ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету Тәуелсіздік жылдарында қайта жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлері құрылуда.
«Балапан» бағдарламасы   мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы деңгейін төмендету жөніндегі  шаралар қабылдауды, мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаны іске асыру мақсатында  қалада балабақшалар  саны көбеюде. Қазіргі таңда бала тәрбиесінде басым бағытқа ие – балабақша. Сондықтан 2010 жылы №2 мектеп –балабақша кешенінде мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған 2 топ құрылды, 2011 жылы Өнер және спорт мектебінде 100 балаға арналған «Еркетай» шағын-орталығы ашылды, 2014 жылы 200 орынға арналған «Балабақай» балабақшасы пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылуы 86,4% құрайды. Сонымен қатар,  мектепке дейінгі  ұйымдардан орын алу кезегінде 522 бала  тіркелген.
«Балапан» бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін білікті кадрлармен қамтамасыз етіп, олардың біліктіліктерін арттыру. Балабақшалардағы педагогтардың білім деңгейі жетілдірілген: тәрбиешілер жоғары және мектепке дейінгі кәсіптік орта білімді.
Жалпы, балабақша тәрбиеленушілеріне берілетін білімге назар аударсақ, Елбасы көтерген тілдердің үштұғырлылығы саясаты бойынша, қаладағы  балабақшаларда ағылшын тілі қосымша тіл ретінде енгізілген. Онда ағылшын тілінің алғашқы тіл үйрету сатылары бойынша білім беріледі. Сабақтар көбінесе ойын түрінде өтіп, баланың қабылдауына  жеңіл, әрі күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың атауын жаттаумен шектеледі.
Балабақшадағы білім беру мәселесі, сондай-ақ, мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту ісі болашақтың іргесін қалаудың бастамасы.

 


Дата редактирования: 19 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика