ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы

2005 жылғы 28 маусымдағы   «Балалы отбасыларға берілетін  мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес балалы отбасыларына  берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі белгіленді.
      18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, бұдан әрі - балаларға арналған жәрдемақы деп аталады.
      Балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген азық - түлік себетінің құнынан төмен отбасыларға тағайындалады, ағымдағы жылдың 4 тоқсанына азық-түлік себетінің құны- 11617 тенге.
      Балаларға арналған жәрдемақы өтініш берілген айдан бастап жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
Балаларға арналған жәрдемақы тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет :
1.Баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі.
2.Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
3.Отбасының тұрғылықты жерін және құрамын растайтын
құжаттың көшірмесі.
4.Отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер.
5. Ауыл шаруашылык бөлімінен анықтама.
        Отбасының жиынтық табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсан ұшін заңнамада белгіленген тәртіппен есептеледі.
Жиынтық табысқа осы Ереженің 2-бөліміне сәйкес отбасы құрамында есепке алынған барлық адамдардың  балаларға арналған жәрдемақыны  тағайындауға өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табысы қосылады.
       Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы есепті кезеңдегі жиынтық табысты көрсетілген кезеңдегі айлардың санына және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі.
        Жиынтық табысты есептеу кезінде  балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының құрамында мыналар есепке алынады:
1. ата-аналар (асырап алушылар) мен олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалары.
2. оқушылар мен күндізгі оқу бөлімінің 18 жасқа толмаған студенттері.
3. отбасында тұратын өгей ұлдар мен өгей қыздар, егер олар басқа ата- анасының отбасында есепке алынбаған болса.
         Отбасының жиынтық табысты есептеу кезінде ҚР және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
1. еңбек, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс.
2. кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс.
3. балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
4. жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
5. өзге де табыс.
6. уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезіңендегі жалақы.          
           Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уаклетті орган құжаттарды қабылдап алғаннан  кейін, қажеттілігіне қарай учаскелік комиссияларға балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жұргізуді жазбаша тапсырады.
Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны  балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәклетті органға ұсынады.
      Баланың еңбекке жарамды ата-анасы жұмыс  істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, армияда қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды.   

 


Дата редактирования: 22 Желтоқсан 2014

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика