ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласының 9 айдағы әлеуметтік экономикалық дамуы туралы

Мектепке дейінгі жастағы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 91 % құрайды, 2014 жылы бұл көрсеткіш  86,4 % көрсетті.
Мектептерде бір компьютерге 7,1 оқушыдан келеді,  2014 жылы 5,9 оқушы. Ауыстыруды қажет ететін компьютерлер саны 37 бірлік  15 % құрайды.  2014  жылы  ауыстыруды қажет ететін компьютерлер саны 6 бірлік  2,5 % болды.
2015  жылы орта мектепті барлығы 60 түлек аяқтады.  ҰБТ орташа балы – 83,59,  облыстық көрсеткіш – 79,6. 2014 жылмен салыстырғанда 19,55 көрсеткішке жоғарылаған. (2014 ж. -64,04)
Ағымдағы жылы жоғары оқу орындарына 27 түлек оқуға түсті, оның ішінде 5 түлек білім грант иегері атанды,  2014 жылы 1 түлек.  Кәсіби-техникалық білім беру мекемелеріне түскен  түлек саны 21,   былтырғы жылы  18  адамды құрайды.
Жазғы маусымда демалыспен  және сауықтырумен 1448 бала қамтылды (баланың қамтылуы 88,4%).
2015 жылдың 9 айында дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысатындардың саны – 4166  адам.
Мектеп жасындағы балалар саны  –  1755,  олардың денсаулықтарына байланысты дене шынықтыру пәнінен босатылғандары – 28 бала,  спортпен айналысатындарының саны 586 бала.
2015 жылдың мамыр айында  қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ашылды. Мекеменің жылдық бюджеті 9 660 000,0 теңге жергілікті бюджеттен. 2 533 000,0 теңге бөлімнің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуіне бөлінді.
Қалалық деңгейде 2015 жылға барлығы 44 спорттық іс – шара жоспарланған, өткізілгені 39 спорттық іс – шара. Осы өткізілген спорттық іс-шараларға  барлығы 4000 астам адам қатысты.
2015 жылы қалалық деңгейдегі іс – шараларды өткізуге қалалық бюджеттен 828 000,0  теңге қаржы бөлінді (кубоктар, сыйлықтар, мадақтама қағаздары және медальдар).
2015 жылдың 9 айында  қаламыздың спортшылары 10 облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысты, бұл жарыстарға барлығы 171  адам қатысты. 2015 жылдың аяғына дейін 2 облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысу жоспарлануда. 2015 жылы қаланың құрама командасын спорттың әр түрінен дайындауға және облыстық жарыстарға қатысуға қалалық бюджеттен 1,705 мың теңге бөлінді.
2015 жылдың  1 қаңтарына  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 19 адам жұмыссыз  ретінде тіркелді (01.01.2014 жылы – 25).
2015 жылдың 1 қазан айындағы  жағдай бойынша жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 488 адам өтініш білдірді (2014 жылы – 293 адам,) немесе  195 адамға көбейді. 364 адам жұмысқа орналастырылды немесе өтінгендердің ішінен ауыспалы контингент есебімен алғанда 72% (507 адам), (2014 жылы өтініш білдіргендер есебінен - 218 адам, немесе 69 % (318); қоғамдық жұмыстарға - 241 адам жолданды. Жұмыссыздықтан қорғаудың әлеуметтік шаралары бойынша 681 адам қамтылды, өтінгендердің ауыспалы контнгент есебінен алғанда 135% құрайды (2014 жылы – 447, немесе 141 %). 2015 жылдың 1 қазан айындағы жағдай бойынша жұмыссыздар саны 84 адамды құрайды (2014 жылы - 68).
2015 жылдың 1 қазан жағдайы бойынша аз қамтылған - 12 отбасы тіркелген немесе 54 адам кедейшілік деңгейінен төмен тұратын азаматтар (2014 жылы - 21 отбасы немесе 90 адам).  2015 жылдың 9 айы ішінде:  13 отбасына – 648,7  мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 3 мүгедек балаға – 44,9 мың теңге жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балалары бар 48 отбасына – 1040,9 мың теңге жәрдемақы, 46 отбасына – 1002,6 мың теңге тұрғын  үй көмегі төленді.
Азаматтардың жекелеген санаттарына 1185 тұлғаға бюджеттік қаражаттан сомасы 6591,7 мың теңгеге: құрт ауруы мен онкологиялық ауруларға пакет алуға, мерекелік күндерді атап өтуге, ҰОС қатысушыларына электроэнергия және байланыс төлемдерін төлеуге көмек көрсетілді. Бюджеттік  қаражаттан  тыс  3300,0 теңгеден астам көмек көрсетілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020»  Бағдарламасын жүзеге асыру аясында 102 адамға кеңес берілді, бағдарламаға қатысушылар қатарына  және әлеуметтік келісім шартқа қол қойған – 102 адам енгізілді, оның  ішінде  жұмыссыздар ішінен - 64, тіркелмегендердің ішінен – 37. Мемлекеттік қолдаудың шараларынан басқа 65 адам жіберілді (оралман - 11, жастар - 52, әйелдер – 21, мүгедек – 3, зейнеткерлер – 1, бас бостандығынан айырылу орнынан келгендер - 3).
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ҚФ АҚ - на бағдарламаның  10 қатысушысының құжаттары жолданды, оның ішінде 2 қатысушы (К. Бостанованың  фермерлік шаруашылығын кеңейтуге, Струментов сауықтыру паркін ашуға) сомасы 3,0 млн.теңге шағын-несие алды, 2-ші кезеңге 3 қатысушы өтті.
Бағдарламасының үшінші бағытын жүзеге асыру аясында  қалпына келтірілген 24 пәтерлі  Достық  көшесі 7 тұрғын үйге 9 оралман отбасы қоныстандырылды.
Қаламыздың денсаулық сақтау саласында соңғы 5 жылда  ана өлімі тіркелмеген.
2015 жылдың 9 айында 2 бала өлімі тіркелген. Бұл 2014 жылдың есептік қортындысы 1000 тірі туылғанның 3 немесе 15,5% көрсеткішіміен салыстырғанда төмен. 
Есептік мерзім бойынша өлерлік көрсеткіші 48 адам. Сәйкесінше кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш бір  деңгейде.
2015 жылдың 9 айында туберкулез ауруымен 9 жағдай тіркелеген. Бұл  64,3% құрайды. 2014 жылдың осы есептік мерзімінде 7 жағдай тіркелді немесе  бұл 100 мың.халықтың 52,2 % құрайды. Туберкулез ауруынан 2  (15%) адам өлімі тіркелді.
2015 жылдың есептік кезде онкология ауруына шалдыққандардың көрсеткішінің жоғарылауы байқалады.  2015 жылдың 9 айында 17  науқас тіркелді,   2014 жылы бұл көрсеткіш 6 науқасты құраған болатын. 
Туберкулез ауруын алдын алу мақсатында бастапқы медициналық–санитариялық көмек ұйымдарында немесе аумақтық туберкулезге қарсы ұйымдарда адамдардың толық тексеруден өтуге тиісті жағдайлар жіті қадағаланған. Атап айтқанда, 2015 жылғы 1 жыл көлемінде флюрографиядан өтуге тиіс адамдар саны 6 556 болса, 9 айда  тексеруден өткендер саны 6 927 (105,8%) адамды құрайды.
Бүгінгі күнде аурухананың кадрлық қамтамасыз етілуі жағынан балалар невропатологі жеткіліксіз.  Аурухана медбикелермен 100 % қамтамасыз етілген.
Ішкі саясат саласында, мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеудің нәтижесінде қаладағы қоғамдық саяси жағдай бір қалыпты.
Елбасы Жолдауын ақпараттық-насихаттау бойынша республикалық, облыстық және қалалық ақпараттық топтармен 2000 адамды қамтыған 20 кездесу өткізілді.
Барлық өткізілген іс-шаралар облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды. Есеп беру кезеңіне баспа беттерінде барлығы 100-ден аса мақала жарықтандырылды. Қалада Ел Президентінің  Қазақстан халқына жолдауын, мемлекеттік рәміздерді насихаттауға, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты сақтауға арналған 25 банер жаңартылып  ілінді.
Дін саласындағы жұмыс діни экстремизм мен терроризм шараларын алдын алуға бағытталды. Осы бағытта дін саласындағы ақпараттық-насихаттау тобы мүшелерімен денсаулық сақтау саласы қызметкерлері мен білім беру саласаның мұғалімдері және оқушыларының қатысуымен 10 кездесу өтті. Облыстық және жергілікті «Приозерский Вестник» газеті беттерінде діни тақырыпта барлығы 13 мақала жарықтандырылды.
Қаламызда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында  2015 жылдың 9 айында 52 іс-шара өткізілді.
Есептік кезеңде бөлімінің ұйымдастыруымен  30 қоғамдық маңызы бар мәдени-бұқаралық ісшаралар  өткізілді.
Қалалық әкім аппараты және дербес бөлімдерде іс жүргізу құжаттарына айсайын жүргізілген мониторинг бойынша есептік кезеңде мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының көрсеткіші әкім аппараты бойынша - 100%. Әкім аппаратының  дербес бөлімдері бойынша көрсеткіш - 100% құрайды.


Дата редактирования: 23 Қараша 2015

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика