ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бөлімнің есебі

Ветеринария саласы бойынша 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта
атқарылған жұмыстардың есебі

 

Ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар:
2016 жылы 011 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 1 801 мың теңге бөлінді, оның ішінде ауыл шаруашылық жануарларының ауруларына қарсы және профилактикалық диагностикалық іс-шараларды жүргізуге 1 625 мың теңге, ветеринарлық препараттарды сақтауға 176 мың теңге.
Қарағанды облысының 2016 жылғы ветеринарлық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарын негізге ала отырып Приозерск қаласының 2016 жылға іс-шаралар жоспары дайындалып бекітілді.
2016 жылғы ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралардың орындалысы бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Ветеринариялық  -диагностикалық іс-шаралар:
2016 жылғы жылдық  жоспар бойынша  диагностикалық іс-шараларды  тексеруге барлығы 4209 қан проба алу жатады, жарты жылда тексерілгені 2385 қан проба, орындалысы 56,7%.
Профилактикалық іс-шаралар (егу жұмыстары):
2016 жылғы жартыжылдық жоспарға сәйкес профилактикалық іс-шаралар бойынша егуге барлығы 5923 бас жатады, егілгені 3690 бас, орындалысы 62,3%.
Ауыл шаруашылығы  жануарларын бірдейлендіру туралы:
Приозерск қаласы бойынша 2016 жылы бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жоспарына сәйкес сырғалау, таңбалау және чиптеу тәсіліне барлығы  2032 бас жатады,  бірдейлендіруден өткені  924  бас  немесе 45,5%.


     Анықтама:
ІҚМ – 728 бас, бірдейленгені  - 376 бас  немесе  51,6%;                                                     ҰММ - 1256 бас, бірдейленгені  - 517 бас немесе  41,2 %;                                                        түйе - 5 бас, бірдейленгені  - 0 бас немесе  0 %;                                                          шошқа – 9 бас, бірдейленгені  -  9  бас немесе  100%;                                                     Жылқы - 34 бас, чиптелгені  -  22 бас   немесе 64,7%.

Барлық берілген паспорт саны 420 дана, оның ішінде: ІҚМ – 376, ҰММ – 19, жылқы – 22, шошқа – 3.
Бірдейлендірілген мал басы уақытында дерекқор базасына енгізіліп, веб порталға салынды. 2016 жылға бекітілген жоспар бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары ары қарай жалғасуда.
Инсинератор  
2015 жылы 3 қарашада  инсинератор монтажын орнатып сынақтан өткізілді. Инсинераторды орнатып, іске қосу барысында кемшіліктер анықталған жоқ. Инсинератор (өртейтін пеш) пайдалануға берілді.

  Мал қорымы туралы:
Қала аумағында типтік мал қорымы бар. 2016 жылы мал қорымын қарап ұстап тұруға 1006 мың теңге  бөлініп, игерілгені 168 мың теңге немесе 16,7 %. Мал қорымы ветеринарлық санитарлық талаптарға сай.
Мал сою алаңы туралы:
Жеке меншікте «Гранд-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  мал сою алаңы жұмыс жүргізуде. «Гранд-Құрылыс» ЖШС директоры бұйрығымен мал сою үшін ақылы қызмет көрсету  (прейскурант) бағасы бекітіліп  ақылы қызмет көрсету бағасы: жылқы -3000 теңге, ІҚМ-3000 теңге, шошқаға -2000 теңге, ұсақ мүйізді малға-1000 теңге.
2016 жылғы жарты жылда барлығы 13 бас ірі қара мал сойылды.
Иесіз иттермен мысықтарды жою туралы:
2016 жылы иесіз иттер мен мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен 897 мың теңге  бөлініп, игерілгені 360 мың теңге немесе 40,1 %.
2016 жылы жартыжылда барлығы 120 бас жойылды, оның ішінде мысық – 38 бас, ит – 82 бас.
Ветеринария саласы бойынша ағарту жұмыстары туралы:
2016 жылы жартыжылда жартыарал тұрғындарымен Ветеринария саласының сұрақтары бойынша барлығы 5 рет жиналыс өткізіліп, жергілікті «Приозерский вестник» басылымы арқылы қауіпті инфекциялық аурулар туралы 4 мақала  жарияланды.      

Приозерск қаласының ветеринария бөлімі


Дата редактирования: 22 Тамыз 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 408.61
Евро 454.09
Рубль 5.86
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика