ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Приозерск қаласының азқамтылған азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша 2016 ж. 01.06. ақпарат

Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде азқамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жергілікті бюджет есебінен Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының,  оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі.
Кедейлiк шегi – атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгiленетiн, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы.
2016 жылдың 2 тоқсанына  кедейлiк шегi – 7682 теңгені құрады.
2016 жылдың 1 маусымына  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 11 отбасына тағайындалып, 38 адамға сомасы 321,7 мың теңге төленді. 
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №319 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидалары» бұйрығына сәйкес 18 дейінгі балаларға арналған  жәрдемақы тағайындалады.
Балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда, Астана және республикалық маңызы бар қалаларында белгіленген   азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасыларға тағайындалады.
Отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы.
Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы - отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетін үлесi.
2016 жылдың 2 тоқсанына белгіленген  азық-түлік себетінің құны – 11523 теңгені құрады.
Балаларға арналған жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға тағайындалады.
2016 жылдың 1 маусымына 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 43 отбасына тағайындалып, 127 балаға сомасы  925,1 мың теңге төленді.
Сонымен қатар, Қарағанды облысы Приозерск қалалық Мәслихатының  2012 жылдың 10 cәуіріндегі  № 5/38 «Приозерск  қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және берілетін мөлшерінің  Ережесін бекіту туралы» шешіміне сүйене отырып, тұрғын үй көмегі тағайындалады. 
Тұрғын үй көмегі Приозерск  қаласында тұратын азаматтарға коммуналдық қызмет тұтыну шығындары белгiленген норма шеңберiнде, бiрақ өздерi тұратын үйдiң жалпы көлемiнен аспайтын,  түрғын үйдi ұстап тұру мен коммуналдық қызметтi тұтыну шығындары және қалалық телекоммуникация жүйесiнiң  абоненттерiне байланыс үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң өсуiне байланысты өтемақы төлемi  сол отбасының барлық кiрiсiнiң 8 пайызынан асып кеткен жағдайда тағайындалады.
2016 жылдың 1 маусымына тұрғын үй көмегі 48 отбасына тағайындалып, 128 адамға сомасы 914,4 мың теңге төленді.
Әлеуметтік көмек түрлерін алуға Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде кеңес беріледі.

«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ


Дата редактирования: 30 Маусым 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 383.98
Евро 430.63
Рубль 6.11
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»