ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Ресми сөйлеген сөзі

09.07.2018 Қайырлы күн, құрметті Приозерск қаласының тұрғындары, әріптестер!

Сіздерді Елордамыз Астана күнінің 20 жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтаймын!

        Елбасы Н. Ә. Назарбаев 1997 жылғы 20 қазанда  жарлығына  сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығына 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ие болды.

        2008 жылы 24 маусымдағы Заңмен 6 шілде- Астана күні, мемлекеттік мереке болып белгіленді.

       Қазіргі Астана - саяси көшбасшылар,  инвесторлар мен меценаттар, діндер мен конфессия өкілдері, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орны, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы.

       Астана қаласы  мерекені жаңа жетістіктермен, тың күшпен, шалқар шабытпен қарсы алып отыр.

    2 шілдеде Қарағанды облысы елордамызға «Ұлытау» саяжолы мен «Қазақ еліне мың алғыс» монументі секілді ерекше сыйлық табыс етті.

       Аллея Қазақстанның киелі жері – Ұлытаудың басты көрнекті жерлерін көруге болатын ашық аспан астындағы мұражай ретінде ұсынылды.

       Басты тосын сый - тұпнұсқасы Эрмитажда тұрған Әмір Темірдің жазбасы бар Алтыншоқы тауының басындағы тастың көшірмесі болмақ.  

        Ол осы сыйлық – қазіргі Қазақстанның аумағында тұрып жатқан халықтардың бір тарихы мен ғасырлық достастығының нышаны.

        Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес.

        Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!      

       Баршаңызды осы қуанышты Астана күні мерекесімен құттықтаймын!

       Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық,  жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін.

       Сүйікті қаламыз – ару Астана көркейіп, гүлдене берсін!


Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 367.06
Евро 416.17
Рубль 5.56
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»