ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бөлім регламенті

Жалпы ережелер

«Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып      табылады. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме  басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Балқаш көшесі, 5.
Толық атауы-мемлекеттік тілде:  «Приозерск қаласының  құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел строительства города Приозерск».
Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Мекеме қызметін      қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер  Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Құқықтары мен міндеттері:
1) меншік түріне қарамастан белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
2) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға, меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға жекелеген мәселелерді шешу жөніндегі материалдар әзірлеуді тапсыруға, өзіне тапсырылған функцияларға сәйкес мекеме жүргізіп жатқан шараларды жүзеге асыруға олардың басшыларының келісімімен басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметшілерін тарту туралы ұсыныстармен кіруге;
3) егер бюджет қаржысын игеруге байланысты шаралар, құрылыс жұмыстары қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетіндігі анықталса ол жұмыстарды тоқтату жөнінде тиісті орындарға ұсыныспен шығуға;
4) белгіленген тәртіпте Мекеме жанынан мамандардан құралған кеңесшілік, сараптамалық топтар құруға;
5) қала әкімі мен қалалық мәслихаттың қарауына олардың құзыретіне жататын мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
6) бекітілген жобадан ауытқумен, құрылыс нормалары мен ережелерін (ҚНмЕ), техникалық талаптарды (ТТ) бұза отырып жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұруға және жіберілген кемшіліктерді жоюды талап етуге;
7) көшелерді абаттандыру нысандарын салушы, қайта жабдықтаушы және күрделі жөндеуден өткізуші мердігерлермен арадағы тендерлік келісім-шарт талаптарының сақталуын қадағалауға құқылы.
Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге      асырады.
Мекеменің бірінші басшысы Приозерск қаласының әкімімен қызметке тағайындалады  және қызметтен босатылады.
Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оның әрі қарай іске асырылуына дербес жауапты болады;
3) заңнамаға сәйкес бөлім мамандарын тағайындайды және лауазымынан   босатады;
4) бекітілген заңнамалар тәртіппен әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қатарына жататын қызметкерлердің бос лауазымына конкурс жариялайды, бөлім қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықтар шығарады;
5) бөлімді басқа мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда көрсетеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттілікті жүргізеді.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
          
         Бөлімде бұйрықты дайындау мен рәсімдеу ерекшеліктері      
Бұйрықтардың (өкiмдердiң) жобалары ұйым басшысының, немесе бастамалық тәртiп негiзiнде әзiрленедi және құрылымдарға енгiзiледi. Кадр мәселесiне қатысты бұйрықтардың жобасы кадр қызметiне сәйкес құжаттардың (жеке еңбек шарттар, баяндау (қызметтiк) жазбалар, ұсыным және басқалары) негiзiнде дайындалады. Бұйрықтар күнтiзбелiк жыл шегiндегi реттiк нөмiрмен нөмiрленедi. Негiзгi қызмет бойынша, жеке құрам бойынша бұйрықтар және өкiмдер бөлек нөмiрленiп, өздерiне тиiстi журналдарда тiркеледi. Бұйрықтардың көшiрмелерi немесе олардың көбейтiлген даналары мөртабанмен куәландырылады және орындаушы құрастырған және қол қойған жiберiлу тiзiмiне сәйкес мекен-жайларға жолданады. Бұйрықтың мәтiнi екi бөлiмнен тұрады: айқындаушылық (кiрiспе) және өкiмдiк. Айқындаушылық бөлiмде бұйрықты дайындауға негiз болған мақсаттар мен мiндеттер, фактiлер мен оқиғалар баяндалады. Егер бұйрық басқа құжаттардың негiзiнде дайындалса, онда айқындаушылық бөлiмде аталмыш құжаттың атауы iлiк септiгiнде, оның авторы, уақыты, нөмiрi мен тақырыбы көрсетiледi. Әдiлет органдарында тiркелген  нормативтiк құқықтық актiге сiлтеме жасаған кезде, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Реестрiнде тiркелген нөмiрi қосымша көрсетiледi. Бұйрық жобасындағы кiрiспе "БҰЙЫРАМЫН" сөзiмен аяқталады. Өкiмдiк бөлiмде берiлген тапсырмаларды тiзбелеу әр iс-қимылдың орындаушысы мен орындалу мерзiмiн қамтуы қажет. Өкiмдiк бөлiм тармақтар мен тармақшаларға, абзацқа бөлiне алады. Тармақтар мен тармақшалар араб цифрмен нөмiрленедi. Абзацтың алдында сызықша немесе басқа белгiлер қойылмайды. Бiр сипаттағы iс-қимылдар бiр тармақшада тiзбелене алады. Орындаушылар ретiнде құрылымдық бөлiмшелер немесе нақты лауазымды тұлға көрсетiле алады. Өкiмдiк бөлiмнiң соңғы тармағында бұйрықтың орындалуын бақылау жүктелген құрылым немесе лауазымды тұлға туралы мәлiметтер болуы мүмкiн.

       Азаматтардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі
 Жеке және заңды тұлғалардың бөлім басшысының атына келіп түскен өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қараудың жалпы тәртібі Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы заңдарымен реттеледі.
Жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштері олар алынған күні белгіленген үлгіде компьютерге тіркеледі. Хаттың бірінші бетіне автор тегінің бастапқы әрпі мен өтініштің реттік нөмірі (мысалы, А-125), ұжымдық № Ұжым және күні қойылады. Олардың белгіленуі мынадай реттілікпен жүргізіледі: күні, айы, жылы.
Бір тұлғадан бәр мәселе туралы қайта келіп түскен өтініші қайталама болып саналады.
Тіркеу индексі бір мезгілде шығыс әрі кіріс болып табылады және хаттар бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі.
Келіп түскен өтініштер бөлім бастығының бұрыштамасымен қарау үшін орындаушылар мен ведомстволарға кәртішкеге қол қою арқылы беріледі.
Хаттар мен шағымдар жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволардың атына олардың құзыретіне сәйкес қарау үшін кешіктірілмей жолданады.
Өтініште көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне енбейтін субъектіге немес лауазымды тұлғаға келіп түскен өтініштер үш жұмыс күнінен кешіктірілмей бұл туралы өтініш берушіге хабарлана отырып тиісті субъектілерге жолданады. 
Тапсырмасы бар хаттарды орындау мерзімі бөлімге келіп түскен күннен бастап есептеледі. Орындау мерзімі бір айға дейін, ал қосымша зерделеуді және тексеруді қажет етпейтіндерге 15 күнге дейін белгіленеді, жер қатынастары туралы мәселені қарастыру үшін екі ай мерзім белгіленеді. 
Қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайларда қарау мерзімі отыз күнтізбелік күннен асырылмай ұзартыла алады, ол туралы қарау мерзімі ұзартылғаннан сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
Егер өтініште мазмұндалған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда өтініш өзінің ақырына дейін орындалғанынша қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы өтініш берушіге үш күн ішінде хабарланады.
Тексерулердің материалдары немесе ұйымның егжей-тегжейлі жауабы қоса берілген оның қаралу нәтижелері туралы анықтама өтінішті бақылаудан алу үшін негіз болады.
Егер жауапта автор қойған мәселелерді шешу жөнінде белгіленген шаралар туралы ғана хабарланған болса, хатты қарау аяқталды деп санауға болмайды.
Хатты бақылаудан, әдетте, оны қарауға тапсырма берген лауазымды тұлға алады.
Күнтізбелік жыл өткен соң азаматтардың өтініштерін тексерудің барлық материалдары іске құралады және мұрағатқа өткізіледі.
Қол қойылмаған шағымдар бір жыл сақталып, содан кейін акт бойынша жойылады.
         Бөлімдегі кіріс және шығыс құжаттарының орындалу тәртібі
         Кіріс хат-хабарларын қабылдау және тіркеу
      Бөлімге келіп түскен барлық хат-хабарлар қабылдау бөлімінде қабылданады және тіркеледі. Хат-хабарларды тіркеусіз қабылдауға және беруге тыйым салынады.
Конверттерді ашқан кезде құжаттардың, оның қосымшаларының арналуы мен ресімделуінің, жинақтылығы мен толықтығының дұрыстығы тексеріледі, құжаттардың нөмірлері оларда көрсетілген нөмірлермен салыстырылады.
Құжаттар жетіспейтін, пакеттердің зақымданған, конверттердегі нөмірлер мен құжаттардағы нөмірлер сәйкес келмеген жағдайда 3 данада акт жасалады; бір данасы кеңседе қалады, екіншісі құжаттармен бірге арналуы бойынша беріледі, ал үшіншісі жіберушіге жіберіледі.
Дұрыс арналмаған және ресімделмеген, қате салынған құжаттар арналуы бойынша жіберіледі, немесе жіберушіге қайтарылады. Құжаттар салынған конверттер, тек олар бойынша ғана жіберушінің мекен-жайын, құжаттың жіберілген және алынған күнін анықтау мүмкін болған жағдайда жойылмайды.
Қабылданған «Жеке өзіне» деген белгісі бар пакеттер мен құжаттар тізілімде ескеріледі, адрес иесіне тікелей беріледі. Адрес иесі «Жеке өзіне» деген белгісі бар конвертті ашқаннан кейін, ондағы құжат немесе өтініш қызметтік сипатта болса, олар да тез арада кеңсеге тіркеу үшін берілуі керек.
Факсимелесі бар, бояуы және өзге де былғанышы бар, қандай да бір бүлінген, оның ішінде тескішпен тігілген, нобайқағазға және мемлекеттік органдар бланкілерінің көшірмелеріне шығарылған құжаттар кеңсеге қабылдауға жатпайды.
Дұрыс арналмаған және рәсімделмеген, қате салынған құжаттар арналуы бойынша қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады.
Келіп түскен хат-хабарлар белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі.
Құжаттың бірінші бетінің төменгі оң жақ бұрышына кіріс нөмірі, келіп түсу күні, беттер, қосымшалар саны көрсетіле отырып, мөртабан қойылады.
Кіріс құжатын тіркеу кәртішкесінде келесі мәліметтер көрсетіледі: құжаттың қайдан түскені, құжаттың бет саны, құжатқа қосымша беттер саны, кіріс тіркеу индексі, құжаттың кіріс күні, жіберушінің телефоны, құжаттың шығыс нөмірі және құжаттың шығыс күні, мәселелер сипаты, жеткізілу түрі, сондай-ақ құжаттың бақылауы көрсетіледі. 
          Келіп түскен қызметтік хат-хабарларды қарау және оның өтуі
 Құжаттар тіркеу кезінде мұқият қаралады және маңыздылығы мен жеделдігіне байланысты іріктеліп, бөлім басшысына беріледі.
Басшыдан қаралған хат-хабарлар алынған соң іс жүргізуші  басшының қойған бұрыштамасын кәртішкеге жазады және арнауы бойынша таратады.
Іс жүргізуші барлық мәліметтердің дұрыс екендігіне сенімді болғаннан кейін 2 данада кәртішке үлгісін басады. 1 данасы құжатпен бірге орындаушыға жіберіледі, ал 2-ші данасы бақылаудан алынғанға дейін кеңседе қалады. Іс жүргізуші құжаттардың және олардың бұрыштамаларының көшірмесін түсіріп бұрыштамада көрсетілген адресаттарға жібереді.
Іс жүршізуші құжаттарды бақылаудан алу немесе оны ұзарту үшін мәліметтерді компьютердің мәліметтер базасындағы кәртішкеге енгізеді.
Іс жүргізуші келіп түскен хат-хабарлардыың сипаты мен сапасын жүйелі түрде зерделейді, уақытында өтуін бақылайды, құжат айналысының және құжаттардың орындалу мерзімінің қысқаруына шаралар қабылдайды, осы бойынша талдау материалдарын әзірлейді.       
          Шығыс қызметтік хат-хабарларды рәсімдеу
Құжаттарды дайындаған кезде қолданылып жүрген ережелерді басшылыққа ала отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауларын жазуда бірізділікті сақтау керек.
Шығыс хаттар әдетте үш данада дайындалып, қол қойылады.
Қызметтік құжаттар қысқа, ұғынықты болуы және белгіленген нысандағы бланкілерге басылуы тиіс. Бөлімдер арасындағы хат жазысу кезінде бланкілер пайдаланылмайды. Құжатты лауазымды  тұлғаға жіберген кезде мекеме атауы атау септігінде, ал адресаттың лауазымы мен тегі барыс септігінде көрсетіледі.
Адресатқа жіберілетін құжатта оның атауынан кейін пошта индексі, облыс, қала (село), көшесі, үйдің нөмірі көрсетіледі. Құжатта төрт адресаттан көп адресат болмауы тиіс. Құжатты төрттен көп адресатқа жібергенде жіберу мегзегіші әзірленеді және әрбір көшірмеде бір ғана адрес көрсетіледі.
Құжат жіберілетін адресат жалпы белгіленуі мүмкін (мысалы: «бөлім басшыларына»).
Құжаттың шығыс нөмірі келесі тәртіп бойынша қойылады: әуелі оны дайындаған бөлімнің индексі көрсетіледі; содан кейін сызықша арқылы құжат орындалғаннан кейін тігілетін номенклатура бойынша іс нөмірі, содан кейін таяқша арқылы шығыс құжаттың рет нөмірі қойылады.
Шығыс құжаттың толық немесе қысқаша келтірілетін уақыты және тіркеу нөмірі болуға тиіс.
Шығыс құжатты дайындаған атқарушының аты-жөні, тегі және оның қызметтік телефон нөмірі әдетте, құжаттың соңғы парағының келесі жағында орналастырылады.
Кіріс және шығыс жеделхаттарды тіркеу осы тәртіппен және ағымдағы хат-хабарлармен бірге жүргізіледі.
Шығыс құжаттарды жіберуді бөлімнің мамандары әзірлейді және адресаттарға жіберу үшін кеңсеге беріледі.
Жіберу алдында шығыс құжаттардың дұрыс ресімделуі кеңседе тексеріледі. Дұрыс ресімделмеген құжаттар бөлімдерге түзету үшін қайтарылады.
Хат-хабарларды кеңсені жанай өтіп жіберуге тыйым салынады.
         Іс номенклатурасын жасау және құжаттарды істерге түзу
       Іс номенклатурасы  атқарылған  құжаттарды іске тапсыру, сақтау мерзімін белгілеу   мұрағатқа есепке алу үшін қызмет етеді. Номенклатураға  енгізілген істердің тақырыптары  істерге тапсырылатын құжаттардың түрлері (заңдар, жарлықтар, өкімдер, хаттамалар, жоспарлар, есептер, жазысқан хаттар және басқалар) көрсетіле отырып жұмыс мазмұнын  бейнелеуге тиіс.
Бөлімде істер номенклатурасы жыл сайын нақтыланып мұрағатқа  жауапты маманмен  келісіледі. Бөлімдедің істер номенклатурасы негізінде қалалық мұрағат және құжаттама бөлімімен келісілгеннен кейін қала әкімі бекітіп, кезекті жылдың бірінші қантарынан бастап күшіне ентін қала әкімі аппаратарының жинақталған істер номенклатурасы жасалады.Істің нөмірі бөлім индексінен және номенклатурасы іс номерінен тұрады.
Істер түзу-құжаттарды істерге топтастыру-номенклатураға сәйкес жүзеге   асырылады. Құжаттардың мазмұны номенклатурасы  бойынша  істің тақырыбына  сәйкес келуге  тиіс. Іске  бастапқы жазбаларды, көшірмелерді, артық  даналарды және т.б қосуға  жол берілмейді.
Іске, әдетте, бір іс жүргізу жылының  құжаттары тіркеледі.
Ағымдағы жылы  қойылған мәселелер келер жылы  іс жүргізумен  аяқталған жағдайда  құжаттар мәселелер  шешілген  жылдың  құжаттарына тіркеледі.Тұрақты және уақытша сақталатын  құжаттар бөлек істерге  топтпстырылады.
Әрбір іс  250  парақтан (қалыңдығы  30-40 мм)  аспауға  тиіс, егер  құжаттар  көбірек болса , ол томдарға бөлінеді. Әрбір том парақтары жеке нөмерленген  іс болып табылады. Барлық  томдардың  тақырыбы  бірдей  болуға тиіс, қосымша  түрде  тек  сол   томның  ғана  ерекшеліктері  көрсетіледі. Бір мәселе  бойынша  құжаттар  томдар  арасында  бөлініп кетпеуге  тиіс.
Істердің дұрыс түзілуіне әдістемелік басшылық пен бақылауды мұрағатқа жауапты маман жүзеге асырады.
         
Істерді мұрағатқа тапсыру
Мұрағат бөлімнің қызметінде құралатын іс жүргізумен аяқталған тұрақты, сондай-ақ уақытша сақталатын құжаттардың бәрін қабылдайды, есепке алады сақтайды. Өткен жылғы іс жүргізумен аяқталған істер келесі жылдың бөлім басшысы бекіткен кесте бойынша сақтауға қабылданады.
Тұрақты сақталатын істер сарапшы комиссия қарағаннан кейін төрт жерден тесіліп, қатты мұқабаға тігіледі, металл қыстырмалар алынады, істің парақтары парақтың оң жақ  жоғарғы бұрышына тимейтіндей етіп қара графит карындашпен нөмірленеді.
Тұрақты сақталатын істің мұқабаларындағы жазудың бәрі анық етіп, өшпейтін сиямен немесе пастамен жазылады.
Уақытша сақталатын құжаттар бар істер тігілмейді, уақытша тігінділерге қалдырылады, олардағы парақтар нөмірленбейді.
Мұрағат қызметкерлері құжаттардың тақырыбы мен сақталу мерзімі бойынша іске түзілуін тексереді.
Бөлімдерден мұрағатқа құжаттарды қабылдап алу мен өткізу бөлім меңгерушісі, бөлім маманы, мұрағатшы қол қойған кесіммен ресімделеді. Істердің бекітілген номенклатурасында қабылданған істердің саны туралы белгі соғылады.
Сараптама комиссиясы құжаттардың құндылығын сараптау мен ғылыми-техникалық өндеуді, сақталған істердің құрамы мен мазмұнын ашатын тізімдемелер жасайды.
Мұрағат құжаттарын ұқыпты және мұқият сақтау жауапкершілігі мұрағатқа жауапты маманға жүктеледі.
Тұрақты сақталатын құжаттарды мұрағат істерінен алуға және оларға өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
Ағымдағы мұрағатта құжаттар есепке алынады, өңделеді және осы Нұсқаулыққа, Мемлекеттік мұрағат ережелеріне сәйкес сақталады.
         Іс сапарға жүру тәртібі.
Бөлім бастығының іс сапарға аттануы қала әкімінің өкіміне сәйкес жүргізіледі, қызметтік жол жүру мерзімі мен мақсаты көрсетіледі, және жол жүру уақытын есепке алғандағы қызметтік жолға шығу шығындары өтеледі.
Бөлім мамандарының іс сапарға аттануы бөлім бастығының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады, қызметтік жол жүру мерзімі мен мақсаты көрсетіледі, және жол жүру уақытын есепке алғандағы қызметтік жолға шығу шығындары өтеледі.
        Қызмет бабымен жолға шыққан жұмыскерлердің іс сапар уақыты барысында жұмыс орны (қызметі) және орташа еңбекақысы сақталады.
       Қорытынды ережелері.
Бөлім басшысы осы Регламенттің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.

 

«Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің регламенті

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Аппарат жиналысы

Басшының азаматтарды жеке қабылдау күні

Бөлімнің ішкі жұмыстары

  Басшының азаматтарды жеке қабылдау күні

Бөлім қызметкерлерімен жиналыс өткізу

«Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жұмыс регламентімен танысу парағы

Аты-жөні

Қолы

1

Есенжолов Ж.О.

 

2

Анарбекова Т.К

 

3

Литош А.В

 


Дата редактирования: 13 Қаңтар 2015

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика