ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласы бойынша тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2014 жылғы 9 айы бойынша атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

Приозерск қаласының Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2014 жылдың 9 айы бойынша біршама жұмыстар атқарылды.
Приозерск қаласында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары  бекітілді.
Жоспарға сәйкес мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтар болсақ, Мұқағали Мақатаев атындағы «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жас ақындардың конкурсы, Мағжан Жұмабаевтың туған күніне арналған «Мен жастарға сенемін» қалалық байқауы, «Тіл – достық бірлігі» Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама, «Үздік іс жүргізуші» қалалық байқауы, «Жырың болып төгілемін, елім» І-ші қалалық ақындар айтысы, «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» атты онкүндік және қалалық ақындар поэзия кеші.
Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың қазан айында Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы, қараша айында қалалық Пушкин оқулары және желтоқсан айында мектеп оқушылары арасында «Тіл дарын-2014» тілдің үштұғырлығын насихаттайтын олимпиада өткізіледі.
2014 жылдың ақпан мен мамыр айлары,  шілде мен қыркүйек айлары аралағында  3 айлық мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылды. Аталған курстар ҚАЗТЕСТ стандарты негізінде базалық «А2» деңгейі бойынша өтіп, 40 адам қамтылды. Оның 24 - мемлекеттік қызметкерлер, 16 - азаматтық қызметкерлер.
Қалалық әкімдік жанынан Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын жүзеге асыру жөніндегі құрылған комиссия жұмысын жүргізуде. Комиссияның 2014 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес тоқсан сайын қаладағы барлық нысандардағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы және «Жарнама туралы» ҚР  Заңының талаптарына сәйкестілігін бақылау бойынша рейд жүргізіліп отырады. Есептік кезеңде 90-ға жуық  жеке кәсіпкерлердің нысандарында жүргізілген рейд барысында қалалық базарда орналасқан 13 бутиктің маңдайша жазулары заңға қайшы тек орыс тілінде рәсімделсе, қалған  2-нің маңдайша жазулары ескіргені анықталған.  Заңбұзушылық анықталған жағдайда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетіледі.
Қалалық әкім аппараты және әкімдіктің бөлімдерінде ай сайын іс жүргізу құжаттарына  мониторинг жасалып бақылау жүргізіліп отырады. Есептік кезеңде мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының көрсеткіші – 99,6%.
Мемлекеттік тілді қолдау және оны дамыту жұмыстарын насихаттау мақсатында 2014 жылдың 9 айында жергілікті «Приозерский вестник» газетінде 11 мақала жарияланды.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтетін іс-шараларға қала жастары да белсене қатысып отырады. Атап өтетін болсақ, Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған үштілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауына Қырықбаев Әсет және «Үздік іс жүргізуші» облыстық байқауына Ілкібаева Фариза қатысып, Алғыс хаттармен марапатталды.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырып өткізу үшін  2014 жылы жергілікті бюджеттен 1167,6 мың теңге қаржы жұмсалды.

 


Дата редактирования: 17 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика