ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бөлімнің төлқұжаты

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің төлқұжаты

 

1.Жалпы ережелер
1) «Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім) дене шынықтыру және спорт салалары бойынша мемлекеттік басқару міндетін және мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға уәкілеттік, қалалық бюджеттен қаржыландыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады;
2) Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің, облыс және қала  әкімдерінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады;
3)Бөлім өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың бір жағы болып шыға алады, егер заңнамаларға сәйкес оған уәкілетті болса;
4) Бөлім заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде мекеме атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ есеп айыру шоты дербес балансы бар;
5) Приозерск қаласының әкімдігі Бөлім Құрылтайшысы болып табылады;
6) Бөлімнің құрылымы мен штаттық санының лимитін қала әкімі бекітеді;
7)Бөлімнің мемлекеттік тілдегі толық аталуы: «Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: государственное учереждение «Отдел физической культуры и спорта города Приозерск».
8) Бөлімнің заңды мекен- жайы: 101100, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық  көшесі – 23 үй.


2.Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Бөлімнің негізгі міндеттері
:
1) дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
2) қаладағы мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Президентінің,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және қала әкімдерінің бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қадағалау;
3) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт жөніндегі заңнамаларын насихаттау және түсіндіруге бағытталған бағдарламаларды зерттеу және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру;
Негізгі міндеттерді орындау үшін Бөлім мына функцияларды жүзеге асырады:
1) ) дене шынықтыру және спорт салаларындағы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі тапсырмаларының, облыс әкімінің және қала әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қадағалауды қамтамассыз ету;
2) Қала әкімдігінің отырыстарына  дене шынықтыру және спорт жөніндегі материалдарды дайындауға қатысу;
3) қаладағы дене шынықтыру және спортты дамыту жоспарларын дайындап, жүзеге асыру;
4) жергілікті деңгейде әр түрлі спорт жарыстарын өткізу;
5) спорттың әр түрлерінен қалалық құрама командаларын дайындап, олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз ету;
6) көпшілік және ұлттық спорт түрлерін бір қалыпты дамыту;
7) қалада көпшілік спорт шараларының күнтізбелік жоспарын дайындап, бекітіп жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқа функцияларды жүзеге асыру.
Бөлімнің құқықтары:
1) Өз функцияларын орындау үшін белгіленген тәртіпке сәйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден, кәсіпорындардан және басқа да ұйымдар мен азаматтардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды сұратып алуға, сәйкестік ұсыныстарды дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
2) ) дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде қала әкіміне ұсыныс жасауға; Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және басқа материалдарды дайындауға;
3) Мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға Бөлімнің құзыретіне жататын тапсырыстар беруге, олардың орындалуын қадағалауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдармен өткізетін іс-шараларға қатысуға;
4) ) дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қалалық бағдарламаларды қаржыландыруға;
5) Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және басқа көмек көрсетуге.

3.Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі
1) Бөлімнің жұмысын басқарады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап береді;
2) Бөлімнің құрылымын әзірлеп қала әкіміне бекітуге ұсынады, Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін бөліп береді;
3) Заңдарда белгіленген тәртіп бойынша Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) өз құзырына жататын бұйрықтарды шығарады, нұсқауларды береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды.
 


 


Дата редактирования: 21 Қазан 2015

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 385.55
Евро 426.57
Рубль 6.05
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика