ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бөлім регламенті

«Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЖҰМЫС РЕГЛАМЕНТІ

1. Жалпы ережелер
1. «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқару функциясын жүзеге асыруға, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзiрлеуге, қалалық бюджетті атқару және қалалық коммуналдық меншікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерімен, Қазақстан Республикасындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерімен, Қарағанды облысы мен Приозерск қаласы әкімдерінің қаулыларымен, мемлекеттік мекеме ережесімен және осы Регламентпен реттеледі.
3. «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі - өз қызметінің шегінде қалалық даму бағдарламаларын жүзеге асыруды өңдеп және қамтамасыз етеді;
- алдағы жоспарлық кезеңде бюджетке түсетін қаражаттар түсімдерінің көлемін анықтайды;
- жергілікті бюджеттің қолма-қол ақша ресурстарына талдау және болжам жасайды;
- даму бюджетінің игерілуіне, инвестициялық жобаларға (бағдарлама) мониторинг жүргізеді;
- мемлекеттік мүлікті басқаруға сараптама және бағалау жасайды;
- қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
- бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
- міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын құрастырады, бекітеді және жүргізеді;
- бюджет қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттердің тіркелуін, олардың есепке алынуы мен мониторингін жүзеге асырады;
- тұрақты және жүйелі жинақтау, бюджетті атқару көрсеткіштерін бақылап отыру және талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарын келіседі;
- бюджеттік ақшамен басқарады;
- қала бюджетінің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді;
- Приозерск қаласы әкімдігінің борышын өтеуді және қызмет етуді қалалық мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған қалалық бюджет туралы шешіміне сәйкес қамтамасыз етеді;
- қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте қала әкімдігі резервінен қаражатты бөлу туралы өтініштерді қарайды;
- бюджеттік ақшамен басқару бойынша қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметі тиімділігінің жыл сайынғы бағалауын іске асырады;
- мемлекеттік органдардың, мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруының мониторингсін ұйымдастырады және жүргізеді;
Қалалық коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру саласында:
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
- қалалық коммуналдық мүлікті басқарады;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;
- қалалық коммуналдық мүлікті қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
- қалалық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
- қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- қалалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
- қалалық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
- сенімгерлікпен басқарушының қалалық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
- мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
- сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болуын жүзеге асырады;
- қалалық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
- мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, қалалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;
- қалалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
- қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім береді;
- қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
- жергілікті бюджет есебінен ұстап-күтілетін мемлекеттік мекемелердің мүлігін шығынға жазуын келіседі;
- иесіз мүліктердің, объектілерді анықтау есебін жүргізу және ретке
келтіру бойынша жұмыстар атқарарады;
4. «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі бөлімнің бюджеттік жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Регламенттің сақталуын бақылауды бөлім басшысы жүргізеді.
6. Жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау жауапкершілігі, іс қағаздарын жүргізу, орындалуды бақылау, есеп жүргізу, сақталуды және құжаттардың уақытында өтуін бақылау, бөлімнің іс қағаздар жүргізу және мамандар жұмысы бойынша маманға жүктеледі.
7. Мекемелер және азаматтармен қызметтік хат алмасу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
8. Осы Регламентпен белгіленген жұмыс тәртібін сақтауына бөлімнің барлық қызметкерлері міндетті.

2. «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау
9. «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі жоспар негізінде құрылады.
Жұмыс жоспарын жасаудағы жалпы басшылықты бөлім басшысы жүргізеді.
10. Бөлімнің жұмыс жоспары бөлім басшысымен бекітіледі және сәйкесті әкім орынбасарымен келісіледі.
11. Мәжіліс регламенті:
- күнделікті сағат 18.00-де бөлім басшысымен мамандармен орындалған жұмыс туралы есебі тыңдалады;
- апта сайын дүйсенбі күндері сағат 10-00-де жедел жиналыстар өткізіледі, онда жоспарға сай ақпараттар мен есептер, сонымен қатар жедел түрдегі сұрақтар тыңдалады;
12. Бөлімнің ережесі қала әкімінің қаулысымен бекітіледі. Бөлім
қызметкерлерінің арасындағы функционалдық міндеттерді бөлу әкім
орынбасарымен және бөлім басшысымен бекітілген лауазымдық
нұсқауларында анықталады.
13. Бөлім басшысымен азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауы бекітілген кестеге сай, күн сайын сағат 17.00-ден бастап жүргізіледі.
14. Кіріс іскер корреспонденциясы жұмыс күндері сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін қабылданады.
15. Тіркелген, тиісті үлгіде рәсімделген корреспонденция жолданым иесіне жіберіледі.
16. Тіркеу, бөлу, ресімделу және корреспонденцияның жолданым иелеріне жеткізу түскен кезден бір сағат ішінде, ал жедел түрдегі корреспонденция тез арада жіберіледі.
17. Кіріс корреспонденциясы бөлім жетекшісімен түскен күні, ал жедел түрдегі корреспонденция тез арада қарастырылады. Бөлім басшысының қарастыру нәтижесі бойынша, бұрыштама түрінде ресімделген сәйкесті тапсырмалар беріледі.
18. Бақылаудағы тапсырмалар, электронды пошта арқылы алынған телефонхаттар және тапсырмалар тіркелмей және басшылардың бұрыштамасын алмай тұрып, тиісті орындаушылармен жедел түрде орындалуы керек. Осы жұмыстың уақытылы орындалуын бақылауды іс қағаздар жүргізу және мамандар жұмысы бойынша маман қамтамасыз етеді.
19. Жаңадан қабылданған қызметкерлер «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін реттейтін, осы Регламентпен және басқа да құжаттармен, қол қойып таныстырылады.
20. Ұялы телефондарға қоңырау шалу бекітілген лимитке сәйкес жүргізілуі тиіс.
21. Бөлім қызметкерлерінің киімі мемлекеттік қызметкерлердің жалпы қабылданған қызмет этикетіне сай болуы керек.
22. Бөлімнің барлық қызметкерлері жұмыс күні ағымында аты-жөні, тегі көрсетілген бэджик тағып жүруі тиіс.
23. Жұмыскердің жұмыс орнында уақытша болмауы тек бөлім басшысының рұқсатымен шешіледі.
24. Бөлім қызметкерлері кеңсе жиһазына және техникасына күтімді қарауға міндетті.
25. Мемлекет қызметкерлерінің ар-намыс Кодексінің сақталуы қызметкерлердің қызметтік борышы болып саналады.
26. «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысының тәртібі:
«Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде келесі күн тәртібі орнатылған: 09.00 жұмыс басталу уақыты, аяқталуы сағат 18.30, түскі үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

3. Бөлімнің нормативтік - құқықтық актілерін
дайындау және ресімдеу тәртібі

27. Бөлімнің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындау Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар, Президент актілері және басқа да нормативтік- құқықтық актілер негізінде және оларды орындау үшін дайындалады.
28. Бөлімнің нормативті-құқықтық актілерін дайындау мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілері туралы», «Қазақстан Республикасының тілдер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдардың, 31.01.2001 жылы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен бекітілген №168 Кеңседегі іс-жүргізу нұсқаулығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2002 жылы 25 қыркүйекте № 142 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылы 27 қыркүйекте тіркелген № 1985, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативті-құқықтық актілерді дайындау, хаттау және келісімдеу нұсқаулығы және осы Регламент талаптарын сақтай отырып дайындалады.
Мемлекеттік тілде дайындалган жобалардың қосымшалары қазақ алфавитіне сай құрылады.
29. Қала әкіміне қол қоюға берілген шешім және өкім жобалары өз салалары бойынша басшылық жасайтын қала әкімі орынбасарларымен, әкім аппараты жетекшісімен, заң қызметкерлерімен және басқа да қызығушылығы бар бөлімдермен келісілуі тиіс.
1) Келісім қол қою түрінде жүзеге асырылады.
2) Орындалуы қаржымен қамтамасыз етуді қажет ететін құжат жобасы міндетті түрде қаржы органдарымен келісіледі.
3) Келісім рұқсатнамалары жобаның бірінші данасына қойылады.
4) Жобамен келіспеген жағдайда барлық наразылықтар жазбаша түрде ұсынылады.
30. Қаулы жобасында нақты уақыты мен орындауға жауаптылар көрсетілуі керек.
31. Дайындалған қаулы жобасына орындаушы сұрақтың қысқаша мазмұнын баяндайтын анықтама және құжаттың қабылдану қажеттігі туралы негіздеме дайындайды.
32. Нормативтік- құқықтық актінің жобасы мемлекеттік және орыс тілінде 2 интервал арқылы басылған 5 беттік мәтіннен аспауы керек.
33. Аяғына дейін орындалған қаулы жобасы бекітілген үлгідегі бланкте, мемлекеттік және орыс тілдерінде басылады және қолдары жиналып әкім аппараты жетекшісі арқылы әкімге қол қоюға ұсынылады.
34. Қаулының барлық сатыда өтуін, сапалы және уақытында дайындалуына сәйкес орындаушы жауапты.
35. Әкім қол қойған қаулының түпнұсқасы, орындаушы дайындаған және сәйкес бөлім бастығы қол қойған тарату сілтемесі толтырылып, бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету бөліміне жіберіледі.
Бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі дұрыс дайындалуын және барлық қажетті құжаттардың түгелдігін тексереді.
36. Бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету бөліміне таратылуға түскен қаулы тіркеледі, оларға күнтізбелік жылдың шегінде реттік нөмір беріледі.
37. Мемлекеттік тіркеуге және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жататын қала әкімінің нормативтік-құқықтық актілері құқықтық және консультативтік жұмыс бөліміне тіркеуге және сәйкес жұмыстар үшін жіберіледі.

4. Бақылауды ұйымдастыру және орындалуын тексеру
38. Тапсырмалардың сапалы және уақытында орындалуына бақылауды ұйымдастыру 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 ҚР заңдарымен «Әкімшілік рәсімдер туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», сонымен қатар нормативтік-құқықтық актілермен және осы Регламентпен жүзеге асырылады.
39. Бақылауға:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Үкіметтің қаулылары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бекіту және өкім сипатына жатпайтын шешімдері мен өкімдері;
2)Облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат жетекшісінің шешімдері, өкімдері, тапсырмалары, жоғары тұрған органдардың құжаттары;
3)Қала әкімдігінің қаулылары, қала әкімінің шешімдері, өкімдері және тапсырмалары алынады.
40. Бақылауды ұйымдастыру жауапкершілігі және орындалуын тексеру бөлім басшысына жүктеледі.
Бөлім басшысы нормативтік-құқықтық актілерді және жоғары тұрған органдардың басқа да құжаттарын, қала әкімі тапсырмаларының, жоғары тұрған органдардан түскен телефонхаттардың орындалу барысын бақылайды.
41. Орындау мерзмі көрсетілмеген құжаттар, бір айдың ішінде қаралады. Құжатта басқа мерзім көрсетілмесе, орындау мерзімі бөлімге түскен күннен бастап есептеледі. Тексте «шұғыл» деген белгісі бар тапсырмалар жедел түрде орындалады.
42. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу және қаралу мерзімін ұзарту, жүргізілу жұмыстар туралы және баұылаудан алу себебі туралы ақпаратты ұсыну негізінде қала әкімінің немесе тікелей тапсырма берген әкім орынбасарларының бұрыштамасы бойынша іске асырылады.
43. Егер құжатты уақытында орындауға болмайтындау объективті себептер туындаса – орындаушы бөлім құжатты орынлаудың мерзімін ұзарту туралы толық негіздеме жасап басшылыққа қызметтік хат дайындайды.
Құжаттар онда қойылған сұрақтар шешілгеннен кейін және ол жөнінде сәйкес жоғары тұрған органдарға хабарланғаннан кейін ғана бақылаудан алынады.
Президент әкімшілігіне, Премьер-Министрдің Кеңсесіне жіберілетін есептер, ақпараттар актілердің оындалғаны туралы көлемі 3-беттен, ал негізгі сұрақтар бойынша 5-беттен аспайтын толық мәлімет берілуі керек.
44. Мамандармен жұмыс және іс қағаздар жүргізу бойынша маман орындалу уақытының сақталуын қадағалайды және бөлім басшысына бөлімдегі орындау тәртібі туралы ақпарат дайындайды.

5. Қала әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылау.
45. Приозерск қаласы әкімінің аппарат мәжілістерінде берілген тапсырмаларының, қызметтік құжаттардың орындалуының ұйымдастырылуын бақылау бөлім басшысына жүктеледі.
46. Нақты орындау уақыты анықталмаған тапсырмаларға тапсырма берілген күннен бастап бір айдан көп емес ұзақтыққа орындау уақыты белгіленеді.
47. Бірнеше орындаушыға берілген тапсырманың орындалуын, орындаушылар тізімінде бірінші көрсетілген қызметтік тұлға үйлестіреді.
48. Бірнеше орындаушыға берілген тапсырманың орындалуын, орындаушылар тізіміне бірінші көрсетілген қызметтік тұлға үйлестіреді.
49. Тапсырманы орындауды үйлестіретін қызметтік тұлға орындалу туралы түскен ақпаратты жинақтайды және сәйкес шешім қабылдау үшін қала әкімі атына ұсыныс енгізеді.
50. Тапсырманы орындауға қосымша уақыт қажет болған жағдайда, орындаушы тапсырма берген қызметтік тұлғаға, негізгі себептерді көрсетіп орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш жазады.
51. Тапсырмалардың орындалуын бақылау төмендегі жолдармен өтеді:
1) орындалуы туралы ақпаратты талап ету;
2) түрлі нұсқадағы құжаттамалық талап ету;
3) көрсетілген мекенге барып тексеріс жүргізу;
4) қала әкімі орынбасарлары деңгейінде орындалуы туралы есепті тыңдау және ақпаратты тыңдау;
5) басқа да заңға қарсы келмейтін әдістермен.
52. Бақылау мына параметрлер бойынша жүргізіледі:
1) уақытылы, сапалы және толық орындалуы;
2) орындау кезеңінде заң талаптарының сақталуы;
53. Бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту, тапсырманы орындауға қосымша бақылауды тағайындау қала әкімі рұқсатымен жүргзіледі.
54. Бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту, қосымша бақылауды тағайындауға негіз болып – қала әкімі орынбасары қол қойған қызметтік хат, баяндау хат, анықтама, ақпарат болып табылады.
Бақылаудан алынатын, орындау мерзімі ұзартылатын құжаттар бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінде тіркеуден өткеннен кейін қала әкіміне беріледі.

6. Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі
55. «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру міндетіне мамандармен жұмыс және іс қағаздар жүргізу жұмысы кіретін маманға жүктеледі.
56. «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру ҚР Президентінің «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Жарлығына, ҚР-ның «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сай жүргізіледі.
57. Бөлімге түскен азаматтардың өтініштері түскен күні тіркеледі, оны басшылар үш күн мерзім ішінде қарастырады. Орындау туралы нұсқау бөлім басшысының бұрыштамасы түрінде беріледі.
58. Азаматтардың өтініштері тіркелген күннен бастап бір ай мерзімде қаралады және сол бойынша шешім қабылданады, ал қосымша зерттеуді және тексеруді қажет етпейтін өтініштер 15 күн ішінде қаралады. Қосымша тексеріс жүргізу қажет болған жағдайда, бір айдан артық емес мерзімге ұзартылады, және ол туралы өтініш иесіне хабарланады.
59. Азаматтардың өтніштерінде қойылған сұрақтар толық қаралса, ол бойынша қажетті шаралар қолданылса және өтініш иесіне жауап берілсе, өтініш шешілген болып табылады. Егер сұрақты қарау мерзімі ұзартылса, онда өтініш аяғына дейін орындалғанша қосымша бақылауға алынады.
60. Азаматтардың өтініштерін қарау бірнеше бөлімге тапсырылған жағдайда, үйлестіруді бұрыштамада бірінші көрсетілген бөлім жасайды. Сол бөлім тексеріс қорытындысы бойынша анықтама жасайды, онда тексеріске қатысқан барлық мамандар қол қояды, сондай-ақ өтініш иесіне негізделген жауапты дайындайды.
61. Азаматтардың өтініштерін қарауды тоқтату туралы және істерді бақылауан алу туралы шешімді қала әкімі немесе әкім міндеттерін уақытша атқару жүктелген әкім орынбасары қабылдайды.
62.Түскен өтінішті бақылаудан алуға негіздеме болып, орындаушы бөлімнің бекітілген үлгідегі құжаты (қызметтік хат, анықтама), алдыңғы тексерістің қорытындылары тіркелген қаралу материалдары немесе өтініш иесіне берілген түгесілген жауап болып табылады.
63. Бөлім басшысы күн сайын бекітілген кестеге сай азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау өткізеді.
64. Келушілерді қабылдауды тіркеу тегі, аты-жөні, әкесінің аты, жұмыс орны және қызметі, мекен-жайы, өтініштің қысқаша мазмұны, тапсырма және қаралу қорытындысы бойынша жүргізіледі.
65. Қабылдау кезінде өтініштер мен арыздар жазбаша түрде мазмұндалады және олармен жазбаша өтініштер сияқты жұмыс жүргізіледі.

7. Іс сапарға жүру тәртібі.

66. Бөлім басшысының іс сапарға аттануы қала әкімінің өкіміне сәйкес жүргізіледі, қызметтік жол жүру мерзімі мен мақсаты көрсетіледі, және жол жүру уақытын есепке алғандағы қызметтік жолға шығу шығындары өтеледі.
67. Бөлім мамандарының іс сапарға аттануы бөлім басышының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады, қызметтік жол жүру мерзімі мен мақсаты көрсетіледі, және жол жүру уақытын есепке алғандағы қызметтік жолға шығу шығындары өтеледі.
Қызмет бабымен жолға шыққан жұмыскерлердің іс сапар уақыты барысында жұмыс орны (қызметі) және орташа еңбекақысы сақталады.

8. Қорытынды ережелері.
68. Бөлім қызметкерлері осы Регламенттің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.

Бөлім басшысы
Н. Струментова


Дата редактирования: 17 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика