ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

2015 жылдың 12 айына жұмыс тобының қызметі аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша ақпарат

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы, тұрғын үй көмегі тағайындалады.
2016 жылдың 1 қаңтар жағдайына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде кедейшілік шегінен төмен тұратын 15 аз қамтылған отбасы немесе 68 адам тіркелген. 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы аз қамтылғандардың саны 8 отбасына азайды (36 адам). Отбасының жиынтық табысының көбеюіне байланысты отбасылардың саны азайды. Төленетін жәрдемақылар мөлшерінің көбеюі, қоғамдық жұмыстарға қатысу  табыстың жоғарылауына мүмкіндік туғызады.
Жоғарыда аталған Заңдарға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 16 отбасы 72 адамға сомасы 941,6 мың теңгеге, 18 жасқа дейінгі балалары бар 57 отбасы 164 адамға сомасы 1589,0 мың теңгеге жәрдемақы төленді. Тұрғын үй көмегі 51 отбасы 136 адамға сомасы 1358,0 мың теңге тағайындалып төленді; тағайындалған көмек сомасы коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ететіндердің шотына аударылады, атап айтқанда: «ТҮҚҚБ» КМК, Балқаш ҚТТ «Қазақтелеком» АҚ, «Жезказган энергосбыт» ЖШС, «Қалқан-2009» ЖШС шоттарына. 
2016 жылдың 01.01. жағдайына 220 мүгедектер тіркелген, оның ішінде 26 мүгедек бала. Мүгедектер саны өткен жылмен салыстырғанда 4 адамға көбейді.
2015 жылы үйде қызмет көрсетумен 18 адам қамтылды, соның ішінде 9 мүгедек, оның 5 мүгедек балалар, 9 зейнеткерлер (1 ҰОСҚ).
Ағымдағы жылдың басынан техникалық қосымша оңалту құралдарын алу үшін ортопедиялық көмекті алу үшін 8 мүгедек, сурдо-тифло құралдарына 5 мүгедек, жөргектерге 1 мүгедек, жеке көмекші қызметіне 1 топтағы 3 мүгедек өтініш білдірді. Өткен жылдың есебінен 2 тифломагнитола, нашар көретіндерге 2 сағат, нашар еститіндерге 1 сағат, 1 таяқ, 1 диктофон, 3 кресло-арба, протезді-ортопедиялық құралдарды алу үшін 7 жолдама берілді.
Жыл басынан психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 3 мүгедек бала кеңес алды. Шығынын өтеу үшін 1 балаға тоқсан сайын 4 АЕК мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі, бір айда орташа мөлшері 2643 теңгені құрайды, 2015 жылдың 12 айына оларға сомасы 66,1 мың теңге төленді (қыркүйек айынан бастап 1 балаға өтелді).
2015 жылдың 12 айына 2 тыл еңбеккерлері, 2 көп балалы ана және 2 зейнеткерді Қарағанды қаласының медициналық-әлеуметтік мекемесіне, Бурабай қаласына санаторий-курорттық емделуге 7 мүгедек, «Березка» емдеу орталығына 1 мүгедек бала, «Балхаш» емдеу–сауықтыру кешеніне 3 мүгедек, 3 тыл еңбеккері, 5 зейнеткер демалуға жіберілді.
Приозерск қалалық мәслихатының шешімі мен әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасының негізінде жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау және әлеуметтік көмек көрсетіледі, үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың оқытуға жұмсаған шығындарын өтеуге, мүгедектерге техникалық қосымша оңалту  құралдары мен қызметтерді ұсыну; қарттар мен мүгедектерге үйден қызмет көрсету.
Өмірлік қиын жағдайға түскен азаматтарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен көмек көрсетілді: онко және құрт ауруымен ауыратын 35 адамға сомасы 682,9 мың теңге, сонымен қатар құрт ауруымен ауыратын 16 адамға әлеуметтік пакет сомасы 288,0 мың теңге; пробация қызметінің тіркеуінде тұрған 2 азаматқа сомасы 29,7 мың теңге; туысқандарының қайтыс болуына байланысты материалдық көмек 17 адамға сомасы 336,9 мың теңге; 4 ҰОС қатысушысына  телефон байланысының абоненттік төлемін және электроэнергия шығындарын төлеуге 77,0 мың теңге; мерекелік күндерге 1328 көп балалы отбасына, аз қамтылған отбасына, ҰОС қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне, оларға теңестірілгендерге, мүгедек балаларға, мүгедектер мен зейнеткерлерге сомасы 5678,0 мың теңге төленді.
Сонымен, 1433 әлеуметтік-осал азаматтарға жалпы сомасы 7505,0 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Қалада оралмандарды қолдау шараларын жоспарлы түрде өткізу мақсатында нақты жұмыстар атқарылады. 2016 жылдың 01.01. жағдайына қалада 130 оралман тұрады.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы аясында 2015 жылдың 12 айына 3-ші жолдама бойынша 14 оралман (Достық 7 мекенжайы бойынша 24 пәтерлі қалпына келтірілген тұрғын үйге 10 адам қоныстандырылды, Бағдарламадан тыс әлеуметтік жұмыс орындарына 4 қатысушы жұмысқа орналастырылды) бағдарламаның қатысушысы ретінде танылды. 2015 жылдың есепті кезеңінде аймақтық жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 9 оралман жұмыссыз ретінде тіркелуге өтініш білдірді, 8 жұмысқа орналастырылды.
2015 жылы оралмандарға: атаулы әлеуметтік көмек – 1 отбасы (1 адам) – 93,0 мың теңге, мемлекеттік бала жәрдемақы -1 отбасы (5 адам) -17,5 мың теңге, тұрғын үй көмегі төленген жоқ.
Халықтың әлеуметтік-осал топтарына әлеуметтік көмек алуға барлық жағдай жасалған және кеңестер беріледі.

ЖҚж/еӘББ басшысы             А.Ким
 


 


Дата редактирования: 01 Наурыз 2016

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.81
Евро 430.27
Рубль 6.06
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика