ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласының Қазақстан Республикасындағы тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған ісшаралар жоспарының 2017 жылдың І-ші жартыжылдығы бойынша орынд

Қазақстан Республикасындағы тілдерді қолдану мен дамытудың                    2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Приозерск қаласының 2017-2019 жылдарға арналған үш жылдық ісшаралар жоспары қалалық әкімдіктің 2017 жылғы 9 наурыздағы №10/69 қаулысымен бекітіліп, осы жоспарға сәйкес жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде.
Қаржыландыру көлемі 2017 жылы - 2550,0 мың теңге болды. Оның мемлекеттік тілді оқыту курстарына -1200,0 мың теңге; ағылшын тілін оқыту курсына – 750,0 мың теңге; іс-шараларға 600,0 мың теңге.
          Мемлекеттік тілді оқыту курсы ұйымдастырылып,  40 адам  қамтылды, Курс А1 және В1 деңгейлері бойынша оқытылды. Сонымен бірге А1 деңгейі бойынша ағылшын тілі курсы ұйымдастырылып, 25 тыңдаушы оқытылды. Курс тыңдаушыларының барлығы  сертификат алды.
Аталған мемлекеттік тілді оқыту курстарын «Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны өткізді.
2017 жылдың І-ші жартыжылдығында  ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 144 адам  диагностикалық және сертификаттық  тестілеуден өтті. Оның ішінде 10 адам сертификаттық тестілеуден, ал 134 адам диагностикалық тестілеуден өтті. Нәтижесінде сертификаттық тестілеуге тапсырған 10 адамның В1 деңгейі бойынша 7-уі  сертификат алды.
Ағымдағы жылдың ІІ-ші жартыжылдығында ҚАЗТЕСТ жүйесінің В1 деңгейі (орта деңгей) бойынша сертификаттық және диагностикалық тест тапсыру жоспарлануда. Сертификаттық тестілеуге 10 адам (мемлекеттік қызметшілер), диагностикалық тестілеуге 60 адам (Приозерск гарнизоны   әскери полиция бөлімінің қызметкерлері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері).
Қаладағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардың тиісті заңнама талаптарына сай рәсімделіп, орналасуы бойынша  жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда. Приозерск қаласы бойынша ағымдағы жылдың І-ші жартыжылдығында жүргізілген әдістемелік көмек көрсету кезінде жалпы  қамтылған жарнамалардың саны - 297, оның ішінде әлеуметтік жарнама - 32, коммерциялық жарнама - 265. Рейд барысында 9 заң бұзушылық анықталды. Оның 3-уінің  маңдайша жазулары түзетіліп, 2 маңдайша жазуы алынып тасталды. Ал қалған 4 нысанның маңдайша жазуы мен жарнама мәтіні 1 ай көлемінде жөнделді. 2016 жылы рейдпен қамтылған көрнекі ақпарат саны - 231, 31-інде әр-түрлі деңгейдегі қателіктер анықталды.  Рейд барысында 12-і жөнделіп, бөлімнен келісім құжатын алғаннан кейін ілінді. Қалған 19-ын дұрыстау мақсатында олардың иелерімен түсіндіру-әдістемелік жұмыстары жүргізілді, қателіктерді 1 ай көлемінде дұрыстауға ұсыныс берілді.
Жергілікті БАҚ-да тіл саясатын насихаттауға бағытталған жұмыс жалғасын табуда. 2017 жылдың І-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді қолдау және оны дамыту жұмыстарын насихаттау мақсатында есепті кезеңде жергілікті «Приозерский вестник» газетінде 16 мақала жарық көрді. Оның 7-уі үштілділік саясатын насихаттауға бағытталған.
Бөлімде  қала көшелерінің атауын ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қаламызда барлығы 34 көше бар. 2016 жылы тұрғындардан атаулары мағынасы ескірген, жүйесіз қойылған 8 көшені қайта атау бойынша жұмыс жүргізіліп, қазіргі таңда Республикалық ономастикалық комиссияның оң шешімі шықты. Комиссия шешіміне сәйкес, қажетті жұмыстар жалғасын табуда.
Үстіміздегі жылы да идеологиялық тұрғыдан ескірген 11 көшені қайта атау бойынша қажетті жұмыстар жүргізілу үстінде. Ағымдағы жылдың 26 маусымында көпшілік тыңдаулар өткізілді. Дайындалған құжаттар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармаға ұсынылды.
2017 жылы әлеуметтік тапсырыс аясында 600,0 мың теңге (26,6%) қаржы бөлініп, тілдерді насихаттауға және дамытуға бағытталған 6 ісшара өткізу жоспарланды. Бүгінгі күнге оның 4-уі өткізілді. Атап айтсақ, Қасым Аманжолов атындағы жас ақындар мүшайрасы, мемлекеттік қызметкерлер арасында Қазтест жүйесі бойынша тест тапсыру байқауы, «Үздік аудармашы» байқауы, Оралхан Бөкей оқулары. Пушкин оқулары және үштілділік олимпиадасы ІІ жартыжылдықта өткізіледі.
Қаламыздың талантты жастары тілдерді дамытуға бағытталған облыстық ісшараларға белсенді түрде қатысып тұрады. Солардың бірі Жанылхан Шолпанай «Тілдарын» облыстық байқауына, Турдыбаева Гулжайна көркемсөз оқу шеберлерінің арасында өткен «Абай оқулары» облыстық байқауына қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.


Дата редактирования: 25 Тамыз 2017

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика