ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп

Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында халықты әлеуметтік қорғау шараларымен қамту бойынша белгілі жұмыстар атқарылады.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-ІІ «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Заңдарының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.

Анықтама: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (МАӘК) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларына) берілетін ақшалай төлем. 2016 жылдың 2 тоқсанындағы кедейшілік шегі-7682 теңге (2015 жылы -7281  теңге).  

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63-ІІІ «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы бұйрығы негізінде балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.


Анықтама: 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындаудың негізгі критерийі азық-түлік себетінің құнына негізделеді, бүгінгі күнге 11523 теңгені құрайды (2015 жылы – 10921 теңге). Сонымен қатар, балаларға жәрдемақы отбасының жан басына шаққандағы айлық табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда тағайындалады.
Бір балаға белгіленген жәрдемақы мөлшері айына 1,05 АЕК, бүгінгі күнге мөлшері 2228 теңгені құрайды (2015 жылы  – 2082 теңге).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысы және Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі  № 5/38 «Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне сәйкес тұрғын үй көмегі тағайындалады.

Анықтама: Тағайындалған көмек сомасы коммуналдық қызметті берушілердің шотына, атап айтқанда: «ТҮҚҚБ» КМК, Балқаш ҚКТ «Казақтелеком» АҚ, «Жезказган энергосбыт» ЖШС,  «Калқан-2009» ЖШС шоттарына аударылады.

2016 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 14 азқамтылған отбасы немесе 49 кедейшілік шегінен төмен тұратын азаматтар тіркелген. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы
азқамтылғандардың саны 5 адамға азайды. Азқамтылған отбасы санының азайған себебі, отбасы табысының өсуіне байланысты. Табыстың өсуі ақылы – қоғамдық жұмысқа қатынасуы, төленетін жәрдемақылардың мөлшерінің өсуі.
«Өрлеу» жобасы - отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында келісімшарт жасасу арқылы мемлекеттік шартты ақшалай көмек көрсету бағдарламасы (ШАК) – бағдарламаның шарттарын орындауға міндеттенген отбасыға әлеуметтік көмек көрсетудің белсенді нысандары көзделген қанатқақты жоба.
«Өрлеу» жобасына орташа айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 пайыздан төмен болатын отбасыларға (азаматтар), егер еңбекке жарамды отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге белсенді түрде қатысқан жағдайда қатысуға құқылы.


Анықтама: 2016 жылдың 2 тоқсанына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі – 19205 теңге, оның 60% - 11523 теңге.

«Өрлеу» пилоттық жобасын енгізуге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2016 жылға 17 адамға орташа мөлшері – 4200 теңгеден сомасы – 428,4 мың теңге қаржы бөлінді.
2016 жылдың 1 шілдесіне «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек 3 отбасы 12 адамға тағайындалып, сомасы 206,6 мың теңге төленді.
Халықтың әлеуметтік-осал топтарына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 11 отбасы 38 адамға – сомасы 321,7 мың теңге,  18 жасқа дейін балалары бар 43 отбасы 127  адамға – сомасы 925,1 мың теңге, тұрғын үй көмегі 48 отбасы 128 адамға – сомасы 917,7 мың теңге жәрдемақы төленді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасы, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы» 2014 жылғы 25 маусымдағы №34/239 Приозерск қалалық мәслихатының XXXIV сессиясының шешімі негізінде, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек, үйден тәрбиеленіп, оқытылатын кемтар - балаларды материалдық қамсыздандыру, мүгедектерді оңалту үшін көмекші техникалық құралдармен және қызметтер беру, қарттар мен мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдайларда, қайғылы жағдайларда, мерекелік күндерде, соғысқа қатысушылардың коммуналдық төлемдерін, электр қуаты мен телефон байланысының абоненттік төлемдерін төлеуге көмек көрсетілді. Жоғарыда айтылған көмек түрлері 428 халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын азаматарға жалпы сомасы – 3174,0 мың.теңгеге көрсетілді.


Анықтама: ота жасатудан кейінгі кезеңде, мүгедек балаларға 32 адамға сомасы 645,7 мың теңге, әлеуметтік маңызы бар 22 адамға сомасы 447,4 мың теңге, туысқандарының қайтыс болуына байланысты, өрттің болуына байланысты 9 адамға 381,7 мың теңге, мереке күндерге 290 адамға 1694,0 мың теңге, ҰОС 4 қатысушысына коммуналдық қызметтерін өтеуге 74,2 мың теңге әлеуметтік көмек жіберілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж адамдарға үйден әлеуметтік қызмет көрсететін 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. 2016 жылы үйден қызмет көрсетумен 16 адам қамтылды, соның ішінде 8 мүгедек (5 бала) және 8 зейнеткер.
2016 жылдың 1 шілдесіне 231 мүгедек тіркелген, соның ішінде 28 мүгедек бала. Өткен жылмен салыстырғанда 10 адамға көбейді.
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша протезді-ортопедиялық құралдарға 18 мүгедек, сурдо құралдарға 8 мүгедек, гигиеналық құралдарға 20 мүгедек, кресло-арбаға 6 мүгедек, жеке көмекшінің қызметіне 5 мүгедек өтініш білдірді. Өткен жылдың өтініштерін есепке алғанда 1 бейнекомпьютер, 3 протезді-ортопедиялық құралдарды алуға жолдама берілді.


Анықтама: Протезді-ортопедиялық құралдарға қажеттілік -18 адам, тифло құралдарға-5 адам, сурдо құралдарға – 8 адам, кресло-арбаға – 11 адам.

Гигиеналық құралдармен 20 мүгедек жергілікті бюджеттен сомасы 1171,8 мың теңге, республикалық бюджеттен сомасы 1192,5 мың теңгеге қамтамасыз етілді.
Медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша 3 мүгедек бала үйден тәрбиеленіп, оқытылады, 2016 жылдың 6 айында оларға сомасы 27,1 мың теңге төленді.


Анықтама: Тоқсан сайын 4 АЕК мөлшерінде жергілікті бюджеттен оқытуға жәрдемақы төленеді. Айына жәрдемақының орташа мөлшері 2828 теңгені құрайды.

Жүріп - тұруы қиын 1 топтағы 5 мүгедекке сомасы 91,3 мың теңгеге жеке көмекшінің қызметі ұсынылды.
2016 жылдың өткен кезеңінде 1 тыл еңбеккері мен 4 көп балалы ана медициналық- әлеуметтік мекемеге демалуға жолданды.

Приозерск қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі


Дата редактирования: 23 Тамыз 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 379.75
Евро 415.18
Рубль 5.78
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика