ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бөлім регламенті

«Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолдаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ жұмыс
РЕГЛАМЕНТІ
1.Жалпы ережелер
1.«Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль   жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Мемлекеттік мекеме) энергетика саласында,тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік, байланыс бірыңғай экономикалық саясатты жүргізуде, жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарының қызмет істеуін қамтамасыз етуде реттеу, үйлестіру және бақылау функцияларын орындауға өкілетті, коммерциялық емес мемлекеттік мекемесі болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын,заңдарын, Қазақстан Республикасының  Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, осы Ережені, сондай-ақ ведомствалық нормативтік актілерін басшылыққа алады және өз жұмысын жергілікті жерлердегі мемлекеттік билік және басқару органдарымен өзара тығыз әрекетпен жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Приозерск қаласы әкімінің басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және қала әкімінің айрықша жетекшілік етуіне жататын шешімдерді қабылдауға хақысы жоқ.
4.   Мемлекеттік мекеме заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкілерде шоттары бар.
5.  Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мемлекеттік мекеме құрылымы мен шекті штат саны қала әкімінің өкімімен бекітіледі.
7. Заңды мекен-жайы: 101100 Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Пушкина көшесі 7 үй.
8. Мемлекеттік мекеменің толық атауы; «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
9.  Мемлекеттік мекеменің құрытайшысы  Приозерск қаласының әкімдігі болып табылады.
10. Мемлекеттік мекеменің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
2. «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»
ММ  жұмысын жоспарлау
     9. «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль   жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қызметі жоспар негізінде құрылады.
          Жұмыс жоспарын жасаудағы жалпы басшылықты бөлім бастығы жүргізеді.
    10. Бөлімнің жұмыс жоспары бөлім басшысымен бекітіледі және сәйкесті әкім орынбасарымен келісіледі.
    11. Мәжіліс регламенті:
  - күнделікті сағат 17.30-да бөлім басшысымен мамандармен орындалған жұмыс туралы есебі тыңдалады;
-  апта сайын дүйсенбі күндері сағат 10-00-де жедел жиналыстар өткізіледі, онда жоспарға сай ақпараттар мен есептер, сонымен қатар жедел түрдегі сұрақтар тыңдалады;
      12.Бөлімнің  ережесі қала әкімінің қаулысымен бекітіледі. Бөлім қызметкерлерінің арасындағы функционалдық міндеттерді бөлу әкім орынбасарымен және бөлім бастығымен  бекітілген  лауазымдық нұсқауларында анықталады.
            13. Бөлім басшысымен азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауы бекітілген кестеге сай, күн сайын сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін  жүргізіледі.
            14. Кіріс іскер корреспонденциясы жұмыс күндері сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін қабылданады.
            15. Тіркелген, тиісті үлгіде рәсімделген корреспонденция жолданым иесіне жіберіледі.
            16. Тіркеу, бөлу, ресімделу және корреспонденцияның жолданым иелеріне жеткізу түскен кезден бір сағат ішінде, ал жедел түрдегі корреспонденция тез арада жіберіледі.
17. Кіріс корреспонденциясы бөлім жетекшісімен түскен күні, ал жедел түрдегі корреспонденция тез арада қарастырылады. Бөлім бастығымен қарастыру нәтижесі бойынша, бұрыштама түрінде ресімделген сәйкесті тапсырмалар беріледі.   
            18. Бақылаудағы тапсырмалар, электронды пошта арқылы алынған телефонхаттар және тапсырмалар тіркелмей және басшылардың бұрыштамасын алмай тұрып, тиісті орындаушылармен жедел түрде орындалуы керек. Осы жұмыстың уақытылы орындалуын бақылауды іс қағаздар жүргізу және мамандар жұмысы бойынша маман қамтамасыз етеді.
            19. Жаңадан қабылданған қызметкерлер «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» ММ қызметін реттейтін, осы Регламентпен және басқа да құжаттармен, қол қойып таныстырылады.
            20.    Ұялы телефондарға қоңырау шалу бекітілген лимитке сәйкес жүргізілуі тиіс.
            21. Бөлім қызметкерлерінің киімі мемлекеттік қызметкерлердің жалпы қабылданған қызмет этикетіне сай болуы керек.
            22. Бөлімнің барлық қызметкерлері жұмыс күні ағымында аты-жөні, тегі көрсетілген бэйджик тағып жүруі тиіс.
            23. Жұмыскердің жұмыс орнында уақытша болмауы тек бөлім басшысының рұқсатымен шешіледі.
            24. Бөлім қызметкерлері  кеңсе жиһазына және техникасына күтімді қарауға міндетті.
            25. Мемлекет қызметкерлерінің ар-намыс Кодексінің сақталуы қызметкерлердің қызметтік борышы болып саналады.
            26. «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі» ММ жұмысының тәртібі:
            «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын ұй инспекциясы бөлімі» ММ келесі күн тәртібі орнатылған: 09.00 жұмыс басталу уақыты, аяқталуы сағат 18.30, түскі үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
             
4.Бөлімнің нормативтік-құқықтық актілерін
 дайындау және ресімдеу тәртібі
       35. Бөлімнің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындау Қазақстан Республикасының Конституциясы, Заңдар, Президент актілері және басқа да нормативтік- құқықтық актілер негізінде және оларды орындау үшін дайындалады.     
      36. Бөлімнің нормативті-құқықтық актілерін дайындау мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілері туралы», «Қазақстан Республикасының тілдер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдардың, 31.01.2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген №168 Кеңседегі іс-жүргізу нұсқаулығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2002 жылы 25 қыркүйекте №142 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылы 27 қыркүйекте тіркелген №1985, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативті-құқықтық актілерді дайындау, хаттау және келісімдеу нұсқаулығы және осы Регламент талаптарын сақтай отырып дайындалады.
      Мемлекеттік тілде дайындалган жобалардың қосымшалары қазақ алфавитіне сай құрылады.
        37. Қала әкіміне қол қоюға берілген шешім және өкім жобалары өз салалары бойынша басшылық жасайтын қала әкімі орынбасарларымен, әкім аппараты жетекшісімен, құқықтық қызмет және басқа әкімдіктің мүшелерімен келісіледі.   
            Келісім қол қою түрінде жүзеге асырылады.   
            Орындалуы қаржымен қамтамасыз етуді қажет ететін құжат жобасы міндетті түрде қаржы органдарымен келісіледі.
            Келісім рұқсатнамалары жобаның бірінші данасына қойылады.
            Жобамен келіспеген жағдайда барлық наразылықтар жазбаша түрде ұсынылады.
        38. Қаулы жобасында нақты уақыты мен орындауға жауаптылар көрсетілуі керек.
        39. Дайындалған қаулы жобасына орындаушы сұрақтың қысқаша мазмұнын баяндайтын анықтама және құжаттың қабылдану қажеттігі туралы негіздеме дайындайды.
        40. Нормативтік- құқықтық актінің жобасы мемлекеттік және орыс тілінде 2 интервал арқылы басылған 5 беттік мәтіннен аспауы керек.
        41. Аяғына дейін орындалған қаулы жобасы бекітілген үлгідегі бланкте, мемлекеттік және орыс тілдерінде басылады және қолдары жиналып әкім аппараты жетекшісі арқылы әкімге қол қоюға ұсынылады.
        42. Қаулының барлық сатыда өтуін, сапалы және уақытында дайындалуына сәйкес орындаушы жауапты.
       43.   Әкім қол қойған қаулының түпнұсқасы, орындаушы дайындаған және сәйкес бөлім бастығы қол қойған тарату сілтемесі толтырылып, құжаттамамен қамтамасыз ету бөліміне жіберіледі.
           Құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі дұрыс дайындалуын және барлық қажетті құжаттардың түгелдігін тексереді.
       44. Құжаттамамен қамтамасыз ету бөліміне таратылуға түскен қаулы  тіркеледі, оларға күнтізбелік  жылдың шегінде реттік нөмір беріледі.
       45. Мемлекеттік тіркеуге және БАҚ жариялауға жататын қала әкімінің нормативтік-құқықтық актілері құқықтық және консультативтік жұмыс бөліміне тіркеуге және сәйкес жұмыстар үшін жіберіледі.
5.Бақылауды ұйымдастыру және орындалуын тексеру
            46. Тапсырмалардың сапалы және уақытында орындалуына бақылауды ұйымдастыру  2000 жылғы  27 қарашадағы № 107 ҚР Заңдарымен «Әкімшілік рәсімдер туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», сонымен қатар нормативтік-құқықтық актілермен және осы Регламентпен жүзеге асырылады.
       47. Бақылауға:
1)     Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Үкіметтің қаулылары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бекіту және өкім сипатына жатпайтын шешімдері мен өкімдері;
2)     Облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат жетекшісінің шешімдері, өкімдері, тапсырмалары, жоғары тұрған органдардың құжаттары;
3)     Қала әкімдігінің қаулылары, қала әкімінің шешімдері, өкімдері және тапсырмалары алынады.
        48. Бақылауды ұйымдастыру жауапкершілігі және орындалуын тексеру бөлім басшысына жүктеледі.
            Бөлім басшысы нормативтік-құқықтық актілерді және жоғары тұрған органдардың басқа да құжаттарын, қала әкімі тапсырмаларының, жоғары тұрған органдардан түскен телефонхаттардың орындалу барысын бақылайды.
       49. Орындау мерзімі көрсетілмеген құжаттар, бір айдың ішінде қаралады. Құжатта басқа мерзім көрсетілмесе, орындау мерзімі бөлімге түскен күннен бастап есептеледі. Тексте «шұғыл» деген белгісі бар тапсырмалар жедел түрде орындалады.
       50.  Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу және қаралу мерзімін ұзарту, жүргізілу жұмыстар туралы және бақылаудан алу себебі туралы ақпаратты ұсыну негізінде қала әкімінің немесе тікелей тапсырма берген әкім орынбасарларының бұрыштамасы бойынша іске асырылады.
       51. Егер құжатты уақытында орындауға болмайтындай объективті себептер туындаса – орындаушы бөлім құжатты орындаудың мерзімін ұзарту туралы толық негіздеме жасап басшылыққа қызметтік хат дайындайды.
             Құжаттар онда қойылған сұрақтар шешілгеннен кейін және ол жөнінде сәйкес жоғары тұрған органдарға хабарланғаннан кейін ғана бақылаудан алынады.
             Президент әкімшілігіне, Премьер-Министрдің Кеңсесіне жіберілетін есептер, ақпараттар актілердің оындалғаны туралы көлемі 3-беттен, ал негізгі сұрақтар бойынша   5-беттен аспайтын толық мәлімет берілуі керек.
        52. Мамандармен жұмыс және іс қағаздар жүргізу бойынша маман орындалу уақытының сақталуын қадағалайды және бөлім басшысына бөлімдегі орындау тәртібі туралы ақпарат дайындайды.
6.Қала әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылау.
        53. Қала әкімінің аппарат мәжілістерінде берілген тапсырмаларының, қызметтік құжаттардың орындалуының ұйымдастырылуын бақылау бөлім басшысына жүктеледі.
        54.  Нақты орындау уақыты анықталмаған тапсырмаларға тапсырма берілген күннен бастап бір айдан көп емес ұзақтыққа орындау уақыты белгіленеді.
        55. Бірнеше орындаушыға берілген тапсырманың орындалуын, орындаушылар тізімінде бірінші көрсетілген қызметтік тұлға үйлестіреді.
        56.  Бірнеше орындаушыға берілген тапсырманың орындалуын, орындаушылар тізіміне бірінші көрсетілген қызметтік тұлға үйлестіреді.
         57. Тапсырманы орындауды үйлестіретін  қызметтік тұлға орындалу туралы түскен ақпаратты жинақтайды және сәйкес шешім қабылдау үшін қала әкімі атына ұсыныс енгізеді.
         58. Тапсырманы орындауға қосымша уақыт қажет болған жағдайда, орындаушы тапсырма берген қызметтік тұлғаға, негізгі себептерді көрсетіп орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш жазады.
         59. Тапсырмалардың орындалуын бақылау төмендегі жолдармен өтеді:
1)  орындалуы туралы ақпаратты талап ету;
2)  түрлі нұсқадағы құжаттамалық талап ету;
3)  көрсетілген мекенге барып тексеріс жүргізу;
4) қала әкімі орынбасарлары деңгейінде орындалуы туралы есепті тыңдау және ақпаратты тыңдау;
5)  басқа да заңға қарсы келмейтін әдістермен.
         60. Бақылау мына параметрлер бойынша жүргізіледі:
1) уақытылы, сапалы және толық орындалуы;
2) орындау кезеңінде заң талаптарының сақталуы.
         61. Бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту, тапсырманы орындауға қосымша бақылауды тағайындау қала әкімі рұқсатымен жүргізіледі.
         62.  Бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту, қосымша бақылауды тағайындауға негіз болып – қала әкімі орынбасары қол қойған қызметтік хат, баяндау хат, анықтама, ақпарат болып табылады.
             Бақылаудан алынатын, орындау мерзімі ұзартылатын құжаттар ұйымдастыру жұмысы және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінде тіркеуден өткеннен кейін қала әкіміне беріледі. 
7.Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі
      63. «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль   жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру міндетіне мамандармен жұмыс және іс қағаздар жүргізу жұмысы кіретін бас маманға жүктеледі.
       64. «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль   жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру ҚР Президентінің «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Жарлығына, ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сай жүргізіледі.
       65. Бөлімге түскен азаматтардың өтініштері түскен күні тіркеледі, оны басшылар үш күн мерзім ішінде  қарастырады. Орындау туралы нұсқау бөлім басшысының бұрыштамасы түрінде беріледі.
       66. Азаматтардың өтініштері тіркелген күннен бастап бір ай мерзімде қаралады және сол бойынша шешім қабылданады, ал қосымша зерттеуді және тексеруді қажет етпейтін өтініштер 15 күн ішінде қаралады. Қосымша тексеріс жүргізу қажет болған жағдайда, бір айдан артық емес мерзімге ұзартылады, және ол туралы өтініш иесіне хабарланады.
       67. Азаматтардың өтніштерінде қойылған сұрақтар толық қаралса, ол бойынша қажетті шаралар қолданылса және өтініш иесіне жауап берілсе, өтініш шешілген болып табылады. Егер сұрақты қарау мерзімі ұзартылса, онда өтініш аяғына дейін орындалғанша қосымша бақылауға алынады.
        68. Азаматтардың өтініштерін қарау бірнеше бөлімге тапсырылған жағдайда, үйлестіруді бұрыштамада бірінші көрсетілген бөлім жасайды. Сол бөлім тексеріс қорытындысы бойынша анықтама жасайды, онда тексеріске қатысқан барлық мамандар қол қояды, сондай-ақ өтініш иесіне негізделген жауапты дайындайды.
         69. Азаматтардың өтініштерін қарауды тоқтату туралы және істерді бақылауан алу туралы шешімді қала әкімі немесе әкім міндеттерін уақытша атқару жүктелген әкім орынбасары қабылдайды.
        70.Түскен өтінішті бақылаудан алуға негіздеме болып, орындаушы бөлімнің бекітілген үлгідегі құжаты (қызметтік хат, анықтама), алдыңғы тексерістің қорытындылары тіркелген қаралу материалдары немесе өтініш иесіне берілген түгесілген жауап болып табылады.
        71. Бөлім бастығы күн сайын бекітілген кестеге сай азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау өткізеді.
        72. Келушілерді қабылдауды тіркеу тегі, аты-жөні, әкесінің аты, жұмыс орны және қызметі, мекен-жайы, өтініштің қысқаша мазмұны, тапсырма және қаралу қорытындысы бойынша жүргізіледі.
         73. Қабылдау кезінде өтініштер мен арыздар жазбаша түрде мазмұндалады және олармен жазбаша өтініштер сияқты жұмыс  жүргізіледі.
8.Іс сапарға  жүру тәртібі.
         74. Бөлім басшысының іс сапарға аттануы қала әкімінің өкіміне сәйкес жүргізіледі, қызметтік жол жүру мерзімі мен мақсаты көрсетіледі, және жол жүру уақытын есепке алғандағы қызметтік жолға шығу шығындары өтеледі.
          75. Бөлім мамандарының іс сапарға аттануы бөлім басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады, қызметтік жол жүру мерзімі мен мақсаты көрсетіледі, және жол жүру уақытын есепке алғандағы қызметтік жолға шығу шығындары өтеледі.
          Қызмет бабымен жолға шыққан жұмыскерлердің іс сапар уақыты барысында жұмыс орны (қызметі) және орташа еңбекақысы сақталады.
9.Қорытынды ережелері.
          76. Бөлім басшысы осы Регламенттің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.


Дата редактирования: 13 Шілде 2015

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика