ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

стратегиялық жоспар


1. Қызметі және мұраты

Қызметі: Қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуін және бәсекелестігін қамтамасыз ететін кәсіпкерлік және экономиканың нақты секторы саласында мемлекттік саясатты жүзеге асыру.

Мұраты: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге мүмкіндік беретін сапалы экономиканың өсуі, тиімді мемлекеттік басқару.

ӨНЕРКӘСІП
Приозерск қаласы Сары-Шаған полигонының әкімшілік орталығы болып табылады. Қала құраушы кәсіпорындар Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы әскери бөлімдері.
Өнеркәсіп бойынша, оның ішінде қалада өңдеу өнеркәсібінде бір ғана кәсіпорын құрылтайшысы Приозерск қаласының әкімдігі болып табылатын «Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру» КМК жұмыс істейді.
Негізгі  қызметі су, жылу өндіру және кәріз қызметі.
2009 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 514,1 млн,теңгені құрап 2008 жылмен салыстырғанда 50,5 млн.теңгеге өсті. Оның ішінде  өнеркәсіп көлемінің  Айғақты индекс көлемі  84,4 % құрады.
Қаланың жалпы жоспарлы өнеркәсіп өнім көлемінде кәсіпорынның өнім бөлігі 2009 жылы 88,4 % құрады.
Қала бойынша  өнеркәсіп көлемінің 2008 жылды өсуі маусым айында Теміртау қаласының «Интерэнергострой» ЖШС-нің филиалы «Энергосбыт» АҚ-ның қала аумағында  тау-кен өндіруде геологиялық зерттеудің сынақ жұмыстарын жүргізуіне байланысты болды. Өндірістің көлемі 94,7 млн. теңгені құрады.
Бүгінгі күнде Сары-Шаған полигоны аумағында орналасқан «Ақжар-Сарытұм» марганец өндіру кен орнында заңдылық тұрғыдан қиындықтардың туындауына байланысты 2009 жылы марганец өндіру жүргізілген жоқ.
Қалада 2010 жылдың 1 желтоқсанына үй шаруашылығымен қоса алғанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1307,8 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 356,6 %  орындалды.
Ағымдағы жылы бұл көрсеткіштің бірден-бір өсуіне «Ер-тай» ЖШС тау-кен жұмыстарымен айналысып алтын құрамды концентрат өндіруі себеп болып отыр. Бірінші желтоқсанға статистикалық есеп бойынша оның көлемі 1004,4 млн.теңгені құрады.

ИНВЕСТИЦИЯ САЛАСЫ.
2009 жылға негізгі  капиталға  инвестиция салу көлемі 1573,5 млн. тенге жетіп 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 126,4%. Инвестицияның өсу қарқынының жоғарылауы мемлекеттік салымға байланысты болып отыр. Оның ішінде  республикалық бюджеттен  1024,9 млн. тенге, жергілікті  бюджет 88,6 млн. тенге, сонымен қатар 460 млн. тенге  кәсіпорндардың және ұйымдардың   өз меншігінен, халықтың сонымен қатар  шағын кәсіпкерліктің субъектілерінің меншігінен.
Негізгі капиталдың балық көлеміндегі 460 млн. теңгенің үлес салмағын келесі кәсіпорындар «Балқаш-Нұрсая» -32,6% (150 млн.тенге), «Приозерск строимастер» ЖШС - 9,6%, (44 млн.тенге),  «Медикал» ЖШС – 7,1%, (32,9 млн.тенге), «Грант Құрылыс» ЖШС – 5,3%, (24,3 млн.тенге), «Құрылыс Приозерск» ЖШС – 1,5%, (7 млн.тенге), жеке кәсіпкерлер – 2,4%, (11 млн.тенге) және жеке тұрғын-үй құрылысын салу  – 41,5%, (190,8 млн.тенге) құрап отыр.
2010 жылы негізгі капиталға инвестиция салу 1667,9 млн. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Қала бойынша ағымдағы жылдың бірінші желтоқсанына негізгі капиталға инвестиция салу көлемі 1140,8 млн. теңгеге жеттіп, өткен жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда 182,9 пайыз.

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ  ДАМУЫ       
2009 жылы тіркелген заңды және жеке тұлғалар, яғни шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4 % өсіп 339 бірлікті құрады, онда жұмыс істейтіндер саны өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10,8% ұлғайып, 708 адамға жетті, ал өткен жылмен салыстырғанда шығарылған өнім көлемі  (жұмыс, қызмет көрсету) 843,2 млн.теңгені құрап 6,5%  пайызға артық орындалды.
2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерліктегі субъектілердің саны 3,4%-ға, жұмыс істейтіндердің саны 1%-ға, өндірген өнім көлемі (жұмыс,қызмет көрсету) 5%-ға ұлғайуы күтілуде.
Аймақтық-Даму бағдарламасы бойынша облыстық комиссияға  29 млн.теңгені құрайтын 2 жоба (ЖК Кобенов, ЖК Еспенбетов) жолданған болатын. Кепілдеме мүлкінің жарамсыз болуына байланысты кәсіпкерлер бұл бағдарлама бойынша несие ала алмады.  
Қалада «Приозерск қаласының кәсіпкерлер қауымдастығы» жұмыс жасайды, қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесі және  Қазақстан  кәсіпкерлер  қауымдастығының  өкілдігі, сонымен қатар қаланың қоғамдық-саясаттық өміріне қарқынды үлес қосуда.
Сонымен қатар ай сайын кәсіпкерлердің қала әкімімен кездесуі болып отырады. Кездесуде заңдарды түсіндіру, жер телімін беруде және жекешелендіруде туындаған мәселелер қарастырылады.
Қарағанды облысы әкімдігі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арасында жасалған Меморандумға сәйкес, «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді, кәсіпкерлікті бастайтын тұрғындарды жедел тегін кезеңдік оқыту курыстары жүргізіліп 2009-2010 жылдар аралығында 140 адам оқытылып сертификатталды.
Қаланың салық салу базасын кеңейту, кассалардан түбіртектер талап ету, салық мәдениетін көтеру мақсатында жасалған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2010 жылдың 1 қарашасынан 1 желтоқсан аралығында «Түбіртекті талап етіп – жүлдені ұтып ал» акциясы жүргізілді. Аталған акция бойынша бөлімде ереже дайындалып түбіртекті көп жинаған адамдарға жүлделі орындар берілді.
Қазақстан Республикасының  призидентінің Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру  стратегиясы, қойылған  міндет, бәсекеге қабілетті экономика құру үшін ISO сериялы сапа менеджмент жүйесін енгізу. Осы ретте қалада жұмыс пен қызметті  мемлекеттік  стандарттау мөлшерін енгізу қарқынды жүргізілуде.
Бүгінгі күнде ЖҚС (жанармай құю станциялары), «Центральный» мейрамханасы, «Садко» дәмханасы қызметтері стандарталған.
2009 жылы Приозерск қаласының «Гранд Құрылыс» ЖШС ISO сериялы сапа менеджмент жүйесінің 9001-2000, 14001-2004 стандартын енгізді.


Дата редактирования: 20 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика