ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландыру


05.06.2018
«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» байқауының ережесі

2018 жылғы 5 шілдеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «АТАМЕКЕН» кіші бағдарламасы аясында  «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімінің қалалық  деңгейі өткізіледі.

Байқау қатысушысы Приозерск қаласы аумағында қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген және төмендегі өлшем шарттарға сәйкес келетін заңды, жеке тұлғалар бола алады: 

1)     өңір аумағында қайырымдылық, қоғамдық пайдалы және әлеуметтік  қызметтерді жүзеге асыру;

2)     қызметтің әлеуметтік бағыты;

3)     сыйлық номинацияларына сәйкес келуі;

4)     қажетті құжаттардың болуы.

Байқауға қатысу үшін осы Ережеге сәйкес қажетті құжаттар топтамасы мен өтінімді ұсыну негіз болып табылады.

Қатысуға өтінімді қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген заңды жеке тұлғалар, және сонымен қатар олармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсына алады.

Жеке және заңды тұлғалардың төмендегі қызметтері қарастырылмайды:

1)  коммерциялық табыс табуға;

2)   ғибадат ғимраттарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

3)   мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өткізуге демеушілік көмек көретуге бағытталған қызметтері қаралмайды.

 «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталады:

  1. «Жыл меценаты».  Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы  жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін.
  2. «Туған өлке».  Елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін. 
  3. «Жыл тұлғасы». Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін  (тек жеке тұлғалар үшін).
  4. «Жылдың үздік ұйымы». Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және/немесе қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушлік жасағаны үшін (тек заңды тұлғалар үшін).
  5. «Ерен еріктілік».  Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін.

Байқауға қатысуға арналған құжаттар топтамасы:

Жеке тұлға үшін:

1)         Байқауға қатысуға өтінім;

2)         Үміткердің фотосуреті (пішімі: 3х4, JPEG);

3)         Өмірбаяны;

4)         Жеке куәліктің көшірмесі;

5)         Жоба, қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметі туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;

6)         Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері).

Заңды тұлға үшін:

1)         Байқауға қатысуға өтінім;

2)         Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірмесі);

3)         Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызмет туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;

4)         Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері).

Өтінімдерді бастапқы сараптау (қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес, ұсынылатын құжаттардың толық болуы) және іріктеуді «Атамекен» кіші бағдарламасының іске асырылған жобалары негізінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.  

Байқауға қатысушылардың өтінімдері 2018 жылғы 11 маусым – 1 шілде  аралығында Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде келесі мекенжай бойынша қабылданады: Приозерск қ., Пушкин к., 9/2  үй. Байланыс телефондары: 8 (71039)53319, 53082. E-mail: prio_ovp@krg.gov.kz

                                                                                                                                      Ұйымдастыру комитеті

Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 336.39
Евро 390.28
Рубль 5.36
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»