ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

Приозерск қаласының әкімдігі
жанындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі
комиссия туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына  сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Приозерск қаласының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес мақұлдансын.
2. Приозерск қаласының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Приозерск қаласының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы қалалық мәслихат сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
4. Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 15/169 «Приозерск қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия құрамы туралы» қаулысының күші жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Қала әкімі                                                                                            Қ. Камзин

Приозерск қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «      » __________
№_______ қаулысына
2 қосымша

Приозерск қаласының әкімдігі жанындағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
 

  1. Жалпы ережелер

1. Осы ереже «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға  қарсы әрекет ету жөніндегі стратегиясын» іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.
2. Приозерск қаласының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия  (әрі қарай - Комиссия) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік-кеңес органы болып табылады.
3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сол сияқты осы Ережені басшылыққа алады.

  1. Комиссияның негізгі міндеттері мен құқықтары

4. Комиссияның негізгі міндеттері болып табылады:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жұмыс пен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға  қарсы әрекет ету жөніндегі стратегиясын іске асыру барысын талдау, орындалатын іс-шаралардың нәтижелілігін бағалау;
2) жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, басқа да ұйымдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша жоспарлы, жүйелі және мақсатты бағытталған шараларды қабылдау;
3) жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, басқа да ұйымдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары профилактикасын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясат туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы жөнінде тұрғындарды тұрақты түрде хабардар ету;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі маңызды мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен бірлесе іс-әрекет ету.
5. Комиссия өзінің құзыреті шегінде құқылы:
1) жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, басқа да ұйымдардың  басшыларын және басқа тұлғаларды шақыруға және Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тыңдауға;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға қатысты мәселелер бойынша уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
3) мемлекеттік органдарға, басқа да ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары профилактикасы бойынша ұсынымдар мен шаралар қабылдауға ұсыныстар енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, сол сияқты Комиссияның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге.

3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

6. Комиссия қалалық әкімдігінің қаулысымен құрылады.
7. Комиссия төраға мен Комиссияның басқа мүшелерінен тұрады.
Комиссияның жұмысшы органының өкілі немесе қала әкімі белгілеген басқа тұлға Комиссияның хатшысы болып табылады.
8. Комиссияның дербес құрамы қалалық мәслихат сессиясының шешімімен бекітіледі.
9. Комиссияның құрамы жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларынан, мәслихат депутаттарынан, басқа да лауазымды тұлғалардан жасақталады. Комиссияның құрамына басқа да ұйымдардың, бизнестің, қоғам мен ақпарат құралдарының өкілдері енгізілуі мүмкін.
10. Комиссияны қала әкімі басқарады.
11. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін, сол сияқты оның өтетін орнын, уақыты мен мерзімін Комиссияның төрағасы белгілейді.
12. Комиссияның отырыстары:
1) қажетіне қарай, бірақ кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі;
2) егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екі бөлігі қатсқан жағдайда, заңды болып саналады;
3) ашық түрде өткізіледі. Қажет болған жағдайда, егер қарастыратын мәселелерде мемлекеттік құпиялар болса, Комиссия төрағасының шешімі бойынша жабық түрде де өткізіледі.
Комиссияның мүшелері отырыстарға ауыстырусыз өздері қатысады.
13. Комиссияның отырысына мүдделі тұлғалар, бизнес пен қоғам, ақпарат құралдары өкілдері, басқа да тұлғалар шақырыла алынады.
14. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көбісі дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
15. Комиссияның мүшелері ерекше пікірге құқылы, оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі керек.
16. Комиссия отырысын өткізудің нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған  Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды.
17. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
18. Комиссия төрағасы:
1) Комиссияның жұмысын басқарады;
2) оның отырыстарында төрағалық етеді;
3) сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін қарастыруға байланысты мемлекеттік органдар коллегияларының отырыстарына қатысуға құқылы.
19. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
20. Комиссия хатшысы:
1) Комиссияның мүшелерін Комиссия отырысының уақыты мен өтетін жері туралы хабардар етеді;
2) Комиссия отырысының хаттамаларын ресімдейді;
3) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.
21. «Приозерск қаласы әкімінің аппараты» ММ Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
22. Комиссияның жұмысшы органы:
1) Комиссия отырысының материалдарын дайындауды ұйымдастырады;
2) Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды.

4. Комиссияның жұмысын тоқтату

23. Комиссияның жұмысын тоқтату туралы қала әкімдігінің қаулысы Комиссияның жұмысын тоқтатуға негіз болады.

Приозерск қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «      » __________
№_______ қаулысына
1 қосымша

Приозерск қаласының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамы

Комиссия төрағасы  –           Камзин Кайрат Амангельдиевич, қала әкімі;

Комиссия төрағасының
орынбасары –                       Уразбаев Ерлан Калиевич, Қарағанды облысының ІІД Приозерск қаласының ІІБ бастығы, подполковник (келісім бойынша);

Комиссия хатшысы –            Оракбаева Салтанат Шохановна, әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;

Комиссия мүшелері:

  1. Сәденов Дастан Шугаевич – қала әкімінің орынбасары;
  2. Қазиева Ботагоз Ануаровна – қала әкімінің орынбасары;
  3. Исатаев Алтай Насипбекович – әкім аппаратының басшысы;

4. Наумагамбетов Багдат Канатович – Приозерск қаласы Әділет басқармасының бастығы (келісім бойынша);
5. Сарсембеков Бекзат Муксинович – Приозерск қалалық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша);
6. Айдарханов Темирхан Айдарханович – Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы;
7. Букпантаев Серикбай Турсынбекович – Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы;
8. Есенжолов Жакен Оралканович – Құрылыс бөлімінің басшысы;
9. Калмурзина Ботакоз Жоламановна – Ветеринария бөлімінің басшысы;
10. Касимова Гуля Кенесовна – Білім бөлімінің басшысы;
11. Ким Анна Лукинична – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
12. Струментова Наталья Михайловна - Экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
13. Шәрбекова Гүлжахан Қайроллақызы – Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
14. Жүсіпов Ахан Жармаханұлы – Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының м.а.;
15. Чалгимбаев Азамат Бауыржанович - Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалының директорының м.а.


Дата редактирования: 09 Ақпан 2017

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 325.20
Евро 397.13
Рубль 5.74
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

12.01.2018
ҚР Парламентінің Мәжіліс депутатының жұмыс сапары
2018 жылдың 9-10 қаңтар күндрі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы жұмыс сапарымен Приозерск қаласына келді. Н.О.Дулатбеков қаланың тұрмыс тіршілігімен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. «Ер-Тай» ЖШС тау-кен байыту комбинатында болып, шығаралып жатқан өнім түрлерімен танысты.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»