ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғы шарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күні елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселенің бірі, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда үкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады.

Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша Қарағанды облысының 2015-2017 жылдарға арналған жоспарына сәйкес Приозерск қаласында әкімдік өкімімен 2015 жылдың 23 шілдесінде № 31/5  көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды іске асыру мақсатында жоспар бекітілді. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен ведомствалық іс-шаралар жоспары құрылды.

Әр тоқсан сайын қалалық комиссия отырысы өткізіліп отырады. Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу және тергеп-тексеру материалдары қарастырылып, мекеме басшыларының есебі тыңдалады. Ағымдағы жылы комиссияның 4 отырысы өткізіліп, 10 мемлекеттік мекеме басшыларының есебі тыңдалды, жемқорлыққа қатысты 9 сұрақ қарастырылды. Әр қарастырылған сұрақ бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Барлық жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стандарттар бекітіліп, әлеуметтік желілерге шығарылған.

Приозерск қаласында 31 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика жұмыстарын күшейту, жемқорлыққа қарсы іс-шараларға жас ұрпақ пен барша қоғамды ат салыстыру және қандай-да бір жемқорлық белгілерінің алдын алу мақсатында «Адал жол – Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны өткізілді.

«9 желтоқсан сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» қарсанында 3 – 7 желтоқсан күндері аралығында Приозерск қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы апталық» өткізілді. Апталық барысында мемлекеттік мекемелер жемқорлыққа қарсы кездесу, дөңгелек үстел, семинар, спорттық жарыс және оқушылар арасында ашық сабақтар ұйымдастырды.

 Сонымен қатар қаланың орталық алаңында орналасқан LED экранда «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбындағы видео материалдары көрсетіліп отырады.           

Приозерск қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеру және құқық бұзушылықтардың барлық нысандарына «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Бірге! Парасыз болашаққа» - «В будущее-без взяток. Вместе!» мобильді топ құрылды.

Мобильді топтың мүшелері жоспарға сәйкес апта сайын азаматтармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы ақпараттық-түсіндіру бойынша кездесу өткізіп отырады. 

 Айта кететін болсақ Приозерск қаласында жемқорлыққа қарсы жұмыстар толыққанды ұймдастырылуда. Алай – да бұл қызмет тоқтатылмай әрі қарай өз жалғасын табады.

 

Қ.А. Камзин

Приозерск қаласының әкімі


Дата редактирования: 28 Желтоқсан 2018

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика