ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы ақпарат

Қарағанды облысы Приозерск қалалық Мәслихаттың  2012 жылдың 10 cәуіріндегі  № 5/38 шешімімен бекiтiлген бекiтiлген –аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйдi ұстап тұруға,  коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және қалалық телекоммуникация жүйесiнiң абоненттерiне байланыс үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң өсуiне байланысты өтемақы төлемiне  Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕСIНЕ сүйене отырып, тұрғын үй көмегі тағайындалады.
 
      Тұрғын үй көмегі кiмдерге тағайындалады?
    
     Тұрғын үй көмегі осы қалада тұратын азаматтарға коммуналдық қызмет түтыну шығындары белгiленген норма шеңберiнде, бiрақ өздерi тұратын үйдiң жалпы көлемiнен аспайтын,  түрғын үйдi ұстап тұру мен коммуналдық қызметтi тұтыну шығындары және қалалық телекоммуникация жүйесiнiң  абоненттерiне байланыс үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң өсуiне байланысты өтемақы төлемi  сол отбасының барлық кiрiсiнiң 8 пайызынан асып кеткен жағдайда тағайындалады.
         Абоненттiк төлем тарифтерiнiң өсуiне байланысты өтемақы бұрынғы тарифпен жаңа тарифтың айырмасын тұрғын үй коммуналдық тұтыну  шығындарына қоса есептелiп төленуi арқылы жүзеге асырылады.                                                                
       Аталған өтемақы мөлшерi тарифтың көбею  сомасынан асырылып төленбейдi.
       Тұрғын үй көмегі өтiнiш берген айдан бастап, алты   айға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тiркеу алғашқы тiркеумен бiрдей жүргiзiледi.
     
           Тұрғын  үй  көмегі  кiмдерге   төленбейдi?   
     
      Тұрғын үй көмегі отбасында жұмысқа жарамды адамдар бар, алайда еңбек еткiсi келмейтiн немесе оқымайтын, иә болмаса әскери қызметте жұрмегендерге төленбейдi. Егерде мұндай отбасыларында сырқаттарды күтушiлер, үш жасқа дейiнгi бала тәрбиесiнде отырғандар, сондай – ақ төрт және одан көп баланы тәрбиелеушiлер, егер ең кенжесi 9 жасқа толмаса, онда бұл отбасына тұрғын ұй жәрдемақысы тағайындалады.
          Бiр тұрғын үйден артық мекендерi бар отбасыларына немесе тұрғын  үйiн жалға берушiлер тұрғын үй жәрдемақысын алу құқық жоғалтады.
         Сонымен қатар ата-аналар арасында неке бұзылған кезде жұбайлардың бiрi балаларға алимент төлеген жағдайда ғана тұрғын үй жәрдемақысы берiледi. Ал    алимент алудан бас тартқанда, сондай – ақ, себепсiз алимент төлемеген жағдайда ол отбасы тұрғын үй жәрдемақысын алу құқынан айырылады.

Тұрғын үй көмегінің әлеуметтiк нормасы.

          Пәтердiң көлемi жөнiнен норма әр адам басына 18 шарша метр, бiрақ өздерi тұратын үйдiң жалпы көлемiнен аспауы керек, ал жеке азаматтар үшiн бiр бөлмелi пәтердiң көлемi – яғни 30 шаршы метр.

Электр энергиясы.

          Газ плитамен жабдықталған үйлерде айына – 150 кВт.
          Электр плитасымен жабдықталған үйлерде айына – 250 кВт.
          Суық су, канализация ыстық су, қоқыс шығару антимонополиялық комитет бекiткен негiзгi тарифтермен белгiленедi.
Тұрғын үй көмегiн тағайындауға құжаттарын тапсыру үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға немесе тұрғылықты жерi бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы өтiнiш пен келесi құжаттарын (1 қосымша) ұсынады:
      1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
      3) азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;
      4) отбасы мүшелерiнiң табыстары жөнiндегi мәлiметтер;
      5) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот;
      9) отбасы мүшелерiнiң қызметi жөнiндегi мәлiметтер (еңбек кiтапшасы, жұмыс орнынан анықтама, еңбек шарты, жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органнан анықтама, салық басқармасынан алынған жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын тұлға ретiнде тiркелгендiгi немесе тiркелмегендiгi туралы анықтама, мүгедектiк тобын белгiлеу туралы анықтама әкеледi);
      10) өтiнiш берушiнiң отбасылық жағдайын растайтын құжат: некеге тұру немесе некенi бұзу куәлiгi, қайтыс болғаны жөнiндегi куәлiк, жетпiс жастан асқан жалғыз басты адамдарды есептемегенде, азаматтық хал актiлерiн жазбаларынан N 4 үлгiдегi анықтама;
      11) жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтарының жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама.
      Құжаттар тексеру үшiн түпнұсқа және көшiрме түрiнде ұсынылады, тексерiлгеннен кейiн түпнұсқалар өтiнiш иесiне қайтарылады, ал құжаттардың көшiрмесi жеке iске қоса ұсынылады.
          Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесiне отбасымен шарт шасалады. Шарт екi дана болып жасалады, оның бiреуi тұрғын үйдi жалдаушының қолында болады.            
   
Тұрғын үй көмегін алушы өзiнiң тұрғын үй меншiгiнiң түрi, отбасының құрамы және ортақ кiрiсi өзгерген жағдайда 10 күннiң iшiнде хабарлауға мiндеттi.
2014 жылы  1 желтоқсанына тұрғын үй көмегін  алуға – 65 отбасы өтiнiш жасады.  Оның iшiнде:
Тұрғын үй көмегі – 184 адамға тағайындалды. Әр  отбасына тұрғын үй көмегінің  тағайындалған орташа мөлшерi – 4297 тенге. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің  сомасы – 1297,6 мың тенге.
Тұрғын үй көмегін «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетеді, мекенжайы: 101100, Қарағанды облысы,  Приозерск қаласы, Балхаш көшесі 5, тел. 8(71039)54877, 53267 факс (71039)52108, электрондық поштаның мекенжайы: soc-prio@mail.ru
Жұмыс кестесі: сағат 9.00 бастап сағат 18.30 дейін, үзіліс  сағат 13.00 бастап сағат 14.30 дейін.
Мемлекеттік қызмет демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда күн сайын көрсетіледі.
Альтернативтік ретте мемлекеттік қызмет Приозерск филиалы «Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ арқылы көрсетіледі, мекен жайы: 101100, Приозерск қаласы, Балхаш көшесі, 7, тел. 8(71039)53657 электрондық поштаның мекенжайы: prio_tcon2@mail.ru
Жұмыс кестесі сағат 9.00 ден бастап 19.00 дейін, үзіліссіз.
Мемлекеттік қызмет жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда күн сайын көрсетіледі.


 


Дата редактирования: 22 Желтоқсан 2014

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.86
Евро 435.32
Рубль 6.12
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

21.10.2019
«Жастар жылы» аясында мүмкіндігі шектеулі және инклюзивті оқушылар арасында қалалық «Дойбы» жарысы туралы ақпарат
«Приозерск қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сі2019 жылдың 19 қазан күні «№2 ЖОББМ» КММ акт залында «Жастар жылы» аясында мүмкіндігі шектеулі және инклюзивті оқушылар арасында қалалық «Дойбы» жарысын ұйымдастырды.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика