ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласында «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар

Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қойды. Тәуелсіздіктің 20 жылындағы жетістіктерді бекіте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшінші он жылдығында әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдіреді. Осы мақсатта Елбасымыз «Қазақстан 2020: болашаққа жол» ҚР мемлекеттік жастар саясатын 2020 жылға дейінгі дамыту бағдарламасын алға мақсат етіп қойды. Приозерск қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы 2014 жылдың қазан айына дейін өткізген 38 іс – шарасы «Қазақстан 2020: болашаққа жол» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Олар: «Зимушка зима», «Солдат соғыс таңдамайды», «Золотой мяч», әр түрлі флэшмобтар, жұмыссыздықтың деңгейін төмендету мақсатында «Өз ісіңнің шебері бол» атты бос орындар жәрмеңкесі. Сонымен қатар айтулы мерекелерге арналған іс – шаралар. Олардың арасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында қаланың белсенді жастарымен бірігіп, «Жалынды жастар» атты киіз үй құрып, онда қала тұрғындарына наурыз көжеден, құрт, айраннан дәм татқызды.
Қазақ халқында «Отбасы» сөзі өте қастерлі сөз. Оған дәлел сан түрлі ата-бабаларымыздың қалдырған ғибрат, нақыл сөздері, даналық әңгімелері. Сол себепті қазақ халқы Отбасы күнін де айтулы мереке ретінде белгілеп, оны үлкен қуанышпен атап өтеді. Приозерск қаласында  отбасы құндылықтарын дәріптеп, насихаттайтын «Мерейлі отбасы» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 3 жас отбасы ат салысып, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.
Жастарды отансүйгіштікке баулып, патриоттық сезімін ояту мақсатында Приозерск қаласының 44841 әскери бөлімінде жастар орталығының бастамасымен, әскер қатарына қабылданушыларға арналған «Мен Отан қорғаушысымын» атты іс – шара өткізілді. Іс – шара мақсаты жас әскерге шақырылушыларға әскери өмірді көрсетумен қатар салтанатты түрде шығарып салу болып табылады.
9 мамыр ҰОС 69 жылдығына орай, 2013 жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан «Ардағым-ардагерім» атты акция аясында ҰОС ардагерлерімен кездесулер өткізіліп көмек көрсетілді. Жеке секторларда тұратын ардагерлерге бақша тазалау, таза ауыз су тасу, үй айналасын қоқыстан тазарту және т.б жұмыстар жүргізілді.
«Балалы үй - базар» демекші, Балаларды қорғау күні де тыс қалған жоқ. Мереке «Семья и дети» атты іс – шарамен аталып өткізілді.
Орталық бағдарлама  бойынша ғана емес Елбасының «Қазақстан 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізгі бағыттарын талқылау бойынша және діни экстремизм және терроризм тақырыбында да әр түрлі сала қызметкерлерімен кездесулер және насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Мерекеге жаны жақын қазақ халқы Мемлекеттік рәміздер мен Елордамыз – Астана күндерін де үлкен қуанышпен атап өтті. Бұл мерекелер Приозерск қаласында «Ел мақтанышы» атты іс – шарасы және «Балқаш көлі жағасы – Қоржынтүбек қаласы» атты облыстық жайдарман сайысымен айқындалды.
Қаламызды қоқыстан тазартып, көркейту мақсатында сенбіліктер, экологиялық акциялармен қатар «Жасыл Ел» бағдарламасы тамыз айынан бастап жүзеге асырылды. 1 тамыз күні Балқаш көлінің жағасында ашылу салтанаты өткізілсе, 1 ай ішінде жастардың еңбегін ақысыз қалдырмау мақсатында 29 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған іс – шарада «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы қорытындыланып, барлық сарбаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қандай жағдай болмасын жастарды қолдайтын «Жастармен жұмыс жөніндегі орталығы» балалардың бос уақыттарын әсіресе жаз мезгілін тиімді әрі қызықты өткізу міндетін алға қоя отырып, тамыз айының жұма күндері «Выходи играть во двор», 22 тамызда «ОйынBus» іс – шаралары өткізілді.
Осы қарқынмен қыркүйек айында жастарды жат қылықтардан және дәстүрлі емес діни ағымдардан алшақтату мақсатында, 15-16 қыркүйекте «Дініңді сақта, салтыңды сатпа» атты мектеп оқушыларымен семинарлар ұйымдастырылды. Бұл семинарларды арнайы Қарағанды қаласынан шақырылған Діни-психологиялық-құқықтық Кеңес орталығының мамандары өткізді.
Сонымен қатар қыркүйектің 26 жұлдызында, қала әкімінің қолдауымен, Қарағанды облысының кәсіпкерлік палатасы Приозерск қалалық филиалының көмегімен, жастарды кәсіпкерлікке тарту және дамыту мақсатында «Жас кәсіпкерлер форумы» өткізілді. Алдын ала «Ең үздік идея» байқауы жарияланып, 12 жас өз идеяларын ұсынған болатын. Форумда байқауды қорытындылап, үміткерлердің арасынан 3 жасты іріктеп, таңдап, оларға 3 орын бойынша бағалы сыйлықтар табыстады.
Қорыта келе, барлық атқарылған жұмыстар қала жастарының күшімен қаламызды көркейту, қаламыздың атын жаңғыртатындай жастар тәрбиелеу. Осы мақсатты алға қоя отырып, қарқынды жұмыс атқарсақ, алар асуымыз биік болар деген сенімдеміз...

 


Дата редактирования: 17 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика