ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласының Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  туралы» 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығын іске асыру мақсатында Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 27 желтоқсанда №44/2 «Приозерск қаласының Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысымен аталған іс-шаралар жоспары  бекітіліп, арнайы белгіленген жұмыстар атқарылып келеді.
«Приозерск қаласының Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және дамыту мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Олар:

  • Мұқағали Мақатаев атындағы «Туады, туады әлі нағыз» атты жас ақындардың конкурсы;
  • Қазақстан Республикасы халқының бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама;
  • Мемлекеттік тілдегі «Елім менің» патриоттық әндер байқауы;
  • Қалалық «Пушкин оқулары» байқауы;
  • «Мемлекеттік тілде іс жүргізу үздігі» атты байқауы;
  • Мемлекеттік қызметкерлер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» қалалық байқауы;
  • “Тіл бірлігі – ел бірлігі» Қазақстан халықтарының тілдері күніне  арналған  мерекелік бағдарламалар;
  • Жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Абай оқулары»;
  •  Қасым Аманжолов атындағы жас ақындардың конкурсы;
  • Мемлекеттік қызметкерлер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» қалалық байқауы;
  • «Туған ел – тұғырың, туған тіл – қыдырың» жылдық сөре ұйымдастырылды.

Желтоқсан айында мектеп оқушылары арасында Тілдің үштұғырлығын насихаттайтын олимпиада және өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл - болашағым» байқауы өткізіледі.
Жыл бойында жоспар бойынша тілдерді дамыту және қолдануға бағытталған барлығы 13   ісшара ұйымдастырылып, өткізілді.
2013 жылдың 18 ақпанынан бастап 17 мамыр аралығында «Приозерск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі 3 айлық ақысызмемлекеттік тілді оқыту курсын ұйымдастырып өткізді. Мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша қамтылған 40 адамның 3-уі анықтама, қалған 37 –сіне сертификат тапсырылды. Курсқа жергілікті бюджеттен 1200,0 теңге бөлінді, мемлекеттік сатып алу баға ұсынымы тәсілі бойынша өтіп, курсқа 720 мың қаржы жұмсалды. Мемлекеттік тілді оқыту курсын «Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының «Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны жүргізді. 
2013 жылғы 28 наурыздағы «2013 жылғы 27 наурыздағы №11/4 «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын жүзеге асыру жөніндегі комиссия құру туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын жүзеге асыру жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңамаларын жүзеге асыру жөніндегі комиссиясының 2013 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес тоқсан сайын қаладағы барлық нысандардағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы және «Жарнама туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкестілігін бақылау бойынша рейд жүргізіліп отырады. Рейд жүргізілген 100-ге жуық  жеке кәсіпкерлердің нысандарын  тексеру барысында оның: 6-да маңдайша жазулары заңға қайшы рәсімделсе, ал қалған  4-де маңдайша жазулары ескіргені анықталды.  Заңбұзушылық анықталған жағдайда ескерту жасалып, белгілі бір мерзім ішінде қателіктерді жоюға мүмкіндік беріледі.
Қалалық әкім аппараты және дербес бөлімдерде іс жүргізу құжаттарына айсайын жүргізілген мониторинг бойынша есептік кезеңде мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының көрсеткіші әкім аппараты бойынша – 99,8%,  2012 жылы бұл көрсеткіш 100 % болатын. Ал дербес бөлімдер бойынша –99,8% құрайды, 2012 жылы бұл көрсеткіш 96 % болатын.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді қолдау және оны дамыту жұмыстарын насихаттау жүргізіліп отырады. 2013 жылы «Приозерский вестник» газетінде мемлекеттік тіл саясатын дамытуға арналған 12 мақала жарияланды. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде 1, «Индустриальная Караганда» газетінде 1 мақала жарияланды.
Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Тілдарын-2013» облыстық олимпиадасына қатысқаны үшін Ермағамбетова Аида Бикенқызы Алғыс хатпен марапатталса,  Сәтбаев қаласының 40 – жылдығына арналған «Досқанадан – дос қалаға дейін» атты жазба ақындарының облыстық мүшәйрасында ІІІ орынға Қарабеков Нұрғали Қыдырмұратұлы иеленді.
2013 жылы «Мекен-жай тіркелімі» (Адресный регистр) ақпараттық жүйесі бойынша жоспарға сәйкес жұмыс атқарылды. Приозерск қаласы бойынша барлығы 60 геоним бар (қала – 1,  трасса – 1, өндірістік зона – 1, микроаудан – 1, көше – 32, массив – 20, алаң – 2, переулок – 1, бульвар – 1). Олардың барлығы «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізілген. Жыл бойы ақпараттық жүйеге енгізілген мәліметтерді салыстыру және синхронизациялау жұмысы жүргізіліп, уақытында аяқталды.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі ісшаралар ұйымдастыру үшін 2013 жылы жергілікті бюджеттен 291,4 мың теңге бөлініп, аталған қаржы толықтай игерілді.


Дата редактирования: 20 Қазан 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика