ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бөлім Регламенті

«Приозерск қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің жұмыс
регламенті

1. Жалпы ереже

1.1. «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі Бөлім) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесімен, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
1.2. Бөлім басшысы – қала аумағында білім беру ұйымының қызметімен келісілген мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген және Приозерск қаласы аумағында әлеуметтік және экономикалық білім беру, орта, жалпы, мектепке дейінгі, мектептен тыс және бастауыш кәсіби білім беру жағдайына жауап береді.
1.3. Бөлім аппаратының мамандары, қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері, бухгалтерия қызметкерлері, штаттан тыс жұмысшылар бөлім басшысы бекіткен міндеттердің бөлінуіне сәйкес жұмыс істейді. Басшы болмаған жағдайда немесе өз қызметін атқаруға мүмкіндігі болмаса, оның өкілеттігін бөлімнің сектор меңгерушісі жүзеге асырады.
1.4. Ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру-құқықтық қызметті Бөлімнің аппараты қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие беру үрдісін қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-сараптамалық қызметті, әдістемелік жұмысты қалалық әдістемелік кабинет бөлімше басшысының (әдістемелік кабинет меңгерушісі) басқаруымен жүзеге асырады.
1.5. Іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу, бөлім басшысына жіберілген құжаттарды, оның ішінде түрлі байланыс көздерінен түскен хабарламаларды қабылдау, өңдеу және бөлу, басшының жеке қабылдауына жазылуды қабылдау осы Регламентте қаралған тәртіпте жүзеге асырылады.
1.6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізуді, «Айқын» автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасы бойынша өтініштерді тіркеуді бас маман жүзеге асырады.
1.7. Соттарда бөлімнің атынан сөйлеуді және мүдделерін қорғауды басшы немесе оның тапсырмасымен білім бөлімінің басқа маманы жүзеге асырады.

2. Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру

2.1. Бөлімде іс қағаздарын жүргізу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру және құжаттандыруды басқару Типтік ережелеріне және өзге нұсқаулық-нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2.2. Орындауды талап ететін қызметтік құжаттарда Бөлім басшысының нақты орындалу мерзімі мен орындаушылар көрсетілген бұрыштамасы болуы тиіс.
2.3. Бұрыштамаға сәйкес, құжатты орындаушыға жіберу Бөлімнің референтімен құжат айналымы арқылы жүзеге асырылады.
2.4. Құжаттың сақталуына жауапкершілік бұрыштамада көрсетілген жауапты адамға жүктеледі.
2.5. Қызметтік құжаттар орындалғаннан кейін Бөлім басшысының бақылауынан алынады. Құжаттардың орындалу мерзімін бақылауды Бөлімнің референты жүзеге асырады.
2.6. Жоғары органдарға жіберілген қызметтік құжаттарға бөлім басшысы, ол болмаса, бөлімнің сектор меңгерушісі қол қояды.
2.7. Бөлімнің барлық құжаттарын жіберуді бөлімнің референты жүзеге асырады. Барлық шығыс құжаттар журналға тіркеліп құжат айналымы арқылы жіберіледі, шұғыл құжат жедел түрде жіберіледі.
2.8. Барлық орындаушылар құжаттардың уақытында және сапалы орындалуына жауапты.
2.9. Бұйрық пен шығыс құжаттарды фирмалық бланкта шығаруды өз құзыреті шегінде бөлім қызметшілері жүзеге асырады, бұйрықтарды, кіріс және шығыс құжаттарды тіркеуді бөлімнің референты жүзеге асырады.

3. Жұмысты жоспарлау

3.1. Білім бөлімінің аппараты және әдістемелік кабинет өз жұмысын, негізгі іс-шаралардың жылдық және тоқсандық жоспары бойынша, білім бөлімінің кеңестерінде және білім беру ұйымдарының басшыларының жиналыстарында қаралған мәселелердің жылдық тізімі бойынша құрады.
3.2. Жоспарларды бөлім басшысы бекітеді.
3.3. Жоспарлардың жобалары мынадай тәртіппен дайындалады:
1) мамандар мен әдіскерлер ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін білім бөлімінің сектор меңгерушісіне өз ұсыныстарын жазбаша түрде береді;
2) жылдық жоспарланған жұмыстың ақпарын сектор меңгерушісі әдістемелік кабинет меңгерушісімен дайындайды;
3) жоспарлардың жобалары бөлім басшысына бекітуге беріледі.
3.4. Жұмыс жоспарының орындалуын сектор меңгерушісі бақылайды.

4. Бөлімнің және білім беру ұйымдарының басшыларының отырыстарын дайындау және өткізу

4.1. Бөлімнің отырыстары жұмыс жоспарына сәйкес қызметшілерімен апта сайын және білім беру ұйымдары басшыларымен тоқсанына бір рет жүргізіледі.
4.2. Бөлімнің отырысына дайындықты сектор меңгерушісі және күн тәртібіндегі сұрақтарға жауап беретін қызметшілер жүзеге асырады.
4.3. Бөлім кеңесінің күн тәртібінің жобасы отырысқа дейін үш күннен қалдырмай дайындалады және бөлім басшысына ұсынылады.
4.4. Бөлім басшысының тапсырмасымен отырыс шұғыл түрде өткізілетін болса, күн тәртібі отырысқа дейін бір күн бұрын дайындалады.
4.5. Қаралатын мәселелер бойынша шешімдер жобасы бөлім басшысына, отырысқа дейін үш күн бұрын беріледі.
4.6. Бөлім отырысынан кейін барлық шешімдерге бұрыштама соғылып хаттама толтырылады. Отырыс хаттамалары бөлімде сақталады. Сақталу мерзімі өткенен кейін мұрағатқа тапсырылады.

5. Бөлімнің бұйрықтарын дайындау,
рәсімдеу, көбейту және жіберу тәртібі

5.1. Бөлім басшысы өз құзіреті шегінде шешім қабылдап, бұйрықтарға қол қояды.
5.2. Бөлім басшысына әкелінген бұйрық жобалары түзетілген, мемлекеттік тілде, қажетті жағдайда екі тілде басылған болуы керек.
5.3. Бұйрықтарды уақытында шығаруға және мекен-жай бойынша жіберуге Бөлімнің референты жауап береді.
5.4. Бөлім басшысы қол қойған құжаттың түпнұсқасын  Бөлімнің референты сәйкес бұйрық папкасына тігеді. Түпнұсқаға қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге болмайды.
5.5. Техникалық қателіктерге байланысты бұрын жіберілген шешімдерді немесе бұйрықтарды ауыстыру, тек бөлім басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда алғашқы жіберілген құжаттар қайтарылып алынады.

6. Бөлімде құжаттардың орындалуын бақылауды
және тексеруді ұйымдастыру тәртібі

6.1. Кіріс құжаттарды бақылауды және тексеруді ұйымдастыру тәртібі:
1) Президенттің және Үкіметтің актілері, Премьер-Министрдің өкімдері, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер –Министрінің, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің тапсырмаларымен құжаттар, Облыс әкімі және оның орынбасарлары, қала әкімі және оның орынбасарларының білім бөлімдеріне нақты тапсырмалары жазылған құжаттар бақылауға алынады;
2) орындалуы бойынша нақты шара қабылдауды талап ететін құжат, референтпен бақылауға қойылады;
3) тапсырманы бірнеше адам орындаса, бірінші тұрған адам жауапты болып табылады;
4) бақылауға қойылған жоғары тұрған ұйымдардың және ведомстволық құрылымдардың құжаттары, құжаттың өзінде көрсетілген мерзімде орындалады;
5) тапсырманың орындалу мерзімі көрсетілмесе, ол құжатқа қол қойылған немесе бөлімде тіркелген күннен бастап бір ай ішінде орындалуы керек;
6) құжатты белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, бақылауға жауапты мамандар, әдіскерлер, бухгалтерлер, экономистер 3 күн бұрын бөлім басшысына орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауы тиіс;
7) Бақылау құжаттарының белгіленген орындалу мерзімін бұзу немесе оларды сапасыз орындау тәртіп бұзушылық болып табылады.
8) Айыпты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

7. Кадрлармен жұмыс

         7.1. Аппарат, әдістемелік кабинет, біріктірілген бухгалтерия кадрлары  және штаттан тыс қызметшілермен жұмысты кадр жұмысы жөніндегі маман қамтамасыз етеді:
1) Бөлім басшысы тағайындаған аппараттың қызметкерлерінің лауазым санаттарының есебін жүргізеді;
2) Бөлім қызметшілерінің жеке істерін дайындайды, олардың қызметтік жазбасына қажетті жазуларды енгізеді, еңбек кітапшаларын толтыруды қамтамасыз етеді;
3) Бөлім қызметшілерін сәйкес қызметтеріне қабылдау және қызметтен босату бойынша бұйрық жобаларын дайындайды;
4) Азаматтық қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялауды қамтамасыз етеді;
 
8. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс және
бөлім басшысының жеке тұлғаларды және заңды
тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру

8.1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес Бөлімнің бас маманы қамтамасыз етеді.
8.2. Бөлімге түскен өтініштер «Айқын» автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасы арқылы тіркеліп бөлім басшысына қарастырылуға беріледі.
8.3. Өтініштерді орындау туралы нұсқау бөлім басшысының бұрыштамасымен беріледі.
8.4. Өтініштердің жауаптарына бөлім басшысы қол қояды.
8.5. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды бөлім басшысы апта сайын сейсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00 дейін екі тілде жүзеге асырады.
8.6. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға жазуды бөлімнің референты жүзеге асырады.


9. Семинарлар, жиналыстар дайындық және өткізу тәртібі
Білім беру ұйымдарының қызметкерлерін шақыру

9.1. Білім беру ұйымдарының басшылары шақырылған семинарлар, жиналыстар және басқа іс-шаралар бөлім басшысының келісімімен өткізіледі.
9.2. Білім беру ұйымдарының басшыларын бөлімге шақыру бөлім басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.
9.3.  Білім беру ұйымдарының басшыларының қаладан тыс жаққа шығуы бөлім басшысының келісімімен жүзеге асырылады. Аппарат және әдістемелік кабинет қызметкерлерінің іссапарларының мақсаттылығын бөлім басшысы анықтайды.

10. Бөлімнің жұмыс уақытының регламенті

10.1. Бөлімде жұмыс уақыты сағат 9.00-де басталып 18.30-ға дейін жалғасады, түскі үзіліс 13.00 - 14.30 дейін. Аппараттың жауапты және техникалық қызметкерлеріне нормадан  тыс жұмыс күні белгіленген.
10.2.  Бөлімде негізгі іс-шараларды ұйымдастыру  жұмыс жоспарына  сәйкес өткізіледі.
 


Дата редактирования: 29 Қыркүйек 2015

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика