемінде қазақстандық мазмұн  үлесінің мақсатты  көрсеткіштері бекітіледі.   Ұлттық компаниялар  әр жарты жылдықта қазақстандық мазмұн туралы  есеп беруге міндетті болады, соның ішінде оларды  «Қазақстандық келісімшарт агентігі» АҚ-ның маниторинг жүйесіне толықтай тарту.
Қазақстандық мазмұнның  дамуы  тек  мемлекеттік органдармен және ұлттық компанияларының сатып алуымен шектеліп қана қалмайды. Бұл саясат сонымен қатар қазақстандық мазмұнды дамытуда серіктестермен басты мердігерлерге шарт қою арқылы, ірі инвестициялық жобаларды  жүзеге асыруда да  қолданылатын болады.
Қазақстандық мазмұнның даму ықпалын қолға алуда, мемлекет Қазақстанның салалы ассоциясы және жеке секторының симметриялық белсенділігіне сенім артып отыр. Түгелдей, әлемдегі экономикалық жағдайды ескере отырып, көптеген елдер секілді, еркін кәсіпкерліктің бүрынғы формасы  қашанда  тиімді бола бермейтіндігіне, көз жеткізгенде, өз дерінің экономикасында мемлекет рөлін арттыруды алға қойды, Қазақстанда осы процесске белсенді  араласуға  бағыт  алып отыр.
Мұның бәрі1 сөзсіз, отандық бизнестің  сапалы дамуына жаңа мұмкіндіктер береді және  бүгінгі мемлекеттің қолданып отырған қадамдары  экономикалық патриотизм және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары  біздің ортамызда маңызды.
Бүгінгі күнде қаланың өнеркәсіптік сферасы «Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорнының өнімімен көрсетіген, бұл жылумен және шаруашылық ауыз суымен қамтамасыз ету болып табылады. Қалада кәсіпкерлік қызмет көпшілігінде сауда-сатық қызмет түрінде қалыптасқан. Қаламызда тауар өндірушілердің  болмауына байланысты  «Қазақстандық мазмұн» тізілімінде тіркелген кәсіпкерлер жоқ, бірақ  мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатын біз толығымен қолдаймыз.  




                                                                                               Д.АБЖАНОВА
                                                                                             кәсіпкерлік бөлімінің бастығы


Дата редактирования: 20 Қыркүйек 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 387.34
Евро 428.44
Рубль 6.04
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика