ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Ресми сөйлеген сөзі

15.01.2018 14.12.2017ж. Қала әкімінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Қайырлы күн
Құрметті қала тұрғындары және қонақтар!

Сіздерді Еліміздің келе жатқан басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ел дамуында жаңа тарихи кезең басталды. Осы уақыт аралығында еліміз тұрақты дамып, өркендеп, зор жетістіктер мен табыстарға қол жеткізді. Бейбітшілік пен келісім, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеу жүйесі қалыптасты.
Бүгінгі күні Егемен елімізде ата-бабамыз талай ғасыр армандаған бірлік пен тыныштықтың ерекше үлгісі қалыптасқан. Президентіміз: «Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде Егемен Қазақстан Республикасы бар. Оның көп ұлтты, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – нұрлы, кемел болашағы бар», − деді.
Бейбітшілігіміз бен Тәуелсіздігіміздің арқасында халқымыз Мәңгілік Ел болуға бет бұрып, рухани жаңғыру, инновациялық индустрияландыру және болашаққа технологиялық серпініс идеясы бар, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылуда.Еліміздің Көкбайрағы - ашық аспан астында желбіреп, Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!
Қадірлі жерлестер!
Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты, рухы биік халық ретінде танытқан Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын келе жатқан салтанатты күні Әр отбасына татулық, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!
Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын!
 


Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 360.12
Евро 409.67
Рубль 5.33
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»