ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бөлім регламенті

         1.Жалпы ережелер
1. «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемелекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Приозерск қаласының аумағындағы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында басқарудың қызметін жүзеге асырады.
      2. Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарымен, Қазақстан Республикасындағы басқа да  нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
3. Іс қағаздарын жүргізу және ұйымдастыру, Бөлім атына түскен хаттарды, сондай-ақ хабарламаларды  қабылдау, өңдеу және тарату іс жүргізу жұмысына жауапты қызметкермен жүзеге асырылады.
4. Бөлім қызметкерлері Бөлім басшысымен анықталған міндеттерді орындайды. Бөлім басшысы ұзақ мерзімде болмаған кезеңде немесе өзінің міндеттерін орындай алмайтын жағдайда оның өкілеттіктерін басшының орынбасары орындайды.      
          2. Кіріс және шығыс корреспонденцияларды қарау және жіберу
5. Бөлімге, бөлім басшысына  жеке және заңды тұлғалардан түсетін барлық корреспонденциялар, сондай-ақ хаттар мен өтініштер тіркеледі және басшықа қарау мен тиесілі тапсырмаларды орындайтын қызметкерді(бұрыштаманы)  белгілеп көрсету үшін беріледі.
6. Бөлім қызметкерлері құжаттардың орындалуы туралы күн сайын бөлім басшысына есеп беріп отырады.
7. Құжаттардың орындалуы мен сақталуы орындаушыларға жүктеледі.
8. Бөлім басшысы өзінің өкілеттігіне сәйкес бөлім жұмысы бойынша құжаттарды қарастыруға, қызметкерлерге тапсырма беруге және олардан қажетті ақпаратты алуға құқылы.
9. Бөлім атындағы құжаттарға бөлім басшысымен қол қойылады.
10. Бөлімнің барлық корреспонденциялары мемлекеттік тілде (құқықтық акттардан басқа) іс жүргізуге жауапты маманмен жіберіледі. Барлық шығыс корреспонденция түскен күні іс жүргізуге жауапты қызметкерге беріледі, телеграмма и шұғыл корреспонденциялар тез арада қабылданып, шұғыл түрде жіберіледі.
11. Іс жүргізуге жауапты қызметкер қызметтік құжаттардың белгіленген тәртіпте өтуіне, жұмыс барысына талдау жасайды, ол жайында бөлім басшысын хабардар етеді.
12. Бөлім құжаттарын көбейтуге, көшірмесін түсіруге бөлім басшысы рұқсат береді.
3. Жұмыс жоспары
13. Бөлім өз жұмысын негізі шаралардың жылдық, тоқсандық жоспарына негіздеп құрады.
14. Жылдық, тоқсандық және айлық жоспарлар Бөлім басшысымен бекітіледі.
15. Жоспарлардың жобалары келесі тәртіпте жасаланылады:
            1) Бөлім қызметкерлері өз ұсыныстарын жазбаша түрде іс жүргізуге жауапты қызметкерге  жоспарланатын кезеңге 10 күн қалғанда береді;
2) жоспарладың жобалары Бөлім басшысына бекітуге беріледі.
           16. Бөлімнің жұмыс жоспарының орындалуын басшы бақылайды.
4. Бөлім басшысы алдындағы мәжілісті дайындау және өткізу
           17. Бөлім алдындағы мәжіліс  айына 1 реттен көп емес өткізіледі.
         18. Мәжілісті дайындау мәжіліске сұрақтары қойылатын қызметкерлер жүзеге асырады.
          19. Бөлім алдындағы барлық мәжілістерге протоколдар жасалынады және бір жыл ішінде оларды өткізуге жауапты қызметкерде сақталынады, бір жыл өткен соң мұрағатқа тапсырылады.
5. Бөлім басшысының бұйрықтарын дайындау, рәсімдеу , көбейту тәртібі
           20. Бөлім басшысының бұйрықтарының жобаларын дайындау Бөлім басшысымен бекітілген іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.
           21. Бұйрықтар жобаларын уақтылы, сапалы жасауға  іс жүргізуге жауапты қызметкер  жеке жауап береді.
           22. Қол қойылған бұйрық түпнұсқасы басшымен іс жүргізуге жауапты қызметкерге тапсырылады. Түпнұсқаға қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге болмайды.                                                              
6. Орындалуын бақылау тәртібі
         23. Құжаттардың орындалуын тексеру мен бақылауды іс жүргізуге жауапты қызметкер жүзеге асырады.
       24. Бөлім мен Бөлім басшысына қатысты тапсырмалардан тұратын бөлімдер, басқармалар, облыс департаменттерінен түскен хаттар мен сұраулар, қала, облыс әкімі тапсырмалары, әкім қаулылары, шешімдері, өкімдері бақылауға алынады.      
25. Кіріс құжаттары тіркелгеннен кейін және Бөлім басшысымен қаралғаннан соң іс жүргізуге жауапты қызметкерге түседі.       26. Орындауға нақты шаралар қабылдауды қажет ететін құжатқа «Бақылау»  бақылау-тіркеу карточкасы толтырылады. 
          27. Бөлімге түскен құжаттардың орындалу мерзіміне бақылауды Бөлім басшысы жүзеге асырады.
         28. Бақылау құжаттарын орындау мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы №168 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіндегі, орталық және жергілікті атқарушы органдарындағы құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықпен реттеледі, оған сәйкес құжат онда көрсетілген мерзімде орындалады, егер нақты мерзім көрсетілмегенде – бір ай мерзімде, «жедел» немесе «тездету» деген белгісі бар тапсырмалар 10 күн ішінде орындалады.
           29. Бақылауды жүзеге асырудың жалпы тәртібі:
        1)  Іс жүргізуге жауапты қызметкер Бөлімдегі бақылау жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады;         
        2) бақылауда тұрған құжаттарға есепті іс жүргізуге жауапты қызметкер жүргізеді ;
        3) тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда,  орындаушы 3 күн қалған кезде жоғары тұрған инстанцияға орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш білдіруі  және ол туралы бөлім басшысына жазба түрде хабарлауы қажет. 
       4) Бақылауға қойылған ұзақ мерзімді әрбір құжатқа орындаушымен жинақтау мұқабасы (ісі) толтырылады.
           Жинақтау мұқабасындағы құжат келесі тәртіпте топталады:
           бақылаудағы құжаттың көшірмесі;
          ақпараттар, анықтамалар, мәжілістер протоколдары, тексеру материалдары, деректі сұрақтар бойынша басшының тапсырмалары мен бақылау құжаттың орындалу барысы туралы басқа да құжаттар (хронологиялық ретте орналастырылады);
           бақылаудан алынғаны туралы анықтама.
        5) Бөлім жұмыскерлері қала әкім аппаратының ұйыдастыру және кадр бөліміне (сұрау түскен кезде) бақылауда тұрған құжаттың орындалғаны туралы анықтама–ақпарат береді;
          6) құжаттар бақылаудан алынады:
          жаңа құжат негізінде күші жойылған кезде;
          қойылған мерзімнің өтуіне байланысты;
         қойылған сұрақтар толық шешілгеннен және Бөлім басшығын ол туралы хабардар еткеннен кейін;
         7) құжат бақылаудан алынғаннан кейін орындаушы ол жайында сол күні қызығушы тұлғаға хабарлайды.

7. Кадрлармен жұмыс
        30. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес кадрлармен жұмысты  кадр жұмысына жауапты қызметкер қамтамсыз етеді:
           Бөлім қызметкерлері лауазымдарының санатына есеп жүргізеді;
        Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастырады, олардың қызметтік тізіліміне қажетті жазуларды енгізеді;
        Бөлім басшысының мемлекеттік қызметкерлерді тағайындауға немесе босатуға, демалыс беруге бұйрықтардың жобаларын дайындайды;
          мемлекеттік қызметтің бос лауазымдық орнына конкурс, аттестация өткізуді, ант қабылдауды, мемлекеттік қызмет лауазымының орнын басқан кезде мемлекеттік қызметшілердің сынақтан өтуін қамтамасыз етеді;
      мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтық жағдайы туралы кеңес береді,    мелекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтауды бақылайды;
мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дайындық деңгейіне талдау жасау, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру мен қайта даярлауды ұйымдастыру.
8. Бөлімде азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыру және өтініштерімен жұмыс    
31. Азаматтардың өтініштерімен жұмысты және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын іс жүргізуге жауапты қызметкер, ҚР Президентінің «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Жарлығына, ҚР-ның «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сай жүргізеді.
          32. Бөлімде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын дұрыс ұйымдастыру жауапкершілігі іс жүргізуге жауапты қызметкерке жүктеледі.       
33. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштері Бөлім басшысына қарастыруға беріледі. Өтініштерді орындау туралы нұсқау бұрыштама түрінде беріледі және Бөлім қызметкерлеріне орындауға жіберіледі.
          34. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштеріне жауапты Бөлім басшысы береді. Өтініш шешімін тапқан деп есептеледі, егер онда қойылған сұрақтар қарастырылған, олар бойынша қажетті шаралар қабылданған және жауап берілген болса.
        35. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштері бойынша істі тоқтату мен бақылаудан алу туралы шешімді Бөлім басшысы қабылдайды. Түскен өтінішті бақылаудан алудың негізі бекітілген түрдегі құжат болып табылады (қызметтік жазбахат, анықтама немесе өтініш білдірушіге жауап).
       36. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Орталық және жергілікті атқару органдарында азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру туралы» Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Бөлім басшысының азаматтарды жеке қабылдауы кестеге сай жүргізіледі, белгіленген күндері мен сағаттарында. Қабылдау кестесі бөлім ғимаратының холында ілінген.

9.  Мәжілістерді, семинарларды дайындау мен өткізу, Бөлім жұмыскерлерін шақыру тәртібі
          37. Мәжілістер, семинарлар мен басқа да іс-шаралар бөлім жұмыскерлерін шақырумен негізгі іс-шаралардың жоспарына сәйкес немесе Бөлім басшысы келісімімен өткізіледі.
10. Бөлімнің жұмыс уақытының регламенті
           38. Бөлімнің жұмыс күні 9-00-да басталады және сағат 18-30-ге дейін жалғасады, түскі үзіліс - 13-00-ден 14-30-ге дейін.
           Бөлімнің жауапты және техникалық жұмыскерлері үшін нормаланбаған жұмыс күні белгіленеді.


Дата редактирования: 18 Тамыз 2015

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 385.55
Евро 426.57
Рубль 6.05
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика