ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бөлімнің есебі

«Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ 2015 жылы атқарылған жұмыстардың есебі


Приозерск  қаласында жалпы білім беретін мектептерін 2014-2015 оқу жылы  1696 бала бітірді. 2015-2016 оқу оқу жылында 1749 оқушы білім алуда. Барлық оқушылар оқулықтармен қамтылған. 2015 жылғын бюджеттінде   7999,0 теңге бөлініп қажетті оқулықтарға тапсырыс берілді. Мектептердегі оқушылардың барлығы оқулықтармен толық қамтылды.
Қаржыландыру.  2014 жылы білім мекемелерін, қаржыландыруға    479614,0 бөлінсе    2015 жылы бұл сома  565675,0 тенгені құрап отыр. Көбею себебі жаңа бала бақшаның ашылуына байланысты болды. Бұл қаражаттын ішінде білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік төлемдер, іс-сапар шығыстары қамтылған. Бюджеттін тапшылығына қарамастан 2 мектеп балабақша кешеніне ер балаларға арналған еңбек кабинеті жаңартылып «Достық» балалар және жасөспірім орталығына  робототехника лабораториясы мен бассейініне құрғатқыш құрал сатып алынды.
Білім қорына бөлінген қаржы. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын киіндіруге, ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жалпы білім қорына  2015 жылы                  24,7 млн теңге (9,3%) . бұның ішінде 17,5 млн тамақтануға, 3,1 млн.тг киімкешек алуға, 3,6 млн.тг демалыс лагеріне, 474,0 мың тенге түрлі шараларға қатысуға.

Компьютерлендіру. 2016 жылдың 1 қаңтарына 1 компьютерге  7,1 оқушыдан келіп отыр, 2015 жылы 5,9 болған. Биылғы жылы ескірген компьютерлер саны көбеюде. 2014 жылы 6 дана болса биыл 19 дананы құрап отыр .
интерактивті тақта саны -11.
Мектептер толығымен жаңа модификациядағы кабинеттермен жабдықталған


Мұғалімдер саны 138. 37 мұғалім «Кембридж» тәсілдерінің негіздері бойынша ІІІ деңгейдегі курстарында   қайта даярлау курстарынан өтті. Өткен  жылы он екі мұғалім өткен болса,  осы жылы алты мұғалім оқыды. Қысқа мерзімді курсқа 2014 жылы  54 мұғалім қатысса (39,4%), 2015 жылы 57 (41%) білімдерін жетілдіріп келді.
ҰБТ.   2015-2016 оқу жылының тестілеу қорытындысының  орташа көрсеткіші 83,59 балды  құрады.  ҰБТ қатысқан 5 түлек грант иегері болды. Осы оқу жылы ҰБТ дайындық жүріп жатыр, жазғы және күзгі каникул кездерінде мұғалімдер Қарағанды каласына барып білімдерін жетілдіріп білікті мамандардың тәжірибесін үйреніп қайтты. Мектептерде ай сайын сынама тесттер алынып сараптама жасалып отырады.
          Тәрбие. Ішкі  істер  бөлімінде тіркеуде 9 кәмелетке  толмаған бала мен 13 сәтсіз отбасы тұр. Мектепшілік тіркеуде 10 бар. Тіркеуде тұрған әр балаға жеке жосапар жасалып жұмыстар жүргізілуде.  Оқушылардың қатысуымен болған қылмыстық істер тіркелмеген, құқықбұзушылықтар саны - 57. Суицид фактілері орын алған жоқ.

Оқушылар жетістігі

2014-2015 оқу жылында облыстық, республикалық іс-шараларға (олимпиада, конкурс, сайыстар, шығармашылық байқаулар, фестиваль, слет, көрме, форумдар, спорт сайыстары) қалалық мектеп оқушыларының 462-і қатысты.
Соның ішінде жүлделі 1-ші,2-ші,3-ші орынға ие болғандар, алғыс хат, диплом, алған оқушылар саны  - 68.
Сертификат алғандар саны – 374
Осы оқу жылы №1 орта мектебінің  оқушысы облыстық пән олимпиадасында бірінші орын алып республикалық кезеңге жолдама алды. Ғылыми жоба қорғаудан республикалық сайыстан женімпаздарымыз бар.

2014 жылғы жазғы маусымда демалыспен қамтылған бала саны –   1555. 45 бала қала сыртындағы сауықтыру лагеріне қатысып, 321 бала мектеп жанындағы лагерьлерде, 450 тамақсыз лагерьде уақыттарын өткізді, қалған балалар секциялар мен үйрмелерге қатысты. 


Қосымша білім беру
Қосымша білім берумен 814 бала қамтылған, 2014 жылмен салыстырғанда 182 балаға көп, немесе 129 пайызға өскен.
Секция мен үйірмелер саны - 22
Қалалық іс шараларға – 3700 бала қатысса, 370 бала облыстық және республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысты.

Мектепке дейінгі білім беру
Мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 98,8 пайызды құрайды. Кезекте 0 мен 6 жас аралығында 479 бала тұр. Мектепке дейінгі мекемелер қажетті жабдықтармен қамтылған. Бала бақша тәрбиеленушілері жыл бойы облыстық және республикалық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

«Приозерск қаласының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қорғаншылық және қамқоршылық органында бүгінгі күнге есепте 7 бала тұр.
Ай сайын ата-ананың қамқорынсыз қалған және жетім балалардың асыраушыларына жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ жылына екі рет қамқорларындағы балалардың денсаулығы, тұрмыс жағдайы және жылжымайтын мүліктері туралы есеп беріп отырады. Сонымен қатар қорғаншылық және қамқоршылық органымен олардың тұрмыстық жағдайы жылына екі рет тексеріліп тұрады.  
  Қарағанды қаласының және облыстағы мемлекеттік балалар мекемесінде Приозерск қаласынан 6 бала толық мемлекеттік қамтамасыз етілуде. Балалар үйінің барлық тәрбиеленушілері мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін жеңілдікпен кезекте тұр.
2015 жылы аталған санаттағы 13 балаға пәтерлер берілді.
Қорғаншылық және қамқоршылық органы 2014 жылы Қарағанды облысының кәмелете толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына бала асырап алу туралы 6 азаматтық іс бойынша сотқа қатысты. Ол істің біреуі Ресей Федерациясының азаматының өтініші болды. 2014 жылы ата-ананың құқығынан айыру бойынша өтініштер қарастырылған жоқ.
Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінде қорғаншылық және қамқоршылық бойынша 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері Халыққа қызмет көрсету орталығы және мемлекеттік орган арқылы көрсетіледі. 2014 жылы барлығы 5- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет және 22- Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді.
2015 жылы қорғаншылық және қамқоршылық органының жоспарлаған іс шаралары:
1) Ішкі істер органымен бірлесе отырып қараусыз қалған жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз балаларды уақытылы анықтау және есепке алу;
2) жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз балалардың жылжымайтын мүліктік жағдайын қадағалау; тұрмыс жағдайдарын тексеріп отыру;
3) жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз балалардың асыраушыларына уақытылы жәрдемақыны төлеу;
4) Қамқоршылардан жылына екі рет есеп талап ету;
5) Мекемедегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін мерзімінде көрсету;
6) Бала асырап алу және ата-аналық құқығынан айыру бойынша тиісті құжаттарды уақытылы дайындау және сотқа қатысу.
7) Мекемедегі қорғаншылық және қамқоршылық органы бойынша ішкі бақылаудағы құжаттарды орындау, жоғарғы тұрған органдарға есептер тапсыру және т.б.

Бөлім басшысы
Г.Қасымова


Дата редактирования: 09 Ақпан 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 388.07
Евро 427.54
Рубль 6.08
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

14.11.2019
12 қараша күні қала әкімі Камзин К. А. білім беру бөлімінің басшысы Касимова Г. К. бірлесіп бюджеттік өтінімді беру үшін барлық қалалық білім беру (мектепке дейінгі, орта, қосымша) объектілеріне тексеру жүргізді.
2020-2022 ж. ж. бюджетін қалыптастыру шеңберінде, аралау барысында қала әкімі білім беру нысандарын қаржыландыруға қажетті сметалық құжаттаманы жасау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді (жөндеу және материалдық базаны нығайту).
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика