ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Әлеуметтік қорғаудың басым бағыттары!

Мүгедектерді еңбек және жұмыспен қамту:

                 1. Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің басқалармен теңдей дәрежеде еңбек ету құқығын таниды; ол мүгедектің еркін таңдаған немесе оған ерікті түрде келісім берген еңбекпен, еңбек нарығы мен өндіріс ортасы мүгедектер үшін ашық, инклюзивті және қолжетімді болып табылатын жағдайларда өзін-өзі асырау мүмкіндігін алу құқығын қамтиды. Қатысушы мемлекеттер еңбек ету, оның ішінде еңбек ету кезінде мүгедектік алған адамдардың еңбек ету құқықтарын, оның ішінде заңнамалық тәртіппен тиісті шараларды, атап айтқанда мыналарға:
      a) жұмысқа қабылдау, жалдау және жұмыспен қамту, жұмысын сақтау, қызмет бабы бойынша өсу жағдайларын және қауіпсіз әрі салауатты еңбек жағдайларын қоса алғанда, жұмыспен қамтудың барлық нысандарына қатысты барлық мәселелер бойынша мүгедектік белгісі бойынша кемсітуге тыйым салуға;
      b) мүгедектердің бірдей мүмкіндіктер мен құндылығы бірдей еңбекке бірдей сыйақы алуға, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қоса алғанда, бопсалаудан қорғауды және шағымдарын қанағаттандыруды қоса алғанда, әділ және қолайлы еңбек жағдайларына құқықтарын басқалармен тең дәрежеде қорғауға;
      c) мүгедектердің өздерінің еңбек ету және кәсіподақ құқықтарын басқалармен теңдей дәрежеде жүзеге асыра алуын қамтамасыз етуге;
      d) мүгедектерге техникалық және кәсіптік бағдарлардың жалпы бағдарламаларына, жұмысқа орналастыру қызметтеріне және кәсіптік әрі үздіксіз оқытуға тиімді қол жеткізу мүмкіндіктерін беруге;
      е) еңбек нарығында мүгедектерді жұмысқа орналастыру мен олардың қызмет бабында өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ жұмыс іздеуге, алуға, жұмысын сақтауға және жаңғыртуға көмек көрсетуге;
      f) жеке еңбек қызметіне, кәсіпкерлікке, кооперативтерді дамытуға және өзінің жеке ісін ұйымдастыруға мүмкіндіктерін кеңейтуге;
      g) мүгедектерді мемлекеттік секторға жалдауға;
      h) оң іс-қимылдар бағдарламаларын, ынталандыруларды және басқа шараларды қамтуы мүмкін тиісті стратегиялар мен шаралардың көмегімен мүгедектерді жеке секторға жалдауды ынталандыруға;
      і) мүгедектерді жұмыс орнын жүйелі бейімдеумен қамтамасыз етуге;
      j) мүгедектердің ашық еңбек нарығы жағдайларында жұмыс тәжірибесін алуын көтермелеуге;
      k) мүгедектерге арналған кәсіптік және біліктілік оңалту, жұмыс орындарын сақтау және жұмысқа қайта оралу бағдарламаларын көтермелеуге бағытталған шараларды қабылдау жолымен іске асыруды қамтамасыз етеді және көтермелейді.
      2. Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің құлдықта немесе еріксіз жағдайда ұсталмауын және мәжбүрлі немесе міндетті еңбек етуден басқалармен тең дәрежеде қорғалуын қамтамасыз етеді.

Жеткілікті өмір сүру деңгейі және әлеуметтік қорғау:

              1. Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің өздері үшін және олардың отбасылары үшін жеткілікті тамақ, киім және тұрғын үйді қамтитын жеткілікті өмір сүру деңгейіне және өмір сүру жағдайын үздіксіз жақсартуға құқығын мойындайды және осы құқықтың мүгедектік белгісі бойынша кемсітушіліксіз іске асырылуын қамтамасыз етуге және көтермелеуге арналған тиісті шараларды қабылдайды.
      2. Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің әлеуметтік қорғалуға құқығын және осы құқығын мүгедектік белгісі бойынша кемсітушіліксіз пайдалану құқығын мойындайды және:
      а) мүгедектердің таза су алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі және мүгедектікпен байланысты мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған тиісті әрі қымбат емес көрсетілетін қызметтерге, құрылғылар мен басқа да көмектерге қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі;
      b) мүгедектердің, атап айтқанда, мүгедектігі бар әйелдердің, қыздар мен егде адамдардың әлеуметтік қорғау бағдарламаларына және кедейшілік ауқымын қысқарту бағдарламаларына қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі;
      с) кедейшілік жағдайында өмір сүретін мүгедектер мен олардың отбасыларының мүгедектікпен байланысты, тиісті дәрежедегі оқытуды, консультация беруді, қаржылық көмекті және уақытша патронаждық бағып-күтуді қоса алғандағы шығындарды жабу мақсатымен мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекке қол жеткізу жөніндегі;
      d) мүгедектердің мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі;
      е) мүгедектердің зейнетақылық жәрдемақы мен бағдарламаларға қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қоса алғанда, осы құқықты іске асыруды қамтамасыз етуге және көтермелеуге арналған тиісті шараларды қабылдайды.


Дата редактирования: 10 Тамыз 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика