ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс тобының 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Приозерск қаласы әкімінің 2015 жылдың 14 қыркүйегі күнгі  № 41Ө өкімімен инфляциялық процесстерді тежеу жөніндегі штаб және 6 жұмыс топтары құрылған болатын.
Өкімге сәйкес, апта сайын жұмыс тобымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізіліп отырады. Мониторинг барысында кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаны негізсіз көтермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Статистикалық мәліметке сәйкес 2015 жылдың 12 айын 2014 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда  әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік өнімдерінің 16 түріне баға 4,1 %-дан  35,4 %-ға дейін өскен.
Аталған азық-түлік өнімдерінің бағасының көтерілуі көтерме бағамен жеткізушілердің бағаны өсіруімен түсіндіріледі.
Осы мерзім аралығында әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік өнімдерінің 10 түріне  баға 6 %-дан  46,2 %-ға дейін төмендеген.
Қалған 7 азық-түлік өнімінің бағасы 2014 жылдың желтоқсан айының деңгейінде қалды.
Әр аптаның сәрсенбі күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің ортақ бағасы мен халыққа ақылы қызмет көрсету бағалары бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жолданып отырады.
2015 жылы әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік өнімдеріне  бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және бағалық келісімдерді болдырмау  мақсатында қала кәсіпкерлерімен 4 кездесу ұйымдастырылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 2015 жылы 33 кәсіпкермен және орталық базар иесімен маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын негіссіз көтермеу туралы меморандум жасалынды. 
Сауда орындарын жалға беру бағасын көтермеу мақсатында қаладағы жеке кәсіпкерлер Әбдімүтәліпов,  Балапанова және Коптуровпен меморандум жасалынды. Бүгінгі күнге сауда орындарын жалға беру бағасы өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз (базар аумағында 1 шаршы/метр – 20 теңге, Балапанова және Коптуровтың нысандарында 1 шаршы/метр-600-800 теңге).
Ай сайын инфляциялық процестерді тежеу жөніндегі штаб және жұмыс топтарының  отырысы болып тұрады. 

Облыстық тұрақтандыру қоры
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тежеу мақсатында облыстық тұрақтандыру қорынан 2015 жылы жалпы 16,4 тн көкөніс өнімдері, 18,3 тн бакалей өнімдері және 7000 литр күнбағыс майы жеткізілді.
Абай ауданына қарасты Көксу кентіндегі «Шанс» шаруа қожалығынан 12 тн картоп қалаға жеткізілді.
Жұмыртқаға бағаны тұрақтандыру мақсатында 2015 жылы қалаға 66 840 дана жұмыртқа жеткізілді.
Бірінші сұрыпты бидай ұнының бағасын тұрақтандыру
Бірінші сұрыпты бидай ұнының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстық тұрақтандыру қорынан 2015 жылдың 1 қаңтары мен 25 қыркүйегі аралығында 28,5 тонна 1 сұрыпты бидай ұны бөлінді. 
Жәрмеңке
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатымен 2015 жылдың 31 қаңтары мен 12 желтоқсаны аралығында нарықтық бағадан 15-20 %-ға төмен апта сайынғы 44 ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілді. Жәрмеңкеде келесі өнімдер сатылды:
Ет өнімі – 51,5 тн;
Көкөніс, жеміс-жидек өнімі – 464,8 тн;
Бакалей өнімі – 85,5 тн.
Жалпы өткізілген өнімнің көлемі  602,3 тоннаны құрады.   
Жәрмеңкеде қала тұрғындары көкөніс өнімдерін нарықтық бағадан 15-20 %-ға төмен бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында, ағымдағы жылдың 19 желтоқсаны күні Приозерск қаласының аумағында әлеуметтік дүкен ашылды. Аталған дүкенде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері нарықтық бағадан 15-20 %-ға төмен бағада сатылады.


Бөлім басшысы м.а.                                                                            А. Жүсіпов


 


Дата редактирования: 01 Наурыз 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.98
Евро 434.01
Рубль 6.10
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

18.10.2019
2019 жылдың 18 қазаны күні Приозерск қаласының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдары қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ерден Аманбайұлы Сағындықовтың қатысуымен, Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі, Алтай Нәсіпбекұлы Исатаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме семинар-кеңесі өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы  Ерден Аманбайұлы Сағындықов «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің алынып тасталуына байланысты, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын талап етілуін болдырмау жайлы түсінік берді.
Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика