ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бөлім ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімнің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдерін қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Балқаш көшесi, 5 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы: 
мемлекеттік тілде – «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттiк мекемесi;
орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Приозерск».
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Бөлімнің миссиясы: кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауыл аймақтарын және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу саласы бойынша бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық  саласында стратегиялық мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру.
14. Бөлімнің міндеттері:
1) қаланың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;
2) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
15. Бөлімнің функциялары:
1) Бөлімнің құзыретіне кіретін қаланың әлеуметтік-экономикалық орта мерзімдік даму жоспарын өндеуге ат салысу;
2) үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жобаларды іздеу және жүргізу;
3) қазақстандық үлесті қамтамасыз ететін ірі жүйе құраушы кәсіпорындар мониторингісін жүргізу;
4) өнеркәсіп кәсіпорындарындағы негізгі капиталды инвестициялау мониторингісін жүргізу;
5) қаланың шағын кәсіпкерлерімен көрме, байқау, жәрмеңке, көшпелі сауда ұйымдастыру;
6) қала әкіміне немесе әкім орынбасарына басшылық жасайтын сұрақтар бойынша ақпаратты жинақтау, жалпылау, талдау, дайындау;
7) қалада шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдаудың инфрақұрылымдық объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз ету;
8) жеке кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
9) Бөлімнің құзіретіне жататын сұрақтар бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, қарау және Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес тәртіп пен мерзімде арыз берушіге қабылданған шешім бойынша хабарлау;
10) мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыруға қатысу және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда жеке және мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіру;
11) агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын және мемлекеттік реттеу саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізу;
12) аумақтың ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын дайындау және оның орындалуын бақылау;
13) ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарын тіркеу және есепке алу;
14) ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
15) емтихан қабылдау мен тракторист-машинист куәлігін беру;
16) жыл сайынғы техникалық байқаудан өту құжаттарының сәйкестігін бақылау;
17) ауыл шаруашылығы саласы бойынша субсидияларды алу жөнінде ақпарат беру, жеке және заңды тұлғалардан тиісті құжаттарды қабылдау;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) әкімге немесе қала әкімдігіне кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша ұсыныс жасауға;
2) өз құзыреті денгейінде мемлекеттік органдарға қала әкімі орынбасарының келісімі бойынша ақпараттық-аналитикалық ақпараттар дайындауға және ұсынуға;
3) қалалық атқарушы билік органдарынан, басқару органдарынан, кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажетті материалдарды белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;
4) әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар бағасына мониторинг жүргізуге;
5) өзінің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын даярлауға;
6) қала әкімі мен әкім орынбасарларының қатысуымен өтетін қала әкімдігі отырысына, жиналыстарға тиісті мәселелер бойынша қатысуға;
7) Бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша қала әкіміне шешімдер, өкімдер мен ұсыныстар жобаларын ұсынуға, белгіленген тәртіпте жиналыстар ұйымдастыруға;
8) қала бөлімдері мен мекеме мамандарын жобаны өңдеуге, баяндама, ақпарат әзірлеуге қатыстыруға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге;
10) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық жағдайы бойынша ақпараттар, баяндамалар жасауға;
11) инновациялық жобаларды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;
12) кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру саясатына қатысуға;
13) жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес  субьектілеріне ақпараттық, тәжірибелік көмек көрсетуге;
14) бөлім құзыретіне кіретін барлық сұрақтар бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдармен, басқа ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылын үйлестіруге;
15) базарларға төлқұжат беру және категория тағайындау үшін Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасына құжат дайындауға;
16) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.


3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Бөлімнің бірінші басшысын Приозерск қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) заңнамаларға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке алады және қызметтен босатады;
2) заңдарда көзделген тәртіпте Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және мадақтау бойынша шаралар жүргізеді, еңбек қатынастары бойынша сұрақтарды шешеді;
3) бұйрықтарға қол қояды;
4) барлық мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдарда Бөлім атынан өкіл болады;
5) сенімхат береді;
6) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.


4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 


Дата редактирования: 18 Тамыз 2015

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика