ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бөлім регламенті

«Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт  бөлімі» 
мемлекеттік мекемесінің жұмыс 
Регламенті

1.Жалпы ереже
1.1. «Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі Бөлім) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесімен, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
1.2. Бөлім басшысы – қала аумағында дене шынықтыру және спорт ұйымының қызметімен келісілген мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген және Приозерск қаласы аумағында тұрғылықты халықты жаппай дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға және қала аумағында спорттық іс- шараларды ұйымдастыруға  жауап береді.
1.3. Бөлімнің бас  маманы, бухгалтерия қызметкері, штаттан тыс жұмысшылар Бөлім басшысы бекіткен міндеттердің бөлінуіне сәйкес жұмыс істейді. Басшы болмаған жағдайда немесе өз қызметін атқаруға мүмкіндігі болмаса, оның өкілеттігін Бөлімнің бас маманы жүзеге асырады.
1.4. Ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру-құқықтық қызметті Бөлімнің бас маманы  қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру және спорт  ұйымдарында спорттық тәрбие үрдісін қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-сараптамалық қызметті, әдістемелік жұмысты  бөлімнің маманы, әдіскері басқаруымен жүзеге асырады. 
1.5. Іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу, Бөлім басшысына жіберілген құжаттарды, оның ішінде түрлі байланыс көздерінен түскен хабарламаларды қабылдау, өңдеу және бөлу, басшының жеке қабылдауына жазылуды іс жүргізуші осы Регламентте қаралған тәртіпте жүзеге асырылады.
1.6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу, «Айқын» автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасы бойынша өтініштерді тіркеуді бас маман жүзеге асырады.
1.7. Соттарда Бөлімнің атынан сөйлеуді және мүдделерін қорғауды басшы немесе оның тапсырмасымен Бөлімінің басқа маманы жүзеге асырады.

2. Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру
2.1. Бөлімде іс қағаздарын жүргізу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру және құжаттандыруды басқару Типтік ережелеріне және өзге нұсқаулық-нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2.2. Орындауды талап ететін қызметтік құжаттарда Бөлім басшысының нақты орындалу мерзімі мен орындаушылар көрсетілген бұрыштамасы болуы тиіс.
2.3. Бұрыштамаға сәйкес, құжатты орындаушыға жіберу Бөлімнің іс жүргізушісімен құжатайналымы арқылы жүзеге асырылады. 
2.4. Құжаттың сақталуына жауапкершілік бұрыштамада көрсетілген жауапты адамға жүктеледі.
2.5. Қызметтік құжаттар орындалғаннан кейін Бөлім басшысының бақылауынан алынады. Құжаттардың орындалу мерзімін бақылауды Бөлімнің референты жүзеге асырады.
2.6. Жоғары органдарға жіберілген қызметтік құжаттарға Бөлім басшысы, ол болмаса, бас маман қол қояды.
2.7. Бөлімінің барлық құжаттарын жіберуді Бөлімнің  іс жүргізушісі жүзеге асырады. Барлық шығыс құжаттар шығыс құжаттар журналына тіркелген күні және құжатайналымы арқылы жіберіледі, шұғыл құжат жедел түрде жіберіледі.
2.8. Барлық орындаушылар құжаттардың өз уақытында және сапалы орындалуына жауап береді.
2.9. Бұйрықтар мен шығыс құжаттарды фирмалық бланкілерге басып, шығаруды өз құзыреттері шегінде Бөлім қызметшілері жүзеге асырады, бұйрықтарды, кіріс және шығыс құжаттарды тіркеуді Бөлімнің іс жүргізушісі жүзеге асырады.
3. Жұмысты жоспарлау

3.1. Дене шынықтыру және спорт бөлімі  өз жұмысын, негізгі іс-шаралардың жылдық және тоқсандық жоспары бойынша  кеңестерінде қаралған мәселелердің жылдық тізімі бойынша құрады.
3.2. Жоспарларды Бөлім басшысы бекітеді.
3.3. Жоспарлардың жобалары мынадай тәртіппен дайындалады:
1) Бас маман мен әдіскер ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін бөлім басшысына өз ұсыныстарын жазбаша түрде береді;
2) жылдық жоспарланған жұмыстың ақпарын бас маман дайындайды.      3) жоспарлардың жобалары Бөлім басшысына бекітуге беріледі.
3.4.Жұмыс жоспарының орындалуын басшы бақылайды.

4. Бөлімнің және қала бойынша спорт алқасының отырыстарын дайындау және өткізу
4.1. Бөлімнің отырыстары жұмыс жоспарына сәйкес қызметшілермен апта сайын жәнеқала бойынша спорт алқасы тоқсанына бір рет жүргізіледі. 
4.2. Бөлімнің отырысына дайындықты бас маман және күн тәртібіндегі мәселеге жауап беретін қызметшілер жүзеге асырады.
4.3. Бөлім кеңесі күн тәртібінің жобасы отырысқа дейін үш күннен кеш қалдырмай дайындалады және Бөлім басшысына ұсынылады.
4.4. Бөлім басшысының тапсырмасымен отырыс шұғыл тәртіппен өткізілетін болса, күн тәртібін отырысқа дейін бір күн бұрын дайындауға болады.
4.5. Қаралатын мәселелер бойынша шешімдер жобасы Бөлім басшысына, отырысқа дейін үш күн бұрын беріледі.
4.6. Бөлім отырысынан кейін барлық шешімдерге Бөлім басшысы бұрыштама соғады және отырыс хатшысына хаттама үшін беріледі. Отырыс хаттамалары Бөлімде сақталады. Сақталу мерзімі өткенен кейін олар мұрағатқа тапсырылады.

5. Бөлімнің бұйрықтарын дайындау,
рәсімдеу, көбейту және жіберу тәртібі
5.1. Бөлім басшысы өз құзіретінің шегінде шешім қабылдап, бұйрықтарға қол қояды.
5.2. Бөлім басшысына әкелінген бұйрық жобалары түзетілген, мемлекеттік тілде, қажетті жағдайда екі тілде дайындалуы керек.
5.3. Бұйрықтарды уақытында шығаруға және мекен-жай бойынша жіберуге Бөлімнің іс жүргізушісі жауап береді.
5.4. Бөлім басшысы қол қойған құжаттың түпнұсқасын  Бөлімнің іс жүргізушісі  сәйкес бұйрық папкасына тігеді. Түпнұсқаға қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге болмайды.
5.5. Техникалық қателіктерге байланысты бұрын жіберілген шешімдерді немесе бұйрықтарды ауыстыру, тек Бөлім басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда алғашқы жіберілген құжаттар қайтарылып алынады.

6. Бөлімде құжаттардың орындалуын бақылауды
және тексеруді ұйымдастыру тәртібі
6.1. Кіріс құжаттарды бақылауды және тексеруді ұйымдастыру тәртібі:
1) Президент және Үкімет актілері, Премьер-Министрдің өкімдері, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасының Премьер –Министрінің, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің тапсырмаларымен құжаттар, Облыс әкімі және оның орынбасарлары, қала әкімі және оның орынбасарларының нақты тапсырмалары жазылған құжаттар бақылауға алынады;
2) орындалуы бойынша нақты шара қабылдауды талап ететін құжат, іс жүргізушісімен  бақылауға қойылады;
3) тапсырманы бірнеше адам орындаса, тегі бірінші тұрған тұлға жауапты болып табылады;
4) бақылауға қойылған жоғары тұрған ұйымдардың және ведомстволық құрылымдардың құжаттары, құжаттың өзінде көрсетілген мерзімде орындалады;
5) тапсырманың орындалу мерзімі көрсетілмесе, ол құжатқа қол қойылған немесе бөлімде тіркелген күннен бастап бір ай ішінде орындалуы керек;
6) құжатты белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, бақылауға жауапты маман, әдіскер, бухгалтер,  3 күн бұрын Бөлім басшысына орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауы тиіс;
7) Бақылау құжаттарының белгіленген орындалу мерзімін бұзу немесе оларды сапасыз орындау тәртіп бұзушылық болып табылады.
8) Айыпты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

7. Кадрлармен жұмыс
7.1. Аппарат, бухгалтерия және штаттан тыс қызметшілермен жұмысты кадр жұмысы жөніндегі маман қамтамасыз етеді:
1). Бөлім басшысы тағайындаған аппараттың қызметкерлерінің лауазым санаттарының есебін жүргізеді;
2). Бөлім қызметшілерінің жеке істерін дайындайды, олардың қызметтік жазбасына қажетті жазуларды енгізеді, еңбек кітапшаларын толтыруды қамтамасыз етеді;
3). Бөлім қызметшілерін сәйкес қызметтеріне қабылдау және қызметтен босату бойынша бұйрық жобаларын дайындайды;
4).Азаматтық қызметшілердің бос лауазымына тұруға конкурс жариялауды қамтамасыз етеді;

8. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс және
Бөлім басшысының жеке тұлғаларды және заңды
тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру
8.1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес Бөлімнің бас маманы қамтамасыз етеді.
8.2. Бөлімге түскен өтініштерді «Айқын» автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасы арқылы бас маман сол күні тіркейді және Бөлім басшысының қарауына беріледі.
8.3. Өтініштерді орындау туралы нұсқау Бөлім басшысының бұрыштамасымен беріледі.
8.4. Өтініштердің жауаптарына Бөлім басшысы қол қояды.
8.5. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды Бөлім басшысы апта сайын сәрсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00 дейін екі тілде жүзеге асырады.
8.6. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға жазуды Бөлімнің  іс жүргізушісі жүзеге асырады. 

9. Семинарларға, жиналыстарға дайындық және өткізу тәртібі,
дене шынықтыру және спорт  ұйымдарының қызметкерлерін шақыру
9.1. Қала  ұйымдарының басшылары шақырылған семинарлар, жиналыстар және басқа іс-шаралар Бөлім басшысының келісімімен өткізіледі.
9.2. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерін Бөлімге шақыру Бөлім басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.
9.3.Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерінің іссапарларының мақсаттылығын Бөлім басшысы анықтайды.

10. Бөлімнің жұмыс уақытының регламенті
10.1. Бөлімде жұмыс күні сағат 9-00-де басталады және 18-30-ға дейін жалғасады, түскі үзіліс 13-00 ден 14-30 дейін. Бөлімнің жауапты және техникалық қызметкерлеріне нормадан  тыс жұмыс күні белгіленген. 
10.2.  Бөлімде негізгі іс-шараларды ұйымдастыру  жұмыс жоспарына  сәйкес өткізіледі.


Дата редактирования: 22 Қазан 2015

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика