ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

           Мемлекеттік атаулы  әлеуметтік  көмек (одан әрі – АӘК) – облыста белгіленген, орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы кедейлік шегінен төмен (отбасыларға) тұлғаларға мемлекеттен берілетін ақшалай нысандағы төлем.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау – орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы, облыста белгіленген кедейлік шегінен төмен Қазақстан Республикасында тұрақты мекендейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, азаматтығы жоқ тұлғаларға  мемлекеттен берілетін ақшалай нысанда төлеу үшін есеп айырулар мен қажетті құжаттарды ресімдеу іс-жосығы.
Приозерск қаласында мемлекеттік қызметті бастығы, және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы тұлғасында «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Приозерск қ. аумағында орналасқан кеттерде, кеттердің Әкімдері, «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»  2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы                    1-тармағының негізінде көрсетіледі.  
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті:
«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетеді, мекенжайы: 101100, Қарағанды облысы,  Приозерск қаласы, Балхаш көшесі 5, тел. (739010) 54877, 53267, электрондық поштаның мекенжайы: sос - prio@mail.ru
    Жұмыс кестесі: сағат 9.00 бастап сағат 18.30 дейін, үзіліс  сағат 13.00 бастап сағат 14.30 дейін.
   Мемлекеттік қызмет демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда күн сайын көрсетіледі.
Альтернативтік ретте мемлекеттік қызмет Приозерск филиалы «Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ арқылы көрсетіледі, мекен жайы: 101100, Приозерск қаласы, Балхаш көшесі, 7, тел. 8(71039)53657 электрондық поштаның мекенжайы: prio_tcon2@mail.ru
Жұмыс кестесі сағат 9.00 ден бастап 19.00 дейін, үзіліссіз.
Мемлекеттік қызмет жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда күн сайын көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы  толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің: http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, Приозерск қаласы әкім аппаратының: Prio-akimat@yandex.ru  интернет-ресурсында,  уәкілетті органның стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
уәкілетті органға – жеті жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік қызмет көрсетуден:
1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен асатын жағдайда;
2) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ       1 және 2 топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға;
3) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға;
4) өтінуші толық емес және жалған құжаттарды тапсыру кезінде;
5) Учаскілік комиссиямен отбасының материалдық жағдайын тексеруден өтінуші бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындаудан бас тартады
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер көзделмеген.
Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін мынадай құжаттарды  ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері көрсетілген белгіленген үлгідегі өтініш;
2) белгіленген үлгідегі отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) отбасының тұрғын мекенжайы бойынша тіркелуді растайтын құжаттың көшірмесі
4) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелері алған табыстары туралы мәліметтер;
5) белгіленген үлгідегі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер.
6) асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) тиiстi органның асырап алу немесе баланы қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алу туралы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынады.
Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыс туралы құжаттарды берумен расталып отырады.

 


 


Дата редактирования: 22 Желтоқсан 2014

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика