ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2019 жылдың 21 маусымында өзінің барлық филиалында кезекті Ашық есік күнін өткізеді. 

Бұл жолғы шараның артықшылығы сол, бұл күні Қор мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар мен ақыл-кеңестер береді.

Ашық есік күнін өткізудегі басты мақсат – салымшыларға зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік сала бойынша жан-жақты ақпарат беру және ең керекті қызметтерді бір жерде көрсету.

Сіздердің сұрақтарыңызға мына құрылымдардың мамандары жауап береді:

1.  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;

2.  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ;

3. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті;   

4. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті;

5.  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»

 

Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыра алады.   

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметтері туралы толық ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ кеңселерінен алуға болады.

Біз сіздерді 21 маусым сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін Бұқар жырау даңғылы 82 үй мекенжайында орналасқан Қарағанды облыстық филиалының кеңсесінде күтеміз. 

         БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар:

Қарағанды облыстық филиалының өкілі

Түсіпбекова Ақмарал

8 775 043 36 07

press@enpf.kz


Кері қайту


Дата редактирования: 18 Қаңтар 2019

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 399.51
Евро 447.33
Рубль 5.78
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика