ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

іc - шаралар бойынша есебі

 

Приозерск қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне байланысты өткізілген іс-шаралардың қорытынды
ЕСЕБІ

1желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні еліміз үшін айтулы мереке.  Бұл Қазақстанның елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктері мен әлем алдындағы жинаған абырой-беделіне тағы бір мәрте ой жүгіртіп, қорытынды жасайтын күн. Айтулы мерекеге орай еліміздің әр түкпірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Приозерск қаласында да аталмыш мерекеге сай іс-шаралар жоспары құрылып, қаладағы барлық мекеме орындарының, қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдерінің ат салысуымен төмендегідей мерекелік шаралар өткізілді.
22 қараша күні Приозерск қалалық кітапханасында 1-желтоқсан Тұңғыш Елбасы күніне байланысты .«Елбасы күні-халық күні», «Елбасы –ел  ағасы» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Көрмеде елі сүйген, елін сүйген Елбасымыздың ықпалымен жеткен жетістіктеріміз бен Қазақстанның дамуына да басты серпін берген, өткен емес, одан да бұрынғы алапат дағдарыстың уағында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі қолға алып, өз қолымен жазып шыққан бағдарламалары мен еңбектері қойылды.
Сонымен қатар аталмыш мекемеде мерекеге орай 28-қараша күні 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы-ел ағасы» атты дөңгелек үстел өтті. Тәуелсіздік жылдарында жеткізген жетістіктерімізді және Ұлт көшбасшысының рөлін талқылау мақсатында өткен дөңгелек үстелге қаламыздағы зиялы қауым өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Елбасының өмір тарихына байланысты слайд көрсетілді. Ел ағалары Елбасының өмір тарихы мен тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы оқушыларға мазмұнды ой айтты.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, халықтың әлеуметтік-қорғалмаған тобына материалдық көмек көрсетіп, қайырымдылық акциясын өткізді.
Қайырымдылық акциясын өткізу барысында, жұмыспен қамту бөлімінен аз мөлшерлі зейнетақысы бар 60 жастан асқан зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетілді. Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақы алатындардың есепшотына ақшалай қаражат жіберіліп, қала әкімдігімен басшылығымен «Центральный» мейрамханасында концерттік бағдарлама және сыйлықтар  тапсырылып, мерекелік үстел ұйымдастырылды. Сондай-ақ осы санаттағы адамдарға қалалық «Нұр Отан» партиясы материалдық көмек көрсетті. Күнкөріс деңгейінен төмен  табысы бар отбасыларына  «Otau TV» ұлттық спутниктік телеарна орнатуға материалдық көмек көрсетілді. Аталған іс-шаралармен 428 адам қамтылып, жалпы сомасы 1500 мың  теңгені құрады.
28 қараша күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Приозерск гарнизонының офицерлер үйінде Тұңғыш Президент күніне арналған қалалық форум өтті. Форумда Приозерск қаласының әкімі Камзин Қайрат Амангелді ұлы жиналған жұртшылықты атаулы ұлттық мерекемен құттықтай келе, ұлт көшбасшысы – ел басы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында елімізде және өз қаламызда атқарылып жатқан игі істерге тоқталып өтті. Аталмыш іс-шараға келген қала тұрғындарын зиялы қауым өкілдері құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, форум барысында қызметте  мол табыстарға қол жеткізіп, қаламыздың дамуына үлес қосқан бірқатар қызметшілер қала әкімінің және қалалық мәслихаттың құрмет гармоталарымен және бағалы-ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Оның соңын ала бере мемлекеттік қызметке өткен мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады. Форумның соңы қалалық көркем өнерпаздар дайындаған  патриоттық тақырыптағы концертке ұласты. Іс-шараға арнайы көрнекілік банерлер ілініп,  «1-желтоқсан-Елбасы күні» атты кітап көрмелері қойылды.
30 қараша күні «Приозерск қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ және Приозерск қаласының кәсіпкерілік және өнеркәсіп бөлімдерінің ұйымдастыруымен қалалық жәрмеңке болды. Жәрмеңкенің негізгі маңыздылығы қала тұрғындары ет және көкөніс өнімдерін базар бағасынан 15-20% төмен бағамен  сатып алуға мүмкіндік алды.
Мәдениет және тілдер дамыту бөлімі, қала тұрғындарына мерекелік  көңіл күй қалыптастыру мақсатында алаңда концерт  ұйымдастырды.
1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Приозерск гарнизонының офицерлер үйінде қала әкімінің қатысуымен салтанатты жиын болып өтті. Жиынға қаламыздың әскерилері мен тұрғын халқы қатысты. Жиында құттықтау сөздер сөйленіп, концерттік бағдарлама қойылды.
Сонымен қатар айтулы мереке күні қала әкімі әлеуметтік санаттағы жетімдер мен қарт ардагерлерге қайырымдылық көрсетті. Қаламыздағы Ерланұлы Жанболат, Ерланқызы Жансая есімді жетім балалар мен қаладағы 7 баланың асыраушысы қарт ана К.А. Аманованы мерекемен құттықтап бағалы сыйлықтар табыс етті. Приозерск қалалық орталық ауруханасында айтулы мерекеге орай босанған әйелдерді қала әкімі құттықтап, сый-сияпат көрсетті.
Ұлттық мерке барысында қаламыздың оқу орындарында да мерекелік жоспарға сай іс-шаралар өткізілді. Ендігі кезекте іс-шараларға нқтылай тоқтала кетсек.  «Приозерск қаласының №1 жалпы білім беру орта мектебі» КММ «Елбасы мәртебесі-ел мәртебесі
23 қараша күні 10-11 сынып оқушыларына Елбасының балалық шағына арналған «Балалық шағымның көктемі» атты деректі фильмі көрсетілді.
27 қараша күні мектеп өнерпаздары тәлімгер А. Кадированың ұйымдастыруымен «Нұрсұлтан ата-Елбасы» патриоттық тақырыбында Қазақстан, Отан, Елбасы туралы әндерден концерт қойды. 22-29 қараша аралығында барлық сыныптарда «ҚР тұңғыш Президенті» күніне арналған ашық тәрбие сағаттары өткізілді. 3-4 сыныптарда «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» атты сайыс өтті. Мектеп кітапханашысы К. Мантаева «Елбасы туралы 1000 сұрақ» атты сайыс өткізді. Мұнда Елбасының еңбектері, өмірбаяны, алған марапаттары т.б. қамтылды. Мектеп кітапханасында «Біздің Елбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мерекеге сай «Приозерск қаласы жастармен жұмыс жөніндегі орталығы» КММ ұйымдастыруымен қараша айының әр сенбісі күнінен 1 желоқсанға дейін қала тұрғындарының назарына бейне-фильм көрсетілімін ұсынды.
Мрекеге барысында халықты ақпараттандыру жұмыстары бойынша  ішкі саясат бөлімі мен қаламыздың жергілікті басылымы «Приозерский Вестник» газеті мерекеге байланысты атқарылған барлық іс-шаралардың қалалық және облыстық БАҚ жариялануын қамтамасыз етті. 
«Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ тарапынан айтулы мерекеге сай Приозерск қаласы бойынша Достық-Пушкин, Достық-Дорохова көшелері бойында тартпалар ілініп, орталық алаңда және қалалық мекеме ғимараттарында банерлер орнатылды. Аталмыш көрнекіліктер айтулы мерекенің маңыздылығын арттыра түсті.
 


Дата редактирования: 19 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика