ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бөлімнің есебі


«Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылы атқарған жұмыстары және 2016 жылғы жоспары туралы

Қоғамдық-саяси ахуал туралы
Елбасы жүргізіп отырған ішкі саясат еліміздегі барлық азаматтардың әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруге, сонымен қатар, этносаралық, конфессияаралық қатынастарды сақтауға және нығайтуға, әрбір адамның мүмкіншілігін еркін түрде жүзеге асыруға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Осы негізде қазіргі таңда қалада қалыптасқан әлеуметтік-саяси ахуал тұрақты дамып келеді.  Қала тұрғындарының 90,4 пайызы мемлекеттік саясаттан хабардар.
Елбасы Жолдауының насихатталуы.
2014 жылдың 11 қарашасы күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттауды жүзеге асыруды республикалық, облыстық және қалалық ақпараттық топтар жүргізді. Жолдаудың  өзектілігін халыққа, қаланың әрбір тұрғынына  түсіндіру бойынша ақпараттық топтар барлығы 27  кездесу өткізіп, алты мыңға жуық  адамды қамтыды.
2015 жылдың 30 қарашасы күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһанда нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауын жариялады.
Жолдау жарияланған күннен бастап халық арасында маңызды құжаттың ерекшелігі мен айрықша тұстары түсіндіріліп, қызу талқыланды. Барлық мекемелер Жолдаудың маңызды тұстарын талқылау бағытында кездесулер, дөңгелек үстелдер, жиындар ұйымдастырды. Қала бойынша барлығы 5 кездесу өткізіліп, 240 адам қамтылды.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша жергілікті баспа БАҚ-та 20 мақала жарық көрді.
Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бес институционалдық реформасын ақпараттандыру бойынша арнайы медиа-жоспар бекітіліп, ағымдағы уақыт аралығында 5 мақала жарықтандырылды.
Ақпараттық саясат бойынша
Қаланың медиалық кеңістігіне келер болсақ, жергілікті 1 бұқаралық ақпарат құралы және мемлекеттік мекемелердің сайттары жұмыс істейді.
Бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, аймақтық  бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты орындау жұмысын үйлестіру; Осыған орай, бөлімнің 005 „мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу қызметі“ бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 2015 жылға 6,5 млн. теңге бөлінген болатын.  Облыстық „Қазақстан-Қарағанды“ телеарнасына 3,5 млн.тенге, „Орталық Қазақстан“, „Индустриальная Караганда“ газеттеріне 500 мың теңгеден 1,0 млн. теңге және жергілікті „Приозерский вестник“ газетіне 2,0 млн  қарастырылған.
2015 жылдың 12 айында баспа беттерінде барлығы – 300-ге жуық мақала, оның ішінде облыстық басылым беттеріне – 21 мақала, жергілікті «Приозерский вестник» газеті бетінде «Орталық Коммуникациялар Қызметі» тапсырмасының ақпаратын қоса есептегенде барлық саны – 200-ден аса мақала, облыстық «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасына қазақ және орыс тілдерінде барлығы – 27 сюжет жарыққа шықты (13 қазақ тілінде, 14 орыс тілінде).
Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламаларды және қоғамдық-саяси маңызды шараларды БАҚ арқылы ақпараттық сүйемелдеу мақсатында 17 медиа-жоспар бекітілді.
Үстіміздегі жылдың 12 айы бойынша БАҚ-да заң бұзушылықтар орын алған жоқ.
Ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында сыртқы жарнама обьектілерінің мүмкіндігі кеңінен пайдаланылады. Қалада Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауын, мемлекеттік рәміздерді насихаттауға,  ұлтарарлық татулық пен тұрақтылықты сақтауға арналған қырық бес (45) банер жаңартылып  ілінді.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
2015 жылы тілдерді дамытуға бағытталған жұмыс өз жалғасын тапты. Қазақ тілін білмейтін этнос өкілдеріне тілді оқыту курсы ұйымдастырылды. 20 адамды қамтыған бұл курсқа жергілікті бюджеттен 477,0 мың теңге  қаржы жұмсалды.
Сонымен қатар мемлекеттік тілді насихаттауға, қолдану аясын кеңейтуге және тілдерді дамытуға бағытталған іс-шаралар легі өткізілді, жергілікті бюджеттен 243,0 мың теңге жұмсалды. Атап айтсақ, Мұқағали Мақатаев атындағы жас ақындар байқауы,  Мағжан Жұмабаев оқулары, өзге ұлттар жастары арасындағы Абай оқулары, Оралхан Бөкей оқулары, «Үздік аудармашы» байқауы, Пушкин оқулары, үштұғырлы тіл саясатын дамытуға бағытталған олимпиада және тағы басқалары.
Тіл саясатын тиімді жүзеге асырудағы нысаналы  индикатордың басты көрсеткіші – ҚАЗТЕСТ сертификаты болып табылады. 2015 жылы қаламыздың мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтті.
Диагностикалық тестілеумен әртүрлі салада қызмет ететін 56 адам қамтылып келесі нәтижеге қол жетті:
С1 жоғары                 – 2  адам (3,6  %)
В2 ортадан жоғары  – 25  адам (44,6  %)
В1 орта                      – 18  адам (32,1  %)
А2 базалық                – 11 адам (19,6  %). Бұл облыс бойынша жоғары  көрсеткіштердің бірі.
Сертификаттық тестілеумен  қалалық әкімдіктің 10 мемлекеттік қызметкері қамтылып, оның тоғызы сертификат алды.
Қаламыздағы жеке кәсіпкер субъектілеріне тиесілі сыртқы көрнекі жарнамалардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес рәсімделуі бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 173 объект қамтылды. Оның ішінде заңға қайшы рәсімделгендері 22, жылдың аяғына дейін түзетілгендері 14 болды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, салаға енгізу бағытында 2015 жылға медиа-жоспар бекітіліп, 23 мақала жергілікті «Приозерский вестник» газетіне басылып шықты.
Мәдени бұқаралық іс-шаралар.
Баршаңызға мәлім – 2015 жыл ұлттық  тарихымызды ұлықтау және тарихи белестер жылы болды. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын үлкен дайындықпен атап өттік. Есептік кезеңде 35-тен аса саяси-қоғамдық маңызы бар мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, олардың басым көпшілігі  осы даталарды мерекелеу аясында ұйымдастырылды. Негізгілерін атап айтатын болсақ,  Ассамблея жылының ашылуына арналған салтанатты кеш, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған 3000 адамды қамтыған «Мәңгілік полк» акциясы,  мерекелік даталарға арналған салтанатты кештер, концерттер, мерекелік шерулер, әртүрлі творчестволық байқаулар.
Мәдени бұқаралық іс-шараларды өткізуге жергілікті бюджеттен 5137,0 мың теңге қаржы бөлінді, 2014 жылы – 4123,0 мың теңге.
Қалалық кітапхананы қаржыландыруға 14902,0 мың теңге қаржы бөлінді, 2014 жылы – 15406,3 мың теңге. Оның ішінде:
периодикалық жазылымдарға: 2015 жылы – 500,0 мың теңге, 2014 жылы – 304,0 мың теңге;
материалды-техникалық базаны нығайтуға: 2015 жылы – 1055,3 мың. тенге (кітаптар-796,3, компьютер-130,0, МФУ-40,0, 2 микрофон стойкасымен-89,0);  2014 жылы – 1101,4 мың теңге (кітаптар - 736,8; стеллаждар-132,0; 2 компьютер -232,6).
Қалалық кітапхананың директоры Кенжебекова П.С. «Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер қызметкерлеріне тағайындаған сыйлығына» ұсынылып, «Үздік кітапханашы» номинациясында жеңімпаз атанып, облыс әкімінің сыйлығына ие болды.
Дін саласы бойынша
Приозерск қаласындағы діни ахуал тұрақты. Қалада православтық діни бірлестік пен қалалық мешіт қызмет атқарады. Сонымен қатар,  қаладағы діни экстремизм мен терроризм шараларын алдын алу бағытында қала әкімдігі жанында Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес және діни ақпараттық тобы құрылған. Қала әкімінің төрағалығымен Кеңестің 4 кезекті отырысы өткізілді. 
Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес қалалық діни ақпараттық топпен  тығыз байланыста жұмыс атқарады.     Қаладағы діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу мақсатында ақпараттық тобының мүшелерінің, қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жыл басынан 40 іс-шара ұйымдастырылып,3 мыңға жуық тұрғын қамтылған.
Сонымен бірге, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелер бойынша 2015 жылы облыстық және жергілікті бұқаралық баспа құралдарында кең көлемді 16 мақала жарияланды.
Қала көшелеріне «Конфессияаралық келісім – Тәуелсіздік кепілі», тақырыбында және республикалық «Қауырт желінің 114» телефоны туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында 6х3 мөлшерлі екі банер ілінді. Деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесшілік және психологиялық көмек көрсетуге арналған «114» үш санды нөмірімен «Қауырт желінің» телефоны туралы халықты ақпараттандыру үшін коммуналдық қызмет квитанцияларының артқы беттеріне хабарлама орналастыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Тұрақты түрде қала тұрғындарына жалпы саны барлығы – 5000 хабарлама таратылды. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғасуда.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Приозерск қаласы бойынша қазіргі күні 7 қоғамдық бірлестік («Қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін және әдет-ғұрыптарын дамыту жөніндегі Приозерск қалалық Атамұра орталығы» ҚБ, қалалық Ардагерлер Кеңесі, «Арзу» әжірбайжан халықтарының этно-мәдени ҚБ, «Нұр Отан» партиясының Приозерск қалалық филиалы, «Исток» славян халықтарының этно-мәдени ҚБ, 2 кәсіпкерлер Ассоцациясы») өз қызметінде барлық қоғамдық маңызды салаларды қамтиды.
Бұл ардагерлер мен мүгедектерге көмек көрсету, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына қарайласу, балалар мен жас өспірімдерді тәрбиелеу, денсаулық сақтау саласы, орта және шағын бизнестің дамуы, яғни ҮЕҰ бүгінгі күні қоғамдағы барлық ең маңызды әлеуметтік проблемаларын қамтып отыр.
Қалалық бюджеттен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету іс-шаралары шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға 4 млн 500 мың теңге бөлініп, 9 жоба жүзеге асырылды. Биылғы жылға 4 млн 150 мың теңге қарастырылып отыр.
Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы
Приозерск қаласы бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Приозерск қалалық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызмет атқарады.
Қалалық     статистика    бөлімінің   мәліметі    бойынша Приозерск  қаласындағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 3 118. Олардың 14-18 жас аралығы мектетепте оқитын жастар саны– 775.
Жастарды дамытудағы өзекті мәселелердің бірі - жұмыспен қамту мәселесі.  Жыл басынан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыздықпен - 269 жастар тіркелген, олардың 244-і жұмысқа   орналастырылды. 2015 жылы кәсіби оқуға жіберілгендер саны 38, жастар практикасына жіберілгендар – 26, ал 114  адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында Приозерск қаласының жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп  үш «Бос орындар жәрменкесі» ұйымдастырылды. Жәрменкеде қаламыздың 10 мекемесінен 47 бос орындар ұсынылды. Жәрменкеге 150 ден астам жұмыссыздар қатысып, оның 10 жұмысқа орналастырылды.
2015 жылы қалалық жастар ресурстық орталығын қаржыландыру бойынша жергілікті бюджеттен 7 559,0 мың теңге, оның ішінде іс-шараларға  1 534,0 теңге бөлінді. 2015 жылы орталықтың ұйымдастыруымен 75 іс-шара өткізілді.
Оның ішінде қайырымдылық «Ардағым-Ардагерім» акциясы, экологиялық «Дені сау ұрпақ – болашақ кепілі» және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Өз өмірінді қорға», қайрымыдылық «Я боль возьму, а надежду оставлю тебе», патриоттық «Мен Отан қорғаушысымын» атты акциялар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, 2015 жылғы айтулы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекелеріне арналған концерттік бағдарламалар, «Күйіз үй-Life» акциясы, «Біздің болашақ» атты жайдарман ойындары, «Мәңгілік елім Қазақстаным» атты конференция, «Жігіт Сұлтаны» атты байқау, «Солдат соғыс тандамайды»і, «Болашақ жастарда» сынды кездесу кештері, «Здоровая молодежь - здоровая нация» атты конференциясы, Елбасы Жолдауын насихаттау бойынша және қала жастары арасында діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бағытында кездесулер, дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылып өткізілді.
Приозерск қаласының жастармен жұмыс жөніндегі  орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет 2014 жылдын 1 тамызынан бастап, 20 сарбаздан құрылған «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары өз жұмысын бастаған болатын. Ал 2015 жылы «Жасыл Ел» еңбек жасақтары 3 маусымнан бастап 30 сарбаздан құралған 3 жасақ 3 айға (маусым, шілде, тамыз) жұмысқа жұмылдырылды. Қаламыздағы 16 мен 25 жас аралығындағы 30 жас өз еріктерімен жұмыс істеуге ниет білдірді. Осы 3 ай бойы «Жасыл Ел еңбек» сарбаздары Балқаш көлінің жағалауы мен қала көшелерін қоқыстан тазартты. Қаржыландыру көлемі 640 920 құрады.(Бір сарбаздың жалақысы – 28 842 теңге)
Бөлімнің 2016 жылы жоспарланған жұмыстары
- ақпараттық топтардың жұмысын үйлестіру;
- үкіметтік емес ұйымдарының жұмысын одан әрі жандандыру;
- мәдени-көпшілік шараларға жастарды кеңінен тарту;
-діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, дінаралық және конфессияаралық келісімді нығайту;
- қала тұрғындарының ақпараттандырылуын қадағалау;
- сыртқы көрнекілік құралдарын жаңарту;
- 2016 жылғы айтулы мереке - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өту бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сай ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған«Тәуелсіздік тұғырым» атты салатанатты іс-шараны өткізу;
- «Талап – 2016» Приозерск қаласы әкімінің сыйлығына конкурсты ұйымдастыру;
- Жастар арасында «Креатив толқынында» атты фестиваль өткізу;
- Қала оқушылары арасында «Жас қоғамдық көшбасшы - 2016» конкурсын өткізу;
- Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін «Мерейлі отбасы» қалалық конкурсын өткізу;
- 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күне орай «Қанатты әйел» байқауын ұйымдастыру;
- Приозерск қаласының және Сары-Шаған полигонының 60 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шараны ұйымдастырып өткізу.

Приозерск қаласының ішкі саясат,
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі


Дата редактирования: 01 Маусым 2017

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.86
Евро 435.32
Рубль 6.12
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

21.10.2019
«Жастар жылы» аясында мүмкіндігі шектеулі және инклюзивті оқушылар арасында қалалық «Дойбы» жарысы туралы ақпарат
«Приозерск қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сі2019 жылдың 19 қазан күні «№2 ЖОББМ» КММ акт залында «Жастар жылы» аясында мүмкіндігі шектеулі және инклюзивті оқушылар арасында қалалық «Дойбы» жарысын ұйымдастырды.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика