ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Екі жұлдыз»

2009 жылы 25 қыркүйекте мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Өнер және спорт мектебінде екінші қалалық «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Конкурс жеке тұлғаның творчестволық бейімділігі үшін қолайлы орта жасау, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің оң иміджін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Байқау 3 кезеңнен тұрды: ретро-ән орындау, шетелдік хит орындау, бірегей ән орындау.
Байқауға 5 жұп қатысты. Әр жұп қаладағы белгілі әншіден және мемлкеттік немесе азаматтық қызметшіден құрылды. Бұрыннан сахнаға шығып, ән айтып жүрген адам өзіннің серіктесін қиын да қызықты ән айту өнеріне баулуы қажет болды.

Бұл конкурсқа қатысушылардың дайындығына небары 2 апта уақыт берілді. Әр әннің өзіннің орындау мәнері болуына байланысты, дайындық барысында жұптардың құрамы, олардың таңдаған репертуары бір неше рет өзгерді. Бастапқыда бұл проектке қатысуға бірден келісім бергендер, уақыт өте келе сахнаға шығып ән айтудын оңай емес екенін түсініп конкурстан бас тартқандары да болды. Сонымен, қатысушалардың қатарында ең қайсар және жүректі жұптар қалды.
Конкурстың бірінші кезеңі 60-80 жылдардағы әндерді орындау болды. Барлық қатысушылар репертуарларын таңдауда үлкен жауаптылық танытты.
Бұл кезеңде әйгілі «Дос мұқасан» тобының екі әні, Роза Рымбаеваның репертуарындағы «Куә бол» әні орындалды. Сонымен бірге көрермендердің назарына «Лаванда» және «За тех, кто в море» әндері ұсынылды.

Ең қызықтысы  конкурстың екінші кезеңі болды. Бұл кезеңде айтылатын әндерді таңдау қиынға соқты.  Қатысушылардың  жасы 20 – 50 жас аралығында болғандықтан олардың  музыкалық талғамдары да кең болды. Музыкалық репертуарды таңдау нәтижесінде конкурста итальяндық эстраданың «Феличита» және «Мама Мария» әндері орындалды. «Восточные сказки», «Синий иней» және әйгілі «Хафанана» әндері де көрермендердің көңілінен шықты.
Конкурстың үшінші кезеңі – бірегей әндерді орындап шығу. Бірегейлікті қандай критериймен бағалауға болады? Осы кезеңде әр қатысушы бірегей ұғымға өзіннің түсінігін қосты. Көрермендердің назарына «Арман-айым», «Арманымсың», «На моря» әндері ұсынылды. Бірақ, көрермендердің реакциясына қарап «Петербург-Ленинград» және «Песня мушкетеров» әндері бірегей орындалғаны анықталды.

Қатысушылардың сахналық костюмдері, бейнелері көрермендердің көңілінен шығып, әр жұпты жылы қарсы алып отырды.  Әр қатысушы жұпты әділқазылар жан-жақты бағалады.
Марапаттау рәсімі жүлде және номинациялар бойынша бағаланды: «Оригинальная пара», «Классная пара», «Романтичная пара», «Жизнерадостная пара», «Открытие года».
Сонымен, 3-ші жүлде екі жұпқа берілді. Өнер және спорт мектебінің психологі  Бейскеев Сағынбек және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің штаттан тыс кадр бойынша жұмыскер  Бақтаева Алмагүл 3-ші жүлде және «Романтичная пара» номинациясының иегерлері атанды. Сонымен қатар, ішкі саясат бөлімінің жан – жақты жұмыскері  Убисов Талғат пен  ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айкенова Гүлмира да 3-ші жүлде және «Оригинальная пара» номинациясының  иегерлері атанды. «Айналайын» бөбекжай бақшасының музыкалық жетекшісі Сулейменов Марс пен  «Айналайын» бөбекжай бақшасының шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Абдишева Клара 2-ші  жүлде және  «Жизнерадостная пара» номинациясының иегерлері болып анықталды. Жеке кәсіпкер  Бегишов Бақытжан мен әкім аппаратының штаттан тыс іс – жүргізушісі Аяпбергенова Әсем 1-ші жүлдеге және «Классная пара» номинациясына ие болды.

Ал конкурстың «Гран-при» жүлдесіне келетін болсақ әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ахатаева Ардақ пен өнер және спорт мектебінің бокс секциясының бапкер – оқытушысы Садуақасов Әлібай иеленді және де «Екі жұлдыз» конкурсының «Открытие года» номинациясы да осы жұптың үлесіне тиді.  Барлық қатысушылар қала әкімінің атынан бағалы сыйлықтарымен және грамоталармен  марапатталды. Әр мекеме өзіннің қатысушысына сыйлық арнады. Конкурс өте қызықты өтті, ал көрермендерге келетін болсақ, олар осы ғажайып ән кешінен үлкен әсер алды

  

  

  

  


Дата редактирования: 17 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика