ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландыру


18.11.2016
Приозерск қаласы әкімінің «Талап» құрмет грамотасын беру Ережесі

1. Приозерск қаласы әкімінің  «Талап-2016»  құрмет грамотасы (одан кейін – құрмет грамотасы) жастар қозғалысының дамуын ынталандыру, мемлекеттік  жастар  саясатын  жүзеге  асыру  мақсатында табысталады.
2. Сыйлық жастар арасында өзін мойындата білген, ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметіндегі жемісті еңбегі үшін облыстың 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтарға келесі номинация бойынша беріледі:
3. Алдыңғы жылдағы «Талап» құрмет грамотасына ие болған лауреаттарды қайта ұсыну жіберілмейді.
4. Конкурсқа құжаттарын қабылдау, сұрыптау, сыйлыққа ұсыну туралы талқылау мен қабылданған шешімді Приозерск қаласы әкімінің «Талап» жастар құрмет грамотасын беру жөніндегі комиссия іске асырады (одан кейін - комиссия).
5.  Құрмет грамотасының ізденісіне ұсынылатын үміткерлерді таныстыру Приозерск қаласының жастар қоғамдық бірлестіктерімен, ұйымдармен, мекемелермен,  шығармашылық және кәсіби одақтармен, жергілікті және басқа да мемлекеттік мекемелермен өндіріледі.
6. Құрмет грамотасына лайықты деп танылған тұлғаға Приозерск қаласы әкімінің «Талап 2016» құрмет грамотасы мен бағалы сыйлық табысталады.
7. Құрмет грамотасы  салтанатты жағдайда табысталады, марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылады.
8. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сай:
- үміткерлердің конкурсқа құжаттарын қабылдаумен және алдын-ала
марапаттау рәсімінің жұмыстарын қарастыру, сыйлықтың ізденісіне ұсынылатындарды іске асырады, олардың ұсынылу ретінің дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді;
- үміткерлерді іріктеп алуды іске реттейді, конкурсқа қатысуға рұқсаттың ұсынысын енгізеді, оларды ұсынған автор мен ұйымның атауын көрсетіп, рұқсат етілген жұмыстардың тізімін баспаға жариялайды;
- конкурсқа жіберілген үміткерлердің жұмыстарына шын түрде талқылауды ұйымдастырады;
-  құрмет грамотасын беру туралы шешімді қабылдайды;
-  лауреат сыйлығының дипломын ресімдейді;
9. Комиссияға үміткерлердің сыйлықтың ізденісіне ұсынылатын үміткерлерді алдын-ала қарастыратын сараптама топтары мен секцияларды ұйымдастыру құқығы беріледі;
10. Құрмет грамотасының ізденісіне ұсынылатын конкурстың жұмыстары мен үміткерлерді комиссия екі кезеңде қарастырады:
-1 кезең– құрмет грамотасының ізденісіне ұсынылатын конкурсқа іріктеуге ашық түрде дауыс беріледі, көпшілігі комиссия мүшелерінің дауыстары;
-2 кезең – құрмет грамотасына ұсыну туралы қабылданған шешім әр үміткерге ашық дауыс беру жеке түрде. Құрмет грамотасына ұсынатын үміткерге отырысқа қатысушылардың кем дегенде ¾ дауысы қажет. Жеңімпазды анықтау үшін комиссия мүшелері құрмет грамотасына ұсынылған үміткерден қосымша ақпараттар сұрауға құқылы.
11. Комиссия отырыстары және оның секциялары оның құрамының кем дегенде 2/3 болған жағдайда өкілдірек.
12. Комиссия 3 үміткерді анықтап, комиссия мүшелері оның ішінен ашық дауыс беру мен құрмет грамотасының иегерін анықтайды. Комиссияның шешімі хаттамаға енгізіліп, қала әкімінің бекітуіне жіберіледі. Сыйлықты ұсыну туралы комиссияның шешімі Приозерск қаласының әкімі бекіткеннен кейін ғана күшіне енеді.
13. Қала әкімі сыйлығына үміткерді іріктеудің белгілері:
Приозерск қаласының ұстаздары және балабақшаларының жас тәрбиелеушілері (кәсіби жетістіктер, педагогикалық қызметіндегі жаңартпашылдық компонентінің болуы, білім беру процесіне жаңа технологияларды ендіру немесе қолдану, ғылыми жұмыстар және басылымдардың болуы, белсенді азаматтық позиция, қоғамдық-пайдалы қызмет);
Халықаралық, қалалық (аймақаралық) сайыстардың жеңімпаздары, жас спортшылар (оқушылар спартакиадасы, жұмыс жасайтын жастар, сонымен қатар  универсиада,  чемпиондар және халықаралық, олимпиадалық және қосымша түрінен);
Приозерск қаласының жас мемлекеттік қызметкерлері (кәсіби жетістіктер, аумақтың мемлекеттік қызметінің дамуына үлесі, жоғары жұмыс қабілеттілігі және басқарушыларынан пікірлер, белсенді азаматтық позиция, қоғамдық-пайдалы қызмет);
Өнеркәсіп саласының қызметкерлері  (слесарь,  машинист,механизатор, қырнаушы, металлург және т.б., өз саласының дамуына қосқан үлесі, азаматтық белсенді көзқарас, қоғамдық пайдалы жұмыс.
Саясат, экономика, кәсіпкерлік қызмет, медицина, ауыл шаруашылығы және білім беру саласындағы жетекші қызметтің жас өкілдері (өз қызметі аясындағы өз әдістемелік нұсқаулар және патенттердің бар болуы, кәсіби жетістіктер, жетекші қызметтегі жұмыс өтілі, қоғамдық мойындау, өз қаласы мен жалпы аймақтың дамуына үлес қосу, облыстық, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысу, қызметтік тәжірибелік маңыздылығы);
Жас әскери қызметкерлері (кәсіби жетістіктер, аумақ пен елдің қарулы күштерінің дамуына үлес қосу, қоғамдық мойындау, әскерилер арасындағы әр түрлі әскери-спорттық жарыстарға және байқауларға қатысу, мінсіз әскери бедел, медальдардың, ордендердің болуы);
14. Конкурстық сұранымды рәсімдеудің талаптары:
1) Конкурсқа  қатысу  үшін  сұраным  нағыз  тәртіппен қарастырылған шарттары мен талаптары бар конкурсқа қатысуға ниет білдірген потенциалды қатысушы келісімінің айқындалған түрі болып табылады.
2) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткердің конкурсқа қатысу үшін сұранымы бірінші басшының қолы мен мөрімен расталған хатпен қатарласқан болуы керек (заңды тұлғалар үшін).
3) Нағыз Тәртіппен қарастырылған талаптар бұзылған кездегі конкурсқа қатысу үшін сұранымын тіркеу мен қабылдау мүмкін емес.
4) Конкурсқа қажетті құжаттар:
-түйіндеме; (баспа және электрондық нұсқада)
-үміткердің атына берілген қазақстандық және мемлекеттік үкіметтік емес мекеменің, мемлекеттік орган және мекеме, бизнес- құрылым, басқа да мекеменің мінездеме хаты ;
- 5 фотосурет: 1 – құжат үшін стандартты (3х4), 2 – «жұмыс барысында», 2 – «бос уақытында», фотосуреттер баспа және электрондық нұсқада (10*15), JPEG түрінде, 3000*2000 пиксель көлемінде ұсынылуы керек;
- «Мен неге «Дарын» сыйлығына лайықпын» тақырыбына эссе жазу керек. Көлемі 1 беттен аспауы керек, MSWord мәтінінде теріліп, әріпі Times New Roman, 14 кегль, аралығы 1,5 мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылса,  сонымен қатар лайықтылығын дәлелдейтін  (мақтау қағаздарының,  дипломдардың,  сертификаттардың,  лицензияның, патенттің көшірмесі, CD, DVD форматындағы фото және видео мәліметтер, БАҚ беттеріне немесе теледидарларда көрсетілген ақпараттар (мақаланың қимасы, газет-журналдардан жазба және олардың көшірмесі) электрондық БАҚ сілтемесі);
- «Неліктен мен Приозерск қаласы әкімінің «Талап» премиясына лайықтымын» атты тақырыбына бейнеролик түсіру. Видеороликке қойылатын талаптар: бейнероликтің ұзақтығы 4 минуттан аспауы шарт, бейнеролик үміткердің аталмыш номинацияға сәйкес жетістіктерін, номинацияға деген құлшынысын көрсету керек, бейнероликтер жоғары сапада түсіріліп, дискіге жазылып тапсырылуы қажет; қатысушылар тарапынан жарқын,  қызықты және креативті бейнероликтер күтіледі.
Конкурсқа қатысу үшін сұранымдар (файл папкада) 2016 жылдың 21 қарашасына дейін,  Достық көшесі 23, «Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, сағат 18-00 дейін қабылданады.
Анықтама телефондары:5-52-16,7-90-61. эл/пошта: zhastar.prio@mail.ru.

 

Кері қайту

Жіберу

Ауа райы

Валют курстары

Дауыс бер

Приозерск қаласы әкім аппаратының жаңалықтар сілтемесіне жазылу
ясно, атмосферное давление в пределах нормы, тихий ветер (1 м/с) дующий с юго-юго-запада. Приозер қ. сегодня в 18:00 ожидается +20°C, жауын-шашынсыз, слабый ветер.
Все курсы указанны в Казахской тенге
Доллар 389.59
Евро 429.06
Рубль 6.05
Қаланың қай мәселесі сізді толғандырады
Дауыс бер
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner
  • Banner Banner

Қала жаңалықтарыRSS

Облыстың жаңалықтарыRSS

Banner
© 2012 «Приозерск қаласы әкімі аппаратының ақпараттық порталы» ММ При использование материалов просим указывать источник
© 2012 Зерттеме және сүйеніш: Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика